Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақ жұмбақтары шешуімен

Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 21-бет, барлығы 23 бет.

  1. Он аққу бір қапасқа қорғалаған, / Су ағып ортасынан сорғалаған. / Үстіне ақтан кілем жайып тастап, / Қоңыр қаз ортасында жорғалаған.
  2. Бес жігіт сапар шегіп шықты жолға, / Мінгені бесеуінің жалғыз жорға.
  3. Үш батыр қолдарына алды найза, / Су ішіп бір құдықтан етер пайда. / Бірінсіз бірі жұмыс ете алмайды, / Тарайды еңбектері талай жайға.
  4. Бес үйрек суда жүрер саныменен, / Қаршығам төңкерілер айнаменен. / Жұмбақты табар болсаң, ойланбай тап, / Бір аққу жолдас болған бәріменен.
  5. Бес кісі тәуекел деп түсті жолға, / Сенгені бесеуінің жалғыз жорға. / Басқаны сол жорғаның бітті болды, / Кетеді, қамшыласа, оң мен солға.
  6. Бір құс бар бұлбұл деген ұзын мұрын, / Сөйлесе, келтіреді сөздің нұрын, / Үстіне көкше мұздың жорғалаған, / Құс жоқта сөйлейтұғын одан бұрын.
  7. Ата тегі ағаштан болды, / Ақылын тауып, әсем жанды. / Теңіз беті шимайланды, / Бірақ ойым симай қалды.
  8. Ақтан қарасы бар, / Қарадан қоясы бар.
  9. Жер емес, көк емес, өзі ақ, / Үшеуі басында тұрады, / Біреуі жүргізеді, / Екеуі қарап тұрады, / Біреуі бұйырып тұрады.
  10. Бір жанды бір жансызға мінгеседі, / Жүгіріп әр жерлерден із кеседі. / Тоқтамай жолдан жолды іздеп жүріп, / Ойлаған бір орынға кездеседі.
  11. Ақ тақырда қара дән, / Қолмен сеуіп, сөзбен көр.
  12. Ақ тақырда қара тұқым себілген, / О тұқымнан білім дәні егілген.
  13. Ақ жерде қара тары, / Кім шашса, сол орады.
  14. Бөлінгенді табыстырады, / Біріктіріп қабыстырады. / Жымдастырады жігін, / Байқатпайды түгін.
  15. Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр, / Өзінің кіндігінен айналып жүр. / Өзіне назар салып қарасаңыз, / Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
  16. Жұқа тақтай бөлшегі, / Ұзындықтың өлшемі.
  17. Бір сирағы біз, / Бір сирағы салады із.
  18. Болғанда айналасы, түсі қара, / Ілулі көпшілікке тұрған жаңа. / Бірде бар, бірде жоқ боп құбылып тұр, / Ақылым жете алмай жүр бұған жаңа.
  19. Алыстан үйде отырып, алдым хабар, / Формалап әрбір жерді бояу жағар, / Айлықпен анда-санда барғай деп, / Тоқтамастан тана тағар.
  20. Аяғы жоқ жүреді, / Аузы жоқ сөйлейді.
  21. Бір мақұлық бар тілі жоқ, / Сөйлегенде міні жоқ.
  22. Әкеміз Ормамбет хан, біз немере, / Ойласаң, ойға түсер әрбір неме. / Адамға тілсіз, жайсыз сөйлеседі, / Қолы жоқ, аяғы жоқ ол немене?
  23. Келеді сапар тартып алуан жолдан, / Тамаша қызығы көп түспес қолдан. / Қызығын оқысаңыз тамашалап, / Қаласың хабарласып барлық жайдан.
  24. Үйіне мәңгі қайтпайтын, / Қонақтар түнде келеді. / Іздесе адам таппайтын / Жаңалық айтып беретін.
  25. Жансызға жиырма тоғыз болдым таныс, / Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс. / Жансыз тұрып, жандының себебімен, / Аяғын басады екен шәлкем шалыс.
  26. Бір сайдан жиырма тоғыз бұлақ ағар, / Адамдар ойы терең, билеп табар. / Құяды, оннан асса, көлге барып, / Аяғы көз жетпейтін дария болар.
  27. Сенде бар, менде бар, / Адамда жоқ. / Жанда бар, ханда бар, / Ғаламда жоқ. / Тиде бар, сыйда бар, / Харамда жоқ. / Шамға бардым, үшеуін көрдім, / Мысырға бардым, біреуі де жоқ. / Жалғаннан біреу, екеу, үшеу, / Төртеуін бір жерден көрген адам да жоқ.
