Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Хикаят рисала Мұңлық, Зарлық (2-бөлім)

Көне эпос · Ж. Шайхысламұлы басылымы (Қазан, 1896) · 2 мин оқу

—Ей, ботам, менің айғаным,
Айғаным ойлап қойғаным.
Әлі есімнен кетпейді
Шаншар ханның тойынан
Өлгенше менім тойғаным.
Жұрт сұлтаны Шаншар хан
Жұрттың бәрін жинады,
Жиып алып сыйлады.
Сыйлағаны құрысын,
Қасымдағы жалғызды
Берерге көзім қимады.

Кедей болдым жасымнан,
Кедейлік шіркін кетпеді
Жасымнан-ақ басымнан.
Баспақ толған мың тіллә,
Тілләсі құрсын, қайтейін,
Жалғызды көзім қимады
Берерге ұстап қасымнан.

Кедей болдым һәр кезде,
Кедейлік дәурен сүргізді.
Жар басына қондырып,
Жарты лашық тіккізіп,
Алпыс жасқа келгенде,
Қатынымды өлтіріп,
Қазан ұрған гүлдей ғып,
Бір тамырдан солдырды.
Ханы құрсын, қайтейін,
Қайтіп көзім қияды
Қасымдағы жалғызды.

Әлқисса, анда қыз атасының бұ сөзін естіп ойлады: «Мені хан айттырмақ болған екен, бұ атам маған естіргені екен, не де болса бұ әкемнің айтқанын қылайын» деп, далаға шығып тұрып қыздың атасына берген жауабы бұ-дүр:

—Айналайын, жан ата,
Ботаңның айтқан сөзіне
Құлағыңды сал, ата!
Ертерек ханға бар, ата,
Малыңды санап ал, ата,
Маған кепіл бол, ата.

Қайғырма, атам, беп-бекер,
Ажал келсе, өлерміз,
Қара жердің астында
Құрт-құмырсқа жеп кетер.

Қолғап кидім жең үшін,
Мен туғанмын сен үшін.
Жараса басым, сата бер,
Қайғырма, әке, мен үшін.
Алпыс қатын үстіне
Мені сатып барасың,
Ойбай, Тәңірі, қайтейін,
Тең құрбымнан кем үшін.

Әлқисса, шал ыңқылдағанын қойып, орнынан тұрып, қызына айтқаны:

—Айналайын, ботам-ай,
Қай сөзіңе нанайын,
От болып лаулап жанайын.
Қарағым, сенің малыңа
Қай түлік малды алайын?
Көлден-көлді қыдырып,
Бұтымды бұта сыдырып,
Ақсұңқарды қолға алып,
Аққуға салсам теңізде.
Қаршығама ілдірсем
Дуадақ құстай семізді.
Бұ теңіздің бойында,
Екі аяқ тары саларға,
Қырмандап тары аларға,
Алайын ба мал үшін
Қоңыр шолақ өгізді?
Баланың тауы қайтар-ды,
Қайдан білдің, жан балам,
Осы сөзді айтарды?

Жаяулықтан жоғалдым,
Алайын ба мал үшін
Торы шолақ байталды.
Құдай берсе бақ дәулет,
Жамаулы шекпен кимен-ді,
Артайын ауған жүгімді—
Халық ішінде қалқиып,
Шайламды артып жүруге,
Алайын ба мал үшін
Сары қоспақ інгенді?

Әлқисса, қызы Қаншайым айтты:—Ей, әке, мал алып не қыласың, бағып берер балаң жоқ, байлап қояр панаң жоқ, не болса да тіллә алып жамбасыңның астынан жеп жата бер,— дейді. Анда шал:—Қанша тіллә алайын,—деді. Қаншайым айтты:—Мына қалтаны толтырып алсаң, менің қалыңмалым бітер,—деді. Шал қараса, үш тіллә зорға сыйғандай. Шал ойлады: «Қызымды Құдай ұрған екен, тиетұғын байына бұрған екен, мұны қалай қыламын» деп, үш күн тоқтады. Ақыры бармақ болды. «Не қылайын бұ қызды, аз да болса қанағат қылайын» деп қалтаны қолына алып дарбазаға жетіп келсе, Барын уәзір отыр екен. Шал айтты:—Ей, Барын, менім бір қызым бар, бір ұл, бір қыз табады, соған кепіл боламын,—дейді. Анда Барын шалды қолынан жетеледі. Шал айтты:—Өзің барғыл, мына қалтаны ханға бергіл, осыны толтырып тіллә берсе болады,—дейді. Анда Барын уәзірдің патшаға келіп айтқаны:

Тағы оқыңыз