Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адам және оның дене мүшелері туралы жұмбақтар

Адам және оның дене мүшелері туралы жұмбақтар — 239 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 3-бет, барлығы 3 бет.

  1. Кішкентай ғана өзі бар, / Мыңнан да көп көзі бар.
  2. Ақ күшігім арбадан қарғып түсті.
  3. «Аң» десем атып түсер алтын асық, / Келмейді шақырсам да алыс қашып, / Түскен соң жерге барып бағасы жоқ, / Жүремін аяғыммен еркін басып.
  4. Айдалада ақ тотым, / Жүгіріп барсам жоқ тотым.
  5. Топ етті, дөңгеленді, / Ақ мамыққа бөленді.
  6. Топ етті, / Тонға оранды.
  7. Былқ-былқ, былқ семіз, / Сүйегі жоқ, нық семіз.
  8. Мысыр атты бір шаһар, / Ортасында қырық бұлақ. / Төскейден балық ұстадым, / Құралықсыз құр-құрлап.
  9. Көзге түсіп көріне жүрмейді, / Сүйтсе де бірден танып кідірмейді. / Күні-түні барады тынбай жүріп, / Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмейді.
  10. Сандығымның ішінде сақам бар, / Бүк екенін, шік екенін білмеймін.
  11. Бір нәрсе жатқан жері сондай берік, / Қорығын көреді екен бөліп-бөліп. / Ұйқыдан оянған соң тұра салып, / Кезеді адамзаттың соңына еріп.
  12. Омбыдан ояз келді теңбілменен, / Аяғын қадам басып бір жүрмеген. / Қанша адам құрметіне жүрсе дағы, / Болғанша уақтысы бір жүрмеген.
  13. Құлақ сал, бұл сөзіме, ау жамағат, / Бір күні елге келді көп жамағат. / Бір шақта халық ішіне өзі келді, / Жалаңаш, өзі жаяу бір азамат. / Көрді де бұл адамды, болды шатта, / Құрметтеп құп сыйлайды адамзат та, / Сүйегі жоқ екі қой азық беріп, / Мінгізді ол адамды жалғыз атқа.
  14. Дүниеде күйме көрдім төрт аяқты, / Дөңгелек екі басы ай сияқты. / Төрт есік мәткесі бар, уығы жоқ, / Үзік жоқ, туырлық жоқ, түндігі жоқ, / Құс төсек, мамық жастық, біреу жатыр, / Көңлі уайымсыз жай сияқты.
  15. Ақ қозы, / Құмалағы көп қозы.
  16. Ағай-ағай, ағай құс, / Аяғынан таңған құс. / Көгей-көгей құс, / Көкірегінен таңған құс.
  17. Бір өзі іштен шығады тіл білмеген, / Ақ отау тегін берді дүмбірлеген. / Бір күні жолға түсіп жүріп кетті, / Еш бұйым қалдырмады бүлдірмеген.
  18. Қырық жұма қараңғы үйде тұрдым, / Алты жұма ауырып жаттым, / Жиырма жұма мені байлады, / Бір жыл асылып тұрдым.
  19. Таңертең төрт аяқты, / Түсте екі аяқты, / Кешке қарай үш аяқты.
  20. Бақ-бақ бақасы, / Бақылдайды сақасы. / Екі торсық азығы, / Қақаңдайды қазығы.
  21. Сақырлаған шатыры, / Ішіндегі батыры. / Астында киіз қазығы, / Екі торсық азығы.
  22. Таудан құлан ұстадым, / Жүген-құрықсыз құр-құрлап.
  23. Бір атым Оралда, / Не қамым боранда.
  24. Шықтым далаға, / Қалдым балаңа. / Шықпас едім балаңа, / Қалмас едім балаңа.
  25. Көлдей, / Шөлдей.
  26. Ақ киік ауа жайлап шиыр қаққан, / Жігіттер, болса әр іс қадір хақтан. / Біреудің асыранды балапаны / Патша еді заманында атайды тақтан.
  27. Бір қыз бар дүниеде шынарланған, / Со қызға елдің бәрі құмарланған. / Бір адам, бір хайуан, бір жануар, / Ақыры сол қызды үшеуі алған.
  28. Бір нәрсе өзі кербез, өзі тыраш, / Жүреді жан-жағына салып құлаш. / Заласын қарындасқа тигізеді, / Пайдасы айдалада көген алаш.
  29. Ол не – дүр, кім жүз – дүр бармақты, / Сегіз аяқ астында дүр тұрмақты. / Бес бас, бес тәні, төрт жаны, / Не ғажайып – дүр, бесі барып, төрт қайтпақты.
  30. Ел ішінен келді, аты жоқ, / Ел оған ат берді жаны жоқ. / Соғымына екі қой берді, / Еті бар, сүйегі жоқ.
  31. Сақыр-сақыр сақасы, / Ішіндегі бақасы. / Екі торсық азығы, / Діңкілдейді қазығы.
  32. Табаққа түспес, / Қазанға піспес, / Оны ішпей адам өспес.
  33. Жаламада жалғыз тұяқ.
  34. Жайлаған бір көшеде отыз бөрі, / Он жігіт сол бөрінің қызметкері. / Сайраған ортасында жалғыз қызы, / Бүркейді оның бәрін екі тері.
  35. Оным отызға берді, / Отызым ылпыңға берді. / Ылпың жылпыңға берді / Жылпың жылжыта берді.
  36. Сәуле астында жүз ине.
  37. Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек, / Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек. / Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс, / Мал жемес, шауып алып неме керек. / Сол таудың ортасында екі өзен. / Астында бұлағы бар, алды кезең. / Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ, / Адамзат көргенің жоқ ондай өзен. / Сол таудың етегінде жалғыз құдық, / Беткейде асыл таспен аузын қиып, / Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас, / Асыл тас жібереді бәрін қиып.
  38. Бір таудың алпыс екі саласы бар, / Он екі жанында қаласы бар. / Бау-бақша, түрлі өсімдіктер, / Барлығын біліп тұрған анасы бар.
  39. Бір дария жерде де емес, көкте де емес, / Болғанда түбі терең, аузы кемеш, / Ішіне ит түссе де арам емес.

Ауыз әдебиеті