Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құбығұл (19-бөлім)

Көне эпос · Н. Байғанин нұсқасы · 2 мин оқу

Ақбілек назар салып тұр,
Әр уақытта түзеліп,
Әр уақытта ауып тұр.
Іші оттай өртеніп
Ғашық оты жанып тұр.
Қайғы, ғашық зарпынан
Өліп кетпей не ғып тұр.
Талықсиды әр уақ,
Қырық қыз сүйеп бағып тұр.

Қара күң сонда сөйледі:
—Ақылыңды байқасам,
Білікті заңғар баласың,
Шырағым, сөзің сынасам,
Өзге жаннан данасың.
Сымбатыңды сынасам,
Көргенім жоқ қалмақтан,
Патшадан туған баласың.
Шыныңды айтшы, шырағым,
Қай сапарға барасың?
Ажарыңа көз салсам,
Жайнап күндей жанасың,
Жөніңді білдір, шырағым,
Қай сапарға барасың?

Түрің қалмақ елі емес,
Шын айтпауың жөн емес,
Ханнан туған ханзада,
Байдан туған мырзаның
Бәрі саған тең емес.
Сымбатыңа түрің сай,
Өзге сендей ер емес.
Жөн сұраймын, шырағым,
Жөн айтпауың жөн емес.

Жаңа өспірім баласың,
Білікті бала данасың,
Қай сапарға барасың,
Айт сөзіңнің тазасын.
Шыныңды айт бізге, шырағым,
Сапарыңды сұрадым,
Қай жер сенің тұрағың?
Қай нәсілден боласың?
Хан баласы секілді
Көрінеді сияғың.
Патшадан туған баласың,
Өтірік айтпа, рас айт,
Қайда жүріп барасың?

Ханның қызы Ақбілек
Адал ниет, ақ жүрек.
Хан баласы секілді
Сіз де асыл ақсүйек.
Тілейтұғын бар тілек,
Ханның қызы ханшамен
Дидарласқан күн сүрек.
Бұлданба, балам, шыныңды айт,
Тілейтұғын бір тілек,
Уақытында кімде-кім
Қосылар күн бар сүрек.
—Қара күң, мұның жөн,—деді,
Руымды сұрасаң,
Орта ноғай ел,—деді.
Ұлы Еділдің басында
Біздің тұрмыс жер,—деді,
Уәли ханның жалғызы
Құбығұл деген мен,—деді.
Ұйықтап кетсем түсімде,
Ақбілек тыным бермеді,
«Хан баласы сен» деді,
«Ханның қызы мен» деді.
«Ғашық болдым түсімде,
Алыстан іздеп кел» деді.
Үстінде төсек қисайсам,
Осы қыз тыным бермеді.

Астыма мінген Құлаша
Ақбілек үшін мінгенмін.
Шығыршықты сауытты
Ақбілек үшін кигенмін.
Балдағы алтын ақ алмас
Ақбілек үшін ілгенмін.
Түсімде көріп Білекті,
Отына ғашық күйгенмін.
Сапардың несін сұрайсың,
Осы қыз үшін жүргенмін.
Ғашықтықты өткердім,
Машақатты көп көрдім,
Арада талай күн өтіп,
Мінген атым жүдетіп,
Ғашығыма жеткенмін.
Жападан жалғыз, жолдассыз,
Ақбілек үшін жеткенмін.
Ата менен анамды,
Қайырлы орда қаламды
Бұл үшін тастап кеткенмін.
Ғашық едім көргенше,
Қара күң, мені жеткердің.

Сонда Ақбілек сөйлейді:
—Өңім бе, менің түсім бе-ай,
Түсімде көріп ғашық боп,
Көріп едім қысымды-ай.
Өңім болса егерде,
Сүйіскен таптым тұсымды-ай.
Іздегенің мен болсам,
Ғашық ерім сен болсаң,
Мені іздеген ер болсаң,
Батыр, бермен келіңіз.
Бұлдана бермей досыңа
Қолыңның ұшын беріңіз.
Түсім болып кетпесе,
Қауышар бүгін кезіміз.
Ғашық дертпен қан жұттым,
Ғашықтың отын көріңіз.

Қауышатын күн шығар,
Қосылу бүгін шын шығар.
Кел де көріс, жан досым,
Аузымнан жауып от, жалын,
Лебімнен түтін, бу шығар.
Көріскенше, жан досым,
Не ғып біздің жан шыдар?!
Күні бұрын түс көріп
Болған жанмын ынтызар.
Қауышуға мен құмар,
Іздеп келген сен құмар.
Көріселік, жан досым,
Енді не ғып жан шыдар!

Тағы оқыңыз