Думанды шалқар көлдері-ай,
Еркін дала белдер-ай.
Қаздай қатар мыңғырып,
Тізіліп көшкен елдер-ай.
Сәкен Сейфуллин туралы
Сәкен Сейфуллин — қазақ ақыны, жазушысы, мемлекет қайраткері, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1920 жылдары Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болды. «Тар жол, тайғақ кешу» романы мен «Көкшетау» поэмасының авторы, 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.
Сәкен Сейфуллин: басқа нақыл сөздері
- Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты биік таулы жерлері бар. Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Меймандос, берекелі елдері бар.
- Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім, Тең құрбымен қағысып, ойнап жүргенім.
- Жылқы, қой, сиыр, түйелі, Сағындым Арқа — жерімді.
- Біздің бір үлкен кемшілігіміз — басқа жұрттан бұрын өзімізді «киргиз» дейміз. Біздің «Қызыл Қазақстан» журналы орысша «Красный Киргизстан» деп аталады. Егер де біздің қазақ бұл қатені түзетем десе, оп-оңай түзетіп әкетер еді...
- Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік.
- Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды.
- Халықтың қорлық көрген туын ұстап Әділдік жолын іздеп қуған едім.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады.
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Керек іс бозбалаға — талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
- Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы, Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
- Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы