Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Хикаят рисала Мұңлық, Зарлық (22-бөлім)

Көне эпос · Ж. Шайхысламұлы басылымы (Қазан, 1896) · 2 мин оқу

Әлқисса, анда Барын уәзір бұларды ажыратып, жылағанын тоқтатып, аттарына мінгізіп, жетелеп Зарлықтың ордасыға алады. Біреуі «атаң келді» деп Мұңлықтан барып сүйінші сұрайды. Мұңлық нар басы қылып оған тоғыз тарту сүйінші береді. Бірақ атасына көріспейді.

—Менің анамды көрсетсең көрісемін, болмаса көріспеймін, өлсе сүйегін, тірік болса өзін көрсет, көрмейінше мен сізді ата демеймін,—дейді.

Анда патша бұ сөзді естіп, бұл жерде тұрып болмас екен деп қырық жігітті, Зарлық пен Мұңлықты ертіп алып жеті қабат аралға барып, әр жерін қарап Қаншайымды табалмай жүреді.

Қаншайымның екі иті бұлардың іздеп жүргенін сезіп, Қаншайымның жаулығын тістеп алып қашады. Қаншайымның ойынға қапа болып, жылап айтқаны:

—Қой, құтырып өлгір, құтырма,
Ойының келіп отыр ма?!
Ойнарға аң таба алмай,
Енді ауызды салдың ба
Мен сияқты пақырға.

Сен де болдың сор маңлай,
Мен де болдым сор маңлай,
Жеті қабат аралда
Жатушы едің көңлің жай.
Көңілің сенің толғандай,
Мұнша неге құтырдың,
Мұратың хасыл болғандай.
Неге бүйтіп есірдің,
Мұңлық пенен Зарлығым
Екеуі келіп тұрғандай.

Көңілім болды көп қапа,
Тарттырды, Құдай, көп жапа.
Қарап тұрсам, жұлмалап,
Болғаның ба бейопа!
Бейопа бүйтіп болғаның,
Кемелге жетіп толғаның,
Тумасаң да екеуің
Туғандай болып қорғадың.

Тілекті Тәңірі берді ме,
Көзімнің жасын көрді ме,
Бүйтпеуші едің, күшігім,
Бір жақсылық келді ме?!
Қуандың мұнша, жарқыным,
Мұңлық, Зарлық перзентім
Екеуі менің келді ме?

Сонда күшік тасады,
Еркелеп аузын ашады.
Анасының жаулығын
Тістеп алып қашады.
Қуалап күшікті ұрмаққа,
Қаншайым қадам басады.
Күшікті тұра қуады,
Белді бекем буады.
Қорлаған Тәңір шағында,
Бұ да қорлап кетті деп,
Жаспен бетін жуады.
Сонда күшік қорқады,
Алдына түсіп жортады.

Кім көнбейді тарлыққа,
Жеткізгей Алла барлыққа.
Қашып барып екі ит
Қаншайымды апарды
Мұңлық пен Зарлыққа.
Қашып күшік тығылды,
Аяғына жығылды.
Шаншар ханның қасында,
Қаншайым мұны көреді,
Кеп тұрған бір ұл, бір қызы.

Қаншайым Хаққа жалынды,
Жүрегі оттай қабынды.
Мұңлық пенен Зарлықты
Көрмесе де таныды.

Жетіп келді Қаншайым,
Таныды Шаншар патшасын.
Қамқор анам келді деп,
Балалар салды айқайын.
Алды анасын ортаға,
Қаншайым күйіп барады.
Бұларды көріп Қаншайым
Есінен әбден танады.
Танғанының белгісі—
Ақылы кетіп қалады.
Тағы өзіне келеді,
Шаншар ханды көреді,
Қанатын жая береді.
Құшағын жайып Қаншайым
Құшақтаса береді.
Құшақтап тұрып патшаны
Ботадай боздап еңіреді.
—Дұшпандардың тілімен,
Шерменде болдым мен,—дейді.
Арманым жоқ өлсем де,
Көрсеттің есен сен,—дейді.

Сонда патша сөйлейді:
—Аманбысың, Қаншайым!
Басыңа гауһар шашайын,
Бұл іске енді сабыр ғып,
Қазына аузын ашайын.
Дұшпандық қылған залымның
Қанын судай шашайын,
Алпыс қатын, мыстанды
Өлтіріп мауқым басайын.

Қаншайымдай сұлуың
Ұлы мен қызын құшақтап,
Бетіне аузы жабысты,
Қабырғасы майысты.
Құдіреті кең Бір уа Бар,
Анасымен балалар
Қозыдай маңырап табысты.
Қайғылары кетісті,
Мұратына жетісті.
Амандасып көрісіп,
Бір-бірін түгел көрісті,
Көңілдері бітісті.

Көне эпос

Барлығы: 53 жыр

Тағы оқыңыз