  28. Бірін-бірі қоштаған, / Бір үйге жиналыпты, / Қырық екі дос жаран.
  29. Қырқада бар, қырда бар, / Айранда бар, сүтте жоқ. / Көп ойланбай кім табар, / Мұнда қиын түк те жоқ.
  30. Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды, / Азынаса, көмейінде мал жылайды. / Құйрығын қара жерге тіреп алып, / Келеді баяғының әнін салып.
  31. Тиіп кетсе, жылаған, / Даусы көпке ұнаған.
  32. Шапқан жоқ, туған жоқ, / Алдына алса, жырлайды.
  33. Бір жансыз мойнында бар екі құлақ, / Ойнайды дәл үстінде он шақты лақ. / Белінде сегіз белбеу, қолда екі арқан, / Қояды оны бұрап-бұрап. / Бар екен маңдайында жалғыз көзі, / Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
  34. Қос желі, үш жерінен қазығы бар, / Құбылған қоңыр желден азығы бар. / Желіні сабалайды дыңылдатып, / Байғұстың соншама не жазығы бар.
  35. Бойлаған сайын тереңге, / Шығасың биік белеңге.
  36. Білімнің дәнін тереді, / Балаға тәлім береді.
  37. Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған, / Әлемнің былық басқан бетін жуған. / Қор болмайды, өмірде кем болмайды, / Туа салып анадан соны қуған.
  38. Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы, / Бірлігінде бұлардың, ешкімнің жоқ таласы, / Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы.
  39. Бір патша, екі уәзір бек байланды, / Әрқашан он батырды жауға айдайды. / Құдыққа жіпсіз салып бір адамды, / Бесеуі шығаруға оңтайланды.
  40. Бір ат бар бесеу ара өзі жорға, / Саламын жорғалатып жолдан-жолға. / Найзамен қар үстіне суды құйып, / Адамға да бір түрлі берер пайда.
  41. Бір басты, екі тілді бір мақұлық, / Жүреді айдалада ырғатылып. / Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді, / Өзінің сөйлеспесе досы барып. / Жиһанда қанша ділмар болсаң дағы, / Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып. / Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып, / Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ, / Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық.
  42. Жер көрдім қаласы бар, / Үйлері жоқ мекендейтін. / Көл көрдім, өзен көрдім, / Сулары жоқ тереңдейтін.
  43. Дүниеде аты мәшһүр болған қымбат, / Ықшамды әдемілік сондай сымбат. / Мақсатың көңілдегі табылады, / Адамзат зор санайды етіп құрмет.
  44. Өрнектеп, сәндеп, / Тістерін бүгетін, / Солпысын жөндеп, / Кім көйлек тігетін?
  45. Оның тіккен бұйымы, / Аяғыңда қартайды. / Шыға қалса жұлымы, / Әдемілеп баптайды.
  46. Кішкене өзі, мың көзді.
  47. Тау-тау ақ қар, / Ерімейді ыстықта.
  48. Бір жансыз табылады адамзаттан, / Іні бар жырақ қана кіріп жатқан. / Арқасы інге кірсе көрінбейді, / Ғажайып іс табылар осы заттан.
  49. Жүзімен жарамын, / Шүйдесімен қағамын.
  50. Бар екен бір азырақ іште суы, / Бұл өзі бір талайдың екен қуы. / Бір-ақ қарыс темірді түртіп қойсаң, / Шығады ашуланып сыртқа буы.
  51. Ағаштан күйген ас жейді, / Шайнайды, қара тас жейді, / Адамның қолы тигенде, / Еңсеріле дем алып, / Кезек-кезек үрлейді.
  52. Қарынды, баста қылған, аяғы үш, / Зат бір, пошымдары не түрлі-түсті, / Қарнына таяқ тығып піспектесең, / Ысқырып күрілдейді қайнайды күш. / Осындай түсі суық мақұлық бар, / Ойланып ақылдылар жұмбағым шеш.
  53. Қырық кез оқ, / Қарағай садақ, / Бар белімде, / Қырық дуадақ / Бір арықтан су ішеді, / Ойлап тап бұл сөзімді қапелімде.
  54. Ізі бар қадамы жоқ аяғының, / Тимейді ұшы жерге таяғының. / Қос қолын хайуанға арта салып, / Салады әуезіне баяғының.
  55. Тұрса түйедей, / Жатса қояндай.
