Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құбығұл (28-бөлім)

Көне эпос · Н. Байғанин нұсқасы · 2 мин оқу

—Ақыл салма, ер, маған,
Қайтсең де өзің біл,—деді.
Ғайыптан көрдім бір түсті,
Ренжіп көңілім кірленді.
Тілегім берсең, түспеймін,
Өткен түнде түсімде
Жайын жұтып жүр,—деді.
Түсем десең бұл көлге,
Қайғылы менің заманым.
Таудай жайын мен көрдім
Құйрығын көлге сабаған.
—Қасыңда досың жүргенде
Еш қорықпа сен,—дейді,
Атың әйел нашарсың,
Қорыққаның нең,—дейді.
Құбығұл жарың қасыңда,
Жоқ нәрседен қорыққан,
Ақбілек, сенің нең?—дейді.
Көп қайырмай тілімді ал,
Шатырың тіге бер,—дейді.

—Тіл алмайтын заман жоқ,
Тіл алмасқа шарам жоқ,
Мен сендікпін, Құбығұл,
Көңілімде алаң жоқ.
Осы көлге сен түссең,
Ғашық жарың саған жоқ.
Түсте көріп қауышқан
Батыр досым маған жоқ.

—Ғашық болып қосылған
Ақбілек ару сен едің,
Тәуекел етіп бел буып,
Сені іздеген мен едім.
Атың әйел болған соң,
Сен ерліктен кем едің.
Асыл зат жерде қала алмас,
Жан жолдасым замандас.
Ерің тірі тұрғанда,
Ешкім көзін сала алмас.

Көрдің жайын қалмақтың,
Қабыртқалы қайсармын,
Айырып ешкім ала алмас
Қайыспайтын қайсармын.
Әйел болған себепті,
Уайым айтып қайтардың.
Мың болмақтан сан болсын,
Сан жетпейтін жебені
Қайсарып жауға тартамын.
Осы көлде жата бер,
Қарауыл салып алыстан,
Сыртыңнан бағып байқармын.

—Көп өтініп жыладым,
Жылап тілек сұрадым.
Осы көлге сен түссең,
Болмай ма деп қорқамын
Жолдастыққа тұрағым.
Қанша өтініп айтсам да,
Көнбесіңді сынадым.
Сапарың болсын оң,—деді,
Құтты болсын жол,—деді,
Көріскенше күн жақсы,
Досым, аман бол!—деді.

Садақты белге шалады,
Мылтықты қолға алады.
Аң жайлауы Қаратау
Батыр кетіп барады.
Киік пенен құланды
Сонда таудан қағады.
Батыр тауға кеткенде,
Бұлт торлап, жел соғып,
Сартылдап бұршақ жауады.
Шатырда жатқан сұлуды
Суда жатқан айдаһар
Лебімен тартып барады.
Қараңғы бұлт төнеді,
Құбығұл жоқ қасында,
Жеті басты жыланға
Қару қылсын кім енді?
Қаңбақтайын ұшырып,
Жылан жұтып жіберді.

Аңын атып қуанып,
Ақбілекке мақтанып,
Жайнатып қолға ту алып
Көлден атын суарып,
Көңілденіп желікті.
Көргенінше сағынып,
Қасына шатыр келіпті.
Ат үстінен Құбығұл:
«Ақбілегім, қайдасың?
Шық!»,—деп хабар беріпті.

Шатырдан шығар Білек жоқ,
Қуанатын жүрек жоқ,
Асық болып қосылған
Шын тілеген тілек жоқ.
Аттан түсіп қараса,
Өзі түгіл, сүйек жоқ.
—Мынау қалай болды,—деп,
Көңілге қайғы толды,—деп,
Қең дүнием тарылып,
Қараң күнім солды,—деп,
Ғашық болып қосылған
Аруым шандоз сен едің,
Сені іздеген ер едім,
Еңбек қылып қосылып,
Кызығың көрсем деп едім.
Ғайып болдың көзімнен,
Сүйенішті сұлу жар,
Сені қайдан көремін?!

Сүйенішті сұлу жар,
Бір көруге болдым зар,
Түспе десең, болмадым,
Ақырында болдым зар.
Түспе деп айтып өтіндің,
Бермедім саған ықтияр.
Айналам болды қараң-тар.
Қайғы түсіп басыма,
Қиындық бүгін болды тар.

Енді қайда барамын,
Іздеп қайдан табамын,
Сүйгенімнен айрылып,
Заманның көрдім қараңын.
Бас сапарым келісіп,
Оңдырмадың, Құдайым,
Бұл ісімнің аяғын.
Қорғаушы бабам сен едің,
Тарыққан күнде, тар жерде
Жәрдем берем деп едің,
Қайғы басты ұлыңды,
Тигіз, ата, себебің!

Тағы оқыңыз