Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр туралы (18-бөлім)

Қобыланды · Е.Ешімов нұсқасы · 2 мин оқу

Адал бақан көтертіп, абырой шаңырақ,
Кемпір көйлек, шал шапан, жігітке ат,
Әр бір түрлі китпенен байрақтасты,
Сый алысты сыпатты, тоймаған жан қалмады.

Бата қылды көп халық ризалық жай,
Кең пейілдің кенішін сүйген батыр.
Қараманда тойға-той жайлап жатыр.
Тоқтарбайдың еткенін істейсің деп,
Қызыл тұмсық бөрілер зорлап жатыр.
Ел егесі еміренген кеуілге шат,
Кімге қонса, сонда бар құрметті бақ.
Торы тұлпарға шаптырып боз байталды,
Ат бақпаққа қыз Құртқа міндетке алды.
Боз байтал отыз беске толған жасы,
Миуаның мархаматпен ықыласы.
Күн өтті мезгіл жетті қонды бағы,
Келмейді кәріліктен тууға әлі.

Сөйлейді Қобыланды ерге қымбатты жар:
—Бірі боз, бірі торы жадыңызға ал.
Елеулі ерге толы ат шығарып,
Берем деп айтып қойған міндетім бар.
Қанатты құстан жүйрік алтын құйрық,
Ішінде еркек бурыл құлыны бар,
Осыны сүт емізбей жетім бағам,
Алып берсін, бар болса еп-септі адам.

Қоблекең жан-жағына хабар салды,
Түп-түгел шаруалар хабарланды.
Ертеден осы малмен бір жасаған,
Естеміс дейтін епті адам барды.
Жылқыны сырттан реп қылышпенен,
Құлынды күні жеткен жарып алды.
Түтіккен бір оңаша жайға салып,
Қыз Құртқа жетім құлынды бағуға алды.

Өзінен бөтен адам бармайтын боп,
Жолдасы Қобыланды ердің антын алды.
Сын астын, сансыз салмақ, бітім мүше,
Талпынған құлынына көп қуанды.

Жент, жеміс, дәрі-дәрмақ, мінсіз миуа,
Бәрін де беріп жатыр сыйлап малды.
Көрсетіп көрікіне құлын жаста,
Батырдан жабағыға сыйлық алды.

Сол кезде Қараманды бір жын ұрып,
Есітті қай-қайдағы хабарларды.
Төгілмес төркіні мол қызылбастан,
Бір хабар Қараманға келіп қалды.

Тобылғы меңсіз торы жылқыда құр,
Ауылда саяхатта батырда жүр.
Жабайы бөтен жылқы көтермейді,
Қолайсыз қорғасындай Қоблекең дүр.

Арнаулы алпамсадай біткен дене,
Бар деді қызық қандай әлденеме.
Қиуаның қырын тартқан шамасында,
Ер қазан Мүсірептің баласында.
Бар деді бірден өлген бес жүз тұлпар,
Осыған қай кезде де батыр...

Қинайды туған ерді шамалары,
Өзіне қымбат ақтың берген бағы.
Қалмақтың қасиетті жолбарысы,
Басында некеленген алты жары.

Дейтұғын қара қала, сырлы қала,
Өзінің мойнағында екі шәрі.
Осыған құмар еді көп дұшпаны,
Серпілмей сілкілесіп талай қайтқан,
Бар еді талай зәбір қылғандары.
Қазанға оқ өтпейді, әл жетпейді,
Осы еді кәзіргі елдің сөз қылғаны.

Пендеге тойымдықты Құдай берсін,
Мінекей, осы хабар Қараманға,
Біреуден тигеннен соң батты жанға,
Төгілмес туған ерден беттің ары,
Қараман Қобыланды ерді шақырады.

—Қобыланды ер, сөзге құлақ сал,
Қолдың кірі жиған мал.
Өзімізше көркейді,
Келін жұмсап кемпір-шал.
Бірте-бірте жігітке
Шашылған қайрат қосылар.
Енді тыным таппайық,
Еміреніп шықсақ екеуміз
Олжа болмас несі бар.
Біздің үшін жиналған
Қызылбаста тегін мал.
Айнымасаң ақылдан,
Шерекет көп батырдан.
Шығалмайтын болмасаң,
Билігің келіп қатыннан.
Үлкен тұзақ оралған,
Безбесең жолдас-жораңнан.
Қайратымды байқадың,
Ойын шығар орамнан.
Менің ойым барғандай,
Сендегі батыр хал қандай?
Бар ма, жоқ па әліңіз,
Қатыннан билік алғандай.

Тағы оқыңыз