Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құбығұл (20-бөлім)

Көне эпос · Н. Байғанин нұсқасы · 2 мин оқу

Сол қолынан батырдың
Қара күң ұстай алады,
Жетелеп кетіп барады.
Ғашық болған екі асыл
Жемісті сайдың бойында
Бірін-бірі табады.
Қыз ішінде Ақбілек
Ішіндегі шырағы.
Қасындағы қырық қыз
Қуанышпен тұрады.
Құшақтасып көрісіп,
Қуаныш кіріп көңілге
Қайғылы көңіл тынады.

Бірін-бірі ғашықтар
Амандасып көреді.
Көргенін жанға айтпасқа
Қасындағы қырық қыз
Серт, уәде береді.
Ортаға алып баршасы
Еш адамға көрсетпей,
Ақбілек жатқан күмісті үй
Құбығұлды алып келеді.
Ғашық болған жандарға
Күңнің тиген себебі,
Әзілдесіп, күлісіп,
Ғашық жарын сүйісіп,
Қосылған осы жер еді.

Еш адамға білдірмей,
Қырық күндей бағады,
Қызметі батырға
Қыздардың әбден жағады.
Ақбілек ақыл ойлады,
Ойламасқа болмады,
Ақылын тоқсан толғады.
Ешкім білмей тұрғанда
Кетейік деп ойлады.

—Ғашық жарым сен,—деді,
Ғашық болып қосылған,
Алған жарың мен,—деді.
«Ер игісі қос табар»
Сайран сәнмен жүргенде
Сезіп қалар ел,—деді.
Амандықта, саулықта,
Тілімді алсаң, жан досым,
Бұл шаһардан кетелік,
Қалмақты талақ етелік,
Қалмақ сезбей тұрғанда
Еліңе, досым, жетелік.

Ақылы артық, санаң бар,
Жалғызы кетіп қалмаққа,
Аңсап жүрген анаң бар.
Жалғызы кетіп қолынан,
Сағынып жүрген бабаң бар.
Жақсы бала қашанда
Ата менен ананың
Ауыр хақын тамамдар.
Сағынған ата-анаңыз,
Кеткеніңе көп болды
Ашылған көптен араңыз.
Ақылға салып қараңыз,
Тілімді алсаң, кетелік,
Еліне қалмақ білінбей
Теңгеліктен өтелік.
Қосылысқан достықта,
Қуаныш көңіл хоштықта
Ата-анаңа жетелік.

Жаман адам белгісі—
Бет алған жүрер жөніне.
Жақсы адамның белгісі—
Қорған болар еліне.
Енді жүрме, қосылдың
Ақбілек ғашық теңіңе.
Қызмет етіп көрейін
Ата-анамның төріне.

Жүремін десең, көңіл шат,
Екеумізге табылад
Мінуімізге тұлпар ат.
Жадыңа ұқ та, сөзім түй,
Сақтаулы тұрған сауыттан
Қалағаның таңдап ки,
Сыр білдірмей қалмаққа
Жүрер болсаң, жылдам жүр.
Ғашық болған жан досым,
Жолдасыңның бұлын біл.

Қосылдым сізге, көңілім жай,
Көп қайғыдан арылып,
Оңынан туды күн мен ай.
Тәуекел еткен адамға
Өзі жәрдем бір Құдай.
Оңғарған болсын әуелде,
Ашылар жарқын жүз, шырай.
Бес қарудың бәрі сай,
Көп айналып қалдың жай,
Ат пен тұлпар сайма-сай.
Бүгін түнде кетелік,
Теңгеліктен өтелік.
Көп айналсақ, мін шығар,
Халқыңа, [батыр], жетелік.

Құбығұл да қуанып,
Қайтуды мақұл көріпті.
Алған жары Ақбілек,
Досына берді ерікті,
Бір-біріне сеніпті.
Ақылды адам белгісі—
Алыстан ойлайды өрісті.

—Ақбілек, сөзің шын болды,
Қайтатұғын күн болды.
Ки дегенің сауытты,
Маған қиын сын болды.
Тұлпар берем дегенің,
Ер басыма мін болды.
Ғашық болған жан досым,
Осы сөз маған кір болды.
Ертең елге барғанда
Әзілдессең де, айтарсың,
Сауыт таңдап кигізіп,
Тұлпар атқа мінгізіп,
Бес қару тамам ілгізіп,
Артықтығым көрдің деп,
Асылдыққа сендің деп.
Қару-жарақ, тұлпар ат
Бәрін тауып бердім деп.
Жаяу жүріп қалмақта,
Арқамменен келдің деп.

Бетке соғып, досым-ай,
Әзілменен күлерсің.
Бүгін түннің ішінде-ақ
Алған ерің Құбығұл
Кім екенін білерсің.

Тағы оқыңыз