Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (22-бөлім)

Қарасай-Қази · Жақсылық жырау нұсқасы · 2 мин оқу

Алты арбасы мойнында,
Күнi-түнi азапта,
Жылай-жылай жетедi.
Амалы құрып Әдiлдiң,
Пiрi түстi есiне.
Бiр күнi зарлап жылады,
Тарыққанда ерлерге.
Келiп жәрдем бере гөр,
Ғайып ерен, қырық шiлтен,
Жетi пiрдiң iшiнде
Ақ шалмалы пiрiм бар,
Пiрiм етiң жәрдем-ай,
Сенен медет сұраймын,
Ендi не амал қылайын?!
Сүйретiп жүрмiн шынжырды,
Босатып қайтып шығайын?
Қол өткел бар қалымда,
Мұны қалай бұзайын.
Анамның айтқан бiр сөзi
Жаңа түстi ойыма.
Жетi пiрдiң iшiнде
Кеттi қуат күшiм-ай.
Қары бойы қат болды,
Әдiлдiң жазған сәлемi.
Қарасай-Қази жан достым,
Пенде болдым мен достым.
Бiр iздемей Әдiлдi
Неғып шыдап жатырсың?
Екi достым көп сәлем,
Тiсiм болды хат, қалам,
Қимылдарға жайым жоқ.
Қарасай-Қази досым-ай,
Дос болғаның осыма-ай.
Қызыл басқа тұтқын қып,
Сауда салдың басым-ай.
Жылағанда көл болды,
Көзден аққан жасым-ай.
Қарасай-Қази досым-ай,
Сендердi дос деп кiм айтар?!
Осындайда көрiнiп,
Бiр келмедiң қасыма-ай.
Екi достым сен едiң,
Ерiп шыққан мен едiм.
Жауға түсiп қалғанда
Алып шығар деп едiм.
Достым жауда қалды деп,
Бiр қайрылып келмедiң.
Келмесең де досым-ай,
Сендерден үмiт үзбедiм.
Үзбесем де досым-ай,
Менi iздемей жатқаның,
Ылайық па басың-ай?
Қызылбастың қолында
Алты арбаны сүйретiп,
Өгiздей өрге сүйреймiн.
Және дұғай көп сәлем,
Қырық сан қырым елiме,
Қаралы құрдас, теңiме.
Жететұғын күн қайда,
Туып өскен жерiме?!
Қарасай-Қази досым-ай,
Қызылбас ауыз бiрлеулi,
Күнi-түнi тергеулi.
Қимылдауға әлiм жоқ,
Екi қолым сiрiлеулi,
Мойныма шынжыр тағулы.
Жасауыл болып күнi-түнi,
Бiр қызылбас бағулы.
Аяғыма түн болса,
Тағы шынжыр тағулы.
Осындайда келмеген,
Досының жайын бiлмеген
Екi достым сендерге
Менiң кеулiм қалулы.
Маған жегiп арбаны,
Зорлап маған салдырды,
Сендер бұзған қаланы.
Қаланы салып болғасын,
Тiсiммен тезек тергiздi,
Тiрi азап көргiздi.
Шыбықтатып айдатып,
Бiр қызылбас мiнгiздi,
Далада күнде жүргiздi.
Тiсiммен тезек теремiн,
Алты арбаны сүйретiп,
Тезек терiп қойныма,
Қор болдым-ау, қайтейiн?
Ақ меруерттей тiсiм-ай,
Ең болмаса пiрлерiм,
Берсейшi аян түсiн-ай,
Қарасай-Қази батырға.
Заманым менiң тарылды,
Басымнан бақыт арылды.
Әдiл ғарiп балаңыз,
Пiрлер, сiзге жалынды.
Жылаған даусы баланың
Жетi кәмiл пiрiнiң
Құлағына келедi.
Қысылғанын Әдiлдiң
Ендi пiрi бiледi.
Жылап жүрген Әдiлдiң,
Бiр қара құс болды да,
Пiрi ұшып жөнедi.
Қанаты күмiс, мойны алтын,
Мысалы болды қара құс.
Кереметтi пiр болса,
Қара құстай болып ұш.
Бiр Құдайдың пәрменi,
Қанаты ұшып талмады.
Жерге түсiп қонады,
Әдiлге ұшып келедi.
Ұшып келген қасына
Қара құсты көредi.
Көре сөйлей бередi:
—Әдiрә қалғыр, Қаратау,
Болып тұрсың маған жау.
Бiр қарақұс үстiнен
Қиялап ұшып келедi.
Қолыма келiп қонсайшы,
Тiлегiм қабыл болсайшы.
Осы келген қарақұс,
Қасыма келiп қонсайшы.
Төс қалтамнан еңкейiп,
Алар едiм қаламды.
Тiсiмменен Қырымға
Жазар едiм саламды.
Жас Әдiл тұрып жылады,
Қарақұс емес пiрi едi.
Өзi ұшып келедi,
Пiрiнен жәрдем болады.

Қарасай-Қази

Барлығы: 180 жыр

Тағы оқыңыз