Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Хикаят рисала Мұңлық, Зарлық (7-бөлім)

Көне эпос · Ж. Шайхысламұлы басылымы (Қазан, 1896) · 2 мин оқу

Енді күндерде бір күн Шаншар хан жігіттері бірлән Шөгірлінің тауына аң аулап шықты. Тау басында жалтырап жатқан нәрсе көрінді. Оны хан көріп, жігіттеріне:

—Біреуің барып біліңіз, не нәрсе екен,—дейді. Һешқайсысы бармайды. Анда Барынға:—Сен бар,—деді. Уәзір айтты:

—Әй, тақсыр, жолдасың Қаншайымды бір жалмауыз кемпірдің тіліменен өлімге жібердің. Емді біздерден тағы құтылғың келді ме, ол таудағы айдаһар, барсаң өзің бар, біздер қорқамыз, өлтірсеңіз де бармаймыз,—дейді.

Патша бұл сөзге ашуланып, өзі шауып кетті. Келсе алтын айдары бар бір бала ұйықтап жатыр екен. Патша баланы көріп атынан қарғып түсіп, баланы құшақтап алды. Бала ояна келіп қараса, біреу басып жатқанын көріп, шошып, атасын лақтырып жіберді. Патша түрегеліп және ұмтылып еді, бала садағын кезеп тұра қалады. Патша одан қорқып, үйіне келіп, қайғыланып жатып, тағына мінбей, жылап жатты. Патшаның айтқаны:

—Құдіреті күшті Құдай-а,
Тауға бердің баланы.
Таудан бала көргізіп,
Көңіліме салдың жараны.
Дүниеден өтсем осылай,
Қалады орным қараңғы.
Қайда барып төгермін
Ішімдегі сәнаны.
Менің балам болар ма
Мекен қылған даланы?
Рахматы мол Иләһым
Бүйтіп зарлап жүргенде,
Тау-тас құрлы көрмедің
Мендей ғаріп пендеңді.

Әлқисса, алпыс қатын бұ сөзді естіп, кемпірге келіп айтты:

—Ей, ана! Патшаға бір қайғы түсті. Даладан бір бала көріпті, һешкімге сырын айтпайды, сіз патшаға барып, көңілінің қам-құсасын кетіріп, бір ақыл айтыңыз,—дейді.

Сол уақытта мыстан кемпір келіп патшаға айтқаны:

—Айналайын падиша,
Мыстан анаң келіп тұр,
Отырып-дүр қасыңда.
Сенің үшін төгермін
Қан аралас жасымды.
Не қылады, келгенде,
Бір көтерсең басыңды.
Тауға да сен барасың,
Перінің көрдің баласын.
Көргенің сенің, падиша,
Перілердің баласы.
Жалаңаш-жалпы жүреді,
Қасына барсаң баланың,
Садақпенен тартады,
Оны неге білмейсің.
Жұртың арыз қылса да,
Орныңнан неге тұрмайсың?!
Пәре болып өлейін,
Тәкаппарлық қылдың ба,
Жетпіске келген жасыңда
Мойныңды маған бұрмайсың.

Әлқисса, патша орнынан тұрып, анам кереметпен білді деп, баяғы қалпында болып жүріп кетті.

Кемпір қатындарға келіп айтты:—Әй, қатындар, ол патшаның көргені Қаншайымның тапқан баласы,—дейді.

Анда қатындар және кемпірге жалынды:—Сол баланы өлтіріп келіңіз,— деп. Өлтірсеңіз бізден және тіллә алыңыз,— дейді.

Бұ сөзбенен кемпір баланы іздеп, Шөгірлінің тауына қарап бара жатып айтқаны:

—Талап әйлап шықтым жолдың шетіне,
Қадам бастым Шөгірлінің бетіне.
Құлақ салар адам бар ма, жарандар,
Айтқан менің бұл сықылды гәбіме.
Тұзын татып, өз ханыма
Дұшпандықты ойладым,
Күйе сүртер адам бар ма, жарандар,
Менің [бұл] екі бетіме.
Қайда барып оңармын,
Қаһарлансам, екі кісі
Ат-тонымен сияды
Мен сияқты антұрғанның к..іне.

Қу кемпір соны айтып тауды кезді,
Айтқызған Құдай оған осы сөзді.
Күнге қарап отырған шашын тарап,
Көреді бір жартаста Мұңлық қызды.

Сол күнде алты жасқа жеткен екен,
Аң аулап Зарлық бала кеткен екен.
Кемпірді көргеннен соң Мұңлық пақыр,
Қашып кіріп үңгірге жатқан екен.

Тағы оқыңыз