Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (5-бөлім)

Қарасай-Қази · Жақсылық жырау нұсқасы · 2 мин оқу

Атасының тапсырған
Үшеу едi арманы.
Оның бiтiп екеуi,
Бiреуiнiң қалғаны.
Осы қалған бiреуi
Қатты уайым салады.
Атасының арманын
Бiткере алмай жүргенде,
Құса болып сарғайып,
Қапа болып Қарасай,
Өңi де кетiп азады.
Баласының азғанын
Апасы көрiп жылады,
Iштегi кегiн қозғады:
—Ай, Қарасай, Қази шырағым,
Атадан жетiм қарағым,
Атаң кегiн алдың деп,
Жүрушi едiм қуанып,
Жылқының мiндiң пырағын.
Атаңның туын көтерiп,
Белiңе будың жарағын,
Жаудың бұзып қамалын.
Жеңiспен елге келгенде,
Тiрiлгендей көрiндi,
Өлген Орақ жұбайым.
Ажарыңа қарасам,
Осы күнде, шырағым,
Жүзiң неден солып жүр?
Қайғыға iшiм толып жүр,
Жары жасым кемiп жүр.
Кемiмей жасым не қылсын?!
Жүдеп кеттiң сарғайып,
Бiр күлмедiм ыржиып,
Мұнша жүдеп, қарағым,
Не қылмысың болып жүр?!
Осылай деп анасы,
Баласынан сұрады.
Мен Қарасай балаңмын,
Соған берсем жауапты,
Азып жүрген балаңды
Көрiп тұрсың апам-ай.
Азғанымның себебiн
Мен айтайын саған-ай.
Ақ сүт берген жан анам,
Құлақ салсаң сен маған,
Азуымның себебi—
Үш арманы бар екен
Өлген Орақ атамның,
Айтып едiң баяндап.
Үш арманның екеуiн
Бiтiрiп едiм тамам-ай.
Ендi қалған бiреуiн
Бiткере алмай жүргенге
Құса болып сарғайып,
Азып жүрмiн соған-ай.
Бiтпей жүрген арманы,
Қиғаштан биiк тау едi,
Қызылбасты жау едi.
Бiр арманы атамның
Тапсырып кеткен сол едi.
Менен туған ұл болса,
Ұл екенi шын болса,
Қызылбасқа барсын деп,
Тапсырып кеткен өзi екен.
Барайын десем жауына,
Мұсылман ер бармаған,
Ат тұяғын салмаған,
Сондай қиын жер екен.
Бармайын десем атамның
Бiтетiн емес арманы.
Қызылбас деген қиын жау
Аттану ауыр iс екен.
Алдырмайтын қаласын,
Қорғасаның елi екен.
Атамның айтқан арманын
Бiткермей жүрген себебiм,
Сол едi жан шешекем.
Сонда анасы сөйлейдi:
—Олай болса, жан балам,
Айтайын ақыл мен саған,
Құлағың сал сен маған.
Қызылбас деген мықты жау,
Қиғаш деген биiк тау,
Барсаң да оған өлесiң,
Бармасаң да өлесiң.
Түбiнде өлiм болғансын,
Онан дағы, шырағым,
Қызылбасқа барып өл.
Атаңның айтқан сөзiнен
Құтыларсың қарағым.
Менiң айтқан кеңесiм—
Барып өлсең, шырағым,
Мәз болар өлген Орағым.
Өлерiнде атаңнан
Қызылбас жауын сұрадым.
Сұрағанда айтайын,
Сондағы берген жауабын:
Қиғаш таудың биiгi
Аспанменен тiрескен,
Бұлтпен де күрескен.
Қанатты құс басына
Ұшып шыға алмас деп едi.
Аяқ жолын айтайын:
Асты тас та, үстi тас,
Жалғыз аяқ жолы бар,
Адам батып жүре алмас.
Кiре қойса тар жолға,
Екi адам қатар жүре алмас.
Қатты қиын жол екен,
Кiрген қайтып келе алмас.
Елi қандай деп едiм,
Он екi қоштам қызыл бас,
Есебiн адам бiле алмас.
Арымайтын жұмысқа
Өрiп жүрген құмырсқа.
«Жолы қанша?»—деп едiм,
«Алты айшылық»,—деп едi.
«Елі қанша?» деп едiм,
«Үш айшылық»,—деп едi.
Менiң балам Қарасай
Аттанар егер күн болса,
Қырық мың әскер алсын деп,
Қырық мыңға әскер жетпесе,
Алдырмайтын жау,—дедi.
Қырық мыңға қолы жетпесе,
Бармасын онда деп едi.
Ал ендi өзiң, шырағым,
Қызылбасқа аттанбай,
Тұрмассың әскер жинамай.
Жинасаң да қырық мыңға,
Сiрә, балам, толмассың.

Қарасай-Қази

Барлығы: 180 жыр

Тағы оқыңыз