Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр туралы (26-бөлім)

Қобыланды · Е.Ешімов нұсқасы · 3 мин оқу

—Үш ұйықтаса түсіме
Кірмеген сөздер ер едің.
Ұйқыма дүзде жастықта
Үйдегі басың мен едім.
Дидарыңды көргенде,
Тамақ әкеп бергенде,
Шыңға қонған тұйғындай,
Қадірді білер деп едім.
Қарсы алдыңнан шыққанда,
Жолдасың менен құрдасың
Қарамандай батырға
Сауғаға батыр деп едім.

Қобыланды:

—Жасы бар адам көнер ме,
Біреуді біреу сатқанда.
Өзіңнің еркің өзіңде
Бітіруді сақтауға.
Неге хабар бермедің,
Адал болса кеуілің,
Шырылдатып Бурылға
Қараман шеге қаққанда?

Қарлыға:

—Қарасаң көзің қанағат,
Алмай ма батыр сымбатқа.
Ол араға күйдіріп,
Күнәға батпай сыр сақта.
Сіз болмасаң Қараман
Әкемнен маған қымбат па?

Қобыланды мен Көбікті қызы Қарлығаның таласулары осымен аяқталды.

Қобыландының Қараспанға бет алуы:

Шүу деді тозаң бұрқылдап
Сеңгірбайдың белінен.
Ұшқандай аққу шыңқылдап
Шемендінің көлінен.

Көбікті мінген көк тарлан
Жарысты тұлпар тегінен.
Бірінен-бірі басып озбай,
Ауыздықпенен алысты.
Уыз шөлде қара жоқ,
Қыз бенен жігіт жарысты.
Туған жерге бет алған,
Түзетті Бурыл шабысты.
Аршындап баурын жазады,
Үзеңгі қыз да қағысты.
Елге қайтқан бурыл ат
Берсін бе қолдан намысты.
Көз байлап ымырт болғанда,
Ылай уаққа қауышты.
Бұл жерден атты суарды,
Су ішкен соң қуанды.
Келатыр екен шөліркеп,
Тұлпарлар шаңды шығарды.
Ұшырмаған секілді
Тозаңы көктен шыбынды.
Қалың тоғай, көк майса,
Бір жерге бурыл жығылды.
Кетті ме деп зорығып,
Аттан басқа қара жоқ,
Қобыланды ер тұрды торығып.
Қою түн тастай қараңғы,
Жерді сипап қарайды.
Жаңылмайды екен адал мал,
От пенен су азығын.
Таныған екен Тайбурыл
Көп байланған қазығын.
Өзі жауға кеткенде
Жолбарыс Қобылан жолда екен.
Қымбатты тіккен қыз Құртқа,
Ақ отаудың орны екен.

Қобыландының Қарлығаға айтқан сөзі:

—Жатқан екен жануар
Қазығына келіп тез.
Нашар да болсаң, Қарлыға,
Аз ғана бізден тыңда сөз.

Кеткен екен жау алып,
Байқадым қыпшақ елімді.
Өзімнің басым сау болса,
Жібермеймін кегімді.
Басыма жаудан келед деп,
Ойламаймын өлімді.
Осы жерде дем алып,
Байқайын ертең жөнімді.
Қайран әкем ардақты
Тұр екен кімнің қолында,
Сақалы алтын, мұрты жез.
Жарып алған Бурыл
Көк биенің құлыны.
Түтікпенен өсірген
Құртқа елдің сұлуы.
Мен барда жауға қор болмас
Аз қыпшақтың руы.
Жолды болсаң, тон болар,
Байтақ жерге ел қонар.
Енді адал жолдас бол,
Өлмесе Құртқам, кез болар.
Осы араға қонды деп,
Өз тілегім болды деп,
Бөле көрме көңілді
Жаудан басқа бөтенге.
Ұрмаймын әзір зейілді,
Екі көзі мөлдіреп,
Қайда жүр біздің сұлу жар.
Боялсын қанға көк найза,
Көп садақпен қылыштар.
Тілегенім күн-түн жау,
Осы араны жадыңа ал.
Енді маған керексіз,
Қарғадай шулап қияттар.
Тыныштықты сақтасаң,
Қараманға қайта бар.
Мені сүйсең шынымен,
Мытыныңа бұршақ сал.

Сонда қыздан жауап:

—Тек жігерге ер емес,
Өз тұрпатым кем емес,
Сенімен бірдей көрейін,
Қан қайнаса төбелес.
Әкемді сізге өлтіртіп,
Қалуым кейін жол емес.
Қапқа тыққан борықтай
Қараман маған тең емес.
Ісімнің осы ыңғасы,
Атағым, әттең, ұрғашы.
Ердім саған еремін,
Сарала қанға былғашы.
Іштен тұрып сыр айтпай,
Қызға Қобыландының жауабы:
—Мені жұртқа тастатып,
Бурыл атқа ақсатып,
Көп қиятпенен кеткенде
Жібіместей мұз қатып,
Үш ай тоқсан өкпемде.
Мен де өттім, сен де өт,
Ол.. кептерге.
Жарайсың!—деп сұлудың
Арқасына қағады.
Мені сансыз сандалтқан
Жалғыздықтың жаманы.
Жалғыздықтан мінім жоқ,
Кешірдім, сендім өзіңе,
Осыдан басқа шыным жоқ.
Қақпақ жаурын бота көз,
Құртқаны жаудан босатпай,
Енді маған тыным жоқ.
Қыз да болсаң жарайсың,
Бір боламыз соғыста.
Серіктігіңе арман жоқ,
Жылқышы Қамбар қолдаса,
Екеумізге мұқайтын
Бурыл мен тарлан жоқ.

Қобыланды

Барлығы: 307 жыр

Тағы оқыңыз