Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (4-бөлім)

Қарасай-Қази · Жақсылық жырау нұсқасы · 2 мин оқу

Әлеукенiң жауына
Жаяу кеттiм демейiн.
Қарындасым Қымбатты
Атқа сатып мiнгенше,
Әлеукенiң жауына
Жаяу барып өлейiн.
Қарасай айтып жылады,
Қазиға атты тапсырып,
Қолына таяқ алады.
Екi етегiн түрiнiп,
Жолға түсiп жүгiрiп,
Жаяу кетiп барады.
Жүгiрiп шығып қыз Қымбат,
Бұған да көзiн салады.
Ағасын көрiп шыдамай,
Көзiнен жасы ағады,
Қазиға барып жылады.
—Қази аға, сен,—дедi,
Жыламайын мен,—дедi.
Көкем жаяу кетпесiн,
Күйдiрмесiн өкпесiн,
Қаратпасын өкшесiн,
Апарып аға бер,—дедi.
Қарасай жаяу кетпесiн,
Жаныма батып тұр едi.
Қибат жылап тұрғасын,
Қази атқа мiнедi.
Қарасайдың соңынан
Iнiсi қуып жөнелдi.
Iзiнен жетiп: «аға!»—деп,
Түсiп атын бередi.
Қарындасы ақ Қымбат
Көкшеден алған Қызыл ат
Қарекей мiнсiн,—деп едi.
Өз атыңды өзiңе,
Алып келдiм мiн,—дедi.
Жаяу жауға барғаның,
Бiзге болар сын,—дедi.

Мамайды iздеп,
Қарасайдың кеткен жерi.
Қызыл атты Қарасай
Мiнiп те алып жөнелдi.
Сол күндерi би Мамай
Отыз да ұлмен бiрлесiп,
Әлеукенiң қолымен
Атысып жатқан күн едi.
Атағы асқан би Мамай
Барған жауын ала алмай,
Қайтайын деп жүр едi.
Қызыл атпен Қарасай
Бiр жағынан орақтап,
Келе де жауға тиедi.
Жекеме-жеке келгенiн
Найзаменен түйредi.
Қаптай келе жатқанын
Алмасппенен сермедi.
Қырып-жойып Қарасай,
Жауын алып бередi.
Қарасайдың келгенiн,
Жауын жеңiп бергенiн
Атасы Мамай бiлмедi.
Қандай уәли болса да,
Жаңбыршы ұлы Толағыс
Қырған шығар сол дедi.
Жеңiлгенсiн жаулары,
Мамайдың көңiлi тынады,
Намаз оқып тұрады.
Би Мамайдың қасына
Қарасай жетiп келедi.
Келгенiнiң себебi—
Отыз ұлдың бастығы
Ысмайыл Тобаяқ
Сұмдығы асқан қу едi.
Атам Орақ батырды
Алмасын керiп өлтiрген
«Менiң жауым бұл»,—дедi.
Жауымменен бiр жүрген,
Атам болса қайтейiн?!
Отыз ұлды қосақтап,
Қырайын бәрiн мен дедi,
Дедi дағы, Қарасай
Суырып алып алмасын,
Мамайға қарсы жүгiрдi.
Атасына барғанша,
Буыны босап баланың,
Үш сүрiнiп жығылды.
Жығылып тұрып жүргенде,
Оны да Мамай көредi.
Қарасайдың келгенiн,
Жауын жеңiп бергенiн
Мамай сонда бiледi.
Өмiрiнде күлмеген,
Күлгенiн ешкiм көрмеген,
Баласын көрiп қуанып,
Көңiлi тынып жұбанып,
Сонда күлiп жiбердi.
Атасының күлгенiн
Қарасай сонда көредi.
Атасының айтқаны
Есiне ендi түседi.
Қайғылы Мамай атасын
Бiр күлдiрсiн дегенiн
Орындады баласы.
Би Мамайдың алдына
Қарасай жылап келедi.
Қол қусырып ата деп,
Иiлiп сәлем бередi.
Баласының қолын алады,
Тiлегi қабыл болады.
Шырағым, деп би Мамай
Құшақтады баланы.
Отыз ұлдың күнәсiн,
Шырағым, бер деп сұрады.
Отыз ұлдың күнәсiн,
Мамай сұрап алады.
Жолы болып би Мамай,
Елiне қайтып келедi,
Тiлегi қабыл болады.
Тозып кеткен көп ноғай
Қонысқа қайтып қонады.
Қызыл атты Көкше қарт
Қарасайдан алмады,
Атқа көзiн салмады.

Ендi Қарасай атасының тапсырған ендi бiр арманын бiтiрiп, Көкшеге қарындасын бермекшi болған едi, бiрақ Көкше алмады. Осыдан кейiн Қарасай атасының үшiншi арманын орындау үшiн талаптанады.

Қарасай-Қази

Барлығы: 180 жыр

Тағы оқыңыз