  56. Бір алып мыңды тартады, / Үстіне жүгін аямай артады.
  57. Қатар жатқан қос білек, / Үстінен өтер күш үдеп.
  58. Ауылдан ауылға асады, / Іргесін бірге қосады. / Жатыр ұзын көсіліп, / Белден әрмен жосылып.
  59. Қалмайды бір-бірінен, тағы озбайды, / Аяғын көз ілеспес ол қозғайды. / Үстіне не салсаң да тиеп алып, / Қара інген ботасы жоқ құр боздайды.
  60. Дүниеде бір жүйрік бар, / Жалғыз көзі жайнаған. / Мың кісі сансыз темірді, / Арқасына байлаған. / Дем алмастан бақырып, / Жердің жүзін шарлаған. / Тауды-тасты қопарып, / Мұрнынан лебі парлаған.
  61. Бұл жалғанда жаны бар, / Міндім қайық, / Көз көрімге кетеді болып ғайып.
  62. Атсыз, жансыз бір нәрсе жаяу жүрген, / Қарына неше жерден шоқпар ілген. / Әрі атсыз, әрі жансыз болса дағы, / Халықтың неше түрлі тілін білген.
  63. Топтанып келе жатыр қара қабан, / Ойлаған жерлеріне тынбай барған. / Аузынан қара көбік бұрқ-бұрқ шығып, / Болдырып шаршамайтын сондай хайуан.
  64. Келетін ғажайып бар әр тараптан, / Екпіні бір кем емес, атқан оқтан. / Үстінде неше түрлі нәрсесі бар, / Бу шығып құлағынан бұрқыратқан, / Ысқырып, ыңыранса азан-қазан, / Қос көзін маңдайында жылтыратқан.
  65. Бір алыпты мен көрдім, / Көрінгенді қармаған. / Болғанда екі қанат, отыз қолы, / Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы, / Бар екен алақандай аралшығы, / Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.
  66. Жақындаған нәрсенің, / Бірі өзгермей қалмаған, / Жегендері қайталап, / Ағып жатыр артынан, / Шыққандай-ақ қоймадан, / Кейін керек болар деп, / Асылын сақтап ойлаған.
  67. Бір құс бар өзі үлкен көп аяқты, / Қанаты, жүні әдемі салтанатты. / Адамды қиқу салып шақырады, / Қанатын су үстіне шылпылдатты.
  68. Бір хайуан зырлап ұшады екі аяқ, / Көлденең тірегені айқыш таяқ. / Екі қол-аяғында дабыл болмас, / Жүреді тілін білсең шапшаң жай-ақ.
  69. Судан шыққан тасбақа жалмаңдаған, / Тұмсығын қайқаңдатып сумаңдатқан. / Денесі болат темір сондай мықты, / Артқы жағы бұрқылдап сырдаңдаған.
  70. Су ішінде өрмек құрдым, / Ала жаздай ермек қылдым.
  71. Бір нәрсе бар дүниеде тұмсығы ұзын, / Әп-сәтте аралайды жердің жүзін. / Санап көрсем көп адам таниды екен, / Таптырмайтын десе де басқан ізін.
  72. Бір нәрсе әуенменен сөйлеп қатты, / Әуеден оның өзі керек тапты. / Сөйлесе маңызды сөз әңгімесі, / Қаратады аузына жамағатты.
  73. Бір нәрсе жіппен байлап қойған мықты, / Адаммен қатынасы сондай күшті. / Саңқылдап керек затқа хабар берер, / Бір жерін аңдаусызда басса жетті.
  74. Бір нәрсе қуыс-қуыс болған өзі, / Адамша естіледі айтқан сөзі, / Дауысы анық боп шыққанменен, / Көрінбес бас-аяғы, екі көзі.
  75. Қапасқа бір тотыны қойған байлап, / Отырар қысы-жазы соны жайлап. / Қасына тыңдаушылар жақын барса, / Жіберер қуанғаннан қатты айқайлап. / Өзіне әртүрлі құс келіп тұрар, / Бір шұқып тұмсығымен амандасып, / Айналып ақуалын көріп тұрар. / Бір сағат қарап тұрса ақыл ойлап, / Күйіне бар денесін толықтырар.
  76. Сырты шұбар әдемі келген сұлу, / Әңгіме күні-түні мәжіліс құру. / Қаз мойын көмекейі сақылдайды, / Жиын той көңілденген қызық-қызу.
  77. Болғанда екі құлақ, екі шелек, / Бітіпті ортасында шынар терек. / Теректің сабынан ба деп ойлаймын, / Тұрады жауын жауып, күн себелеп.
  78. Жансызды жалғыз аяқ зарлатады, / Аяғын бір көтеріп, бір салады. / Апырмай-ай, бұл не екенін біле алмадым, / Айында титімдей-ақ нәр татады.
  79. Жоғарыдан айдадым, / Белін жіппен байладым. / Сыпыра тақта астында, / Шалып, қағып ойнадым.
  80. Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ, / Мойыны жануардың бунақ-бунақ, / Айылын екі жерден мықтап тартып, / Кетеді, қамшы бассаң, зулап-зулап.
  81. Қос қазық екі жерден шынжыр арқан, / Сылдырап әр буыны үнін қосқан. / Он адам жолдас болып еңбек етсе, / Аралап он екі үйге қонақ болған.
  82. Екі құлақты, / Он екі аяқты.
  83. Тынбайды жылтыр мұзда екі жорға, / Екеуі құлай жаздап кейде зорға. / Кей уақыт зырлап келіп кілт сүрініп, / Болады құлағандай қазған орға. / Минутта тоғыз бекет аралайды, / Он жігіт қызмет етіп жүрген сонда.
  84. Базардан алып келген қара арғымақ, / Бітіпті төбесіне екі құлақ. / Белбеуін тоғыз жерден буынып ап, / Сөйлейді адамзаттан бұрынырақ.
  85. Екі құлақ, тоғыз жерден қолы бар, / Күні-түні төбелейді, / Маңдайының соры бар.
  86. Құлағы арғымақтың туу басында, / Тізгіні ершігімен бауырында. / Бар екен сегіз айыл денесінде, / Жігіттер, осы сөзге сенесіз бе.
  87. Тоғыз белбеу, қос жібек, / Екі мұрын, бір шүмек.
  88. Басы бар, денесі жоқ, бойы бір кез, / Табарсың, болсаң зерек, осыны тез. / Қозғасаң қос құлағын тігіп алып, / Тамаша әр тараптан айтады сөз.
  89. Төрт қазық, екі желі, тоғыз ноқат, / Сайрайды бұлбұл құсша адам соқса, / Шешенсіп адам барда тұрса дағы, / Байланар тартса тіл адам жоқта.
  90. Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта, / Сөйлейді шежіредей адам соқса. / Тағы да бір мінезі таңғажайып, / Еш уақыт сөйлемейді адам жоқта.
  91. Бұлбұлдың сегіз аяқ, бір басы бар, / Тең басқан сегіз жерден таңбасы бар. / Үстіне мініп алып жорғалатсаң, / Салатын әрбір түрлі жорғасы бар.
  92. Қарны қабақтай, / Бұты таяқтай. / Тиіп кетсең, жылайды, / Жыласа да, ұнайды.
  93. Тартылған екі арқаны ұзын бойға, / Сөйлеуге сондай шебер, тапсаң айла. / Әр жерде аршындалған балдағы бар, / Ойнайды он бармағың, білсе айла.
  94. Бір тұйғын, екі лашын, бір сандуғаш, / Жиылып жеті қонақ болыпты мәз. / Басында екі кептер қонып отыр, / Бәрінің ұялауы жалғыз ағаш.
  95. Мінгенім дайым менің бір арғымақ, / Бітіпті төбесіне екі құлақ. / Тартатын сегіз жерден бедері бар, / Кетеді қол тигенде қатты зырлап.
  96. Бір мақұлық бар екен тау жайлаған, / Басына адам бара ойбайлаған. / Екі бала үстіне мініп алып, / Қайда жиын, қайда той, той тойлаған.
  97. Бір ағаш, бір ағаштан жорға болды, / Оның да жорғалығы зорға болды. / Арқанмен бас аяғын байлап қойып, / Бір қарға соққылайды оңды-солға.
  98. Келемін жоғарыдан күймелемей, / Он жерден омырауды түймелей. / Сегіз қыз, сегіз жігіт ән салады, / Япыр-ай, не екенін білмедім-ай.
  99. Мойнына қатар-қатар түйме салдық, / Сегіз қыз, сегіз қызға қосылдырып, / Құбылтып неше түрлі күйге салдық.
  100. Базардан алып келген сары сандық, / Он жігіт зорға барып кілтін салдық. / Он жігіт кілтін салып қозғап көрсек, / Сөйлейді әлгі сандық дамбыр қағып.

Ауыз әдебиеті