Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (16-бөлім)

Қарасай-Қази · Айса Байтабынов нұсқасы · 2 мин оқу

Жолды едi қой Көк бөрте ат,
Төрт аяғы сом болат.
Жалғыз едi-ау хан Әдiл,
Екеуiңе—аманат!
Тар жерде, қарғам, қағыспа,
Атадан жалғыз демесең,
Ақ болат едi-ау Қобыланың,
Қарсысына барыспа,
Қош, аман,—деп жiбердi.

Әдiл кетiп қалған соң,
Үш күндiк жерге барған соң,
Ылия түстi көредi.
Шешесiне зарланып,
Еңіреп қоя бередi,
Еңірегенде не дедi:
—Айналайын, анам-ау,
Қалыппыз ғой қараң-ау.
Келерiн де бiлмеймiн,
Келмесiн де бiлмеймiн.
Жалғыз туған, анам-ау,
Көрген түсiм жаман-ау,
Айтайын, шеше, саған-ау.
Менiң көрген түсiмде,
Түнде көрген iсiмде
Құбыладан қалың дауыл қаптады-ай,
Бөтендi Құдай жақтады-ай.
Ұзын арқан таққанмын,
Жуан қазық қаққанмын,
Қазығым қалды омырылып,
Арқаным қалды үзiлiп.
Орда қалды жығылып,
Шаңырақ қалды бөлiнiп,
Саба қалды тiлiнiп,
Керегеге iлiнiп.
«Қарқара ма екен» деп едiм,
Басым жағы қара екен.
«Шарайна ма екен» деп едiм,
Бетiмдегi жара екен.
Көргенiмнен, мамеке-ай,
Көрмегенiм бар екен.
Осы жаудан келмейді,
Құлыным—жалғыз ағекем.
Кемпiр тұрып сөйледi:
—Сен де көрдің бiр түстi,
Мен де көрдiм бiр түстi,
Оңдырмады Алла бұл iстi.
Ар жақ пенен бер жаққа,
Қызғыш пенен тарғаққа
Екеуі сапар етеді.
Кешегі кеткен жаңғыздың
Соңынан қуып бармаққа.
Үлкен кiсi басшы алып,
Бiр баланы қосшы алып.
Құрақты көлдiң басында,
Қособаның қасында
Қарасын бiр әскердiң көредi.
Кемпiр толғай бередi:
—Жылқыда бар алалық,
Бетегелi далалық,
Мен барған соң артынан,
Ойына түсер балалық.
Мал шыдамас жауырға,
Шыдамайды адам бауырға.
«Көкекелеп» сен барсаң,
Қайтпас па екен ауылға?
Қарасын Ылия көредi,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Табанға кiрiп қара тас.
Әдiл де, сiрә, жоқ едi-ау,
Туысқан, тума, қарындас.
«Жалғызымдап!» бақырып,
«Көкекелеп!» шақырып,
Ылия келедi жүгiрiп,
Табаны тасқа ойылып,
Табанынан аққан қара қан,
Бес саусағы жуылып.
Сонда Ылия толғайды-ау:
—Ақ үйдегi арыстаным,
Боз үйдегi бостаным,
Сермеп салған құрығым,
Алтыннан соққан сырығым,
Атадан туған жалғызым,
Ақ үйдегi ажарым,
Ауылдағы базарым,
Көрген түсiм тым жаман,
Не қылып сенен қаламын?!
Сөздiң басы Құранды-ай,
Шығарған Құран бiр Алла-ай.
Жеке туған, хан Көке-ау,
Қазақ, ноғай ұранды-ай,
Кiндiктен жалғыз Көке-ау,
Кiмге тастап барасың
Байлық, хандық мұраңды-ау?!
Жүйрiгiм едiң тұмарлы-ау,
Сұңқарым едiң шынарлы-ау.
Елде жүрген базарым,
Сен едiң менiң ажарым,
Айдаһардай қажарым.
Көкеке-ау кетсең, келмейсiң,
Мен қасқаны құшақтап,
«Бауырым» деп сүймейсiң.
Ботасынан айрылған,
Сорлы әжем ақ інген,
Айқасып сәлем бермейсің.
Күмiсте жүген айшықты-ау,
Былтырғы құлын тай шықты-ау,
Сен кеткен соң мен қасқа,
Кiмге тұлға боламын,
Садақа қыл да, алып кет,
Мен құсаған қаншықты-ау!
Әдiл батыр көредi,
Еңiрей қоя бередi:
—Қайтейiн, сенi-ай, жалғыздық,
Түбiң қылдай деп едi.
Шықпай жатып ауылдан,
Өлгенде көрген, қарағым,
Неге бiз көрдiң, деп едi-ау.
Сарала туы салбырап,
Шашақтары жалбырап,
Астындағы Көкбөрте ат,
Асығып-ақ кеттi жауына,
Жетiп келдi жанына.
Қуарғыр Қази сөйледi:
—Атадан жалғыз бұ Қобылан,
Үйiнде қалды кiм?—дедi.
Қарындасы Аққолаң—
О да кiмнен кем едi?
Келе жатыр кiл жалғыз,
Тәуекел еткен ер,—дедi.
Қатарым болсаң, барарсың,
Қатын болсаң, қаларсың.
Әйелдi көрiп еңкiлдеп,
Тұла бойың селкiлдеп,
Нәсiлiң жаман адамсың.

Тағы оқыңыз