Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр туралы (11-бөлім)

Қобыланды · Е.Ешімов нұсқасы · 2 мин оқу

Арада осыменен үш жыл жетті,
Шығарып кемеменен рұқсат етті.
Қоштасып судан шығып нағашыға,
Сау болсам тұңғыш перзент шығарғанда.
Қауышып дидарласам сізбен депті,
«Қош, қош!» деп осыменен Қобылан бала
Түнерген түлейлі елге сапар шекті.

Тор тұлпар көрсетеді бар зейнетті,
Өнермен бөкен жүріс әсерлетті.
Әкесі жиырма үш күн жүріп еді,
Қобылекең бесінде елге сәлемдесті.

Он жаста Қобыланды мен Қараманның ойнар тойы

Қобыланды атқа кетті дегеннен соң,
Қинапты қияттарда әрбір бекті.
Баптапты Қараман да бір қызыл көкті,
Ас пен той аракідік болса елде,
Бәйгіні Қобыланды үшін халық күтті.

Шақырып қанша пенде палуан десе,
Қараман меһеннің бәрін жықты.
Қос тарлан қолайлаған қос жолбарыс
Халыққа көрсетті өнер қызғылықты.

Бұл дыбыс алды ерді, жарды жерді,
Сол кезде он екіге батыр келді.
Бір күні ер Қараман аулында еді,
Қоблекең әкесіне етті шерді:

—Ау, әке, ағайыным кім, туысым кім,
Бағдарын байқайсыз ба жұмысымның.
Былтырғы болған үйшік төбелесте,
Хабары не себепті сыбысыңның?
Сіз мені тумай жатып неге шаттың,
Бар болса қалыңдығым, қайда саттың?
Қазақтан сыпсыңдаған өсек шықты,
Оны сіз сыбыс бермей қалай жаптың?
Екеуміз оңашада сырласалық,
Білдірші маған соны ақиқат шын.
—Мен айтсам ауыр мұңым толық, балам,
Кез болдың алпыс сегіз жаста маған.
Қаңғырып ел мен жерден безіп барып,
Кешегі түрікпеннен кездесті анаң.
Сені туып саялаған жарық өмір,
Әр күнгі көз алдымда тұрған маған.
Ой тапқан ойнақшыған албырттық жас,
Сексенге серпіңкіреп кетіп барам.

Елің көп үлгіретін басың болса,
Туысқаның көп қыпшақ асық болса.
Қарасыз болады деп ойламаймын,
Өзімше шаһуатым асыл болса.

Туғаннан Көбентайым артық саған,
Басында бір жетім бала еді келген маған.
Сен жоқта осы болды менің балам,
Атасын үйсін дейді ұлы бабаң.
Неше рет сансыз қолмен жау келгенде,
Етіме дақ салған жоқ, нансаң, балам.

Мен дағы батырлық қып көріп едім,
Қырық бесте сапарды шегіп едім.
Елудің екеуіне шыққан жылы,
Соғысып қызыл ермен көріп едім.

Әйелі қарсақ өңді, тұйғын қанды,
Біреуді тартуға алып келіп едім.
Ері Еңсеп, Көклан дейтін жары,
Келгесін аспаздықты беріп едім.

Дүнияға сен келген жыл ол да туып,
Өзіне ұқсас бір қыз көріп едім.
Құртсын деп жұрт ынтығын Құртқа қойып,
Мен соны саған қалың беріп едім.

Келгенде екі жасқа ебін тауып,
Алшағыр көп қиятты кетті шауып.
Өтініп бата алмады маған нұрлы,
Қайтар деп сүйегімді өкім қылды.

Ер болса іздеп өзі табар ау деп,
Сонда әкең сүрегіне шүкір қылды.
Аудармай аузыма алған ақ таубамды,
Қайтарып қайтып бердім осы құлды.

Мінекей, аяқталды менің сырым,
Өзің біл, Құдай біледі енді, ұлым.
Қияттан қиқарсыз сада сақтана көр,
Зәбірім таңдайымда тартқан шырын.
Таласып Қараспанға қапылғанда,
Аңдатты арамдықтың сансыз түрін.
Дегенде қалың қият түршіккен ет,
Сүймейді көз алдымда әлі бүгін.

—Қой, әке, ілгергіні айтпа маған,
Сау болсаң ажырыңның бәрін де алам.
Кәзіргі қызылбастың талабын айт,
Іздесем келініңді қайдан табам?

Тағы оқыңыз