Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр туралы (10-бөлім)

Қобыланды · Е.Ешімов нұсқасы · 2 мин оқу

Шыққан жыл осы балалар екі жасқа,
Жетіпті қыз хабары қызылбасқа.
Есітіп бұл хабарды шыдау қиын,
Ар болды Ағанас пен Тоғанасқа.
Өсіріп рахатын көрейік деп,
Меншіктеп қолымыздан берейік деп.
Аттанды төрт жүз қолмен ашуланып,
Шашылған елді жинап келейік деп.

Ойда жоқ бейқам жатқан қарақыпшақ,
Қансығы Мансұр ердің кеткен тұтап.
Жұлдызбен жолы сұйық таласқандай,
Қол қойды кең жайылымға Қараспандай.

Тоқтарбай қайратымен қорғады елді,
Көп соққы бұларға да қолдан берді.
Ақырында адаммын деп жалынғансын,
Еңсепті қолға беріп қоя берді.

Барқадар ойлағанға есіңізге ал,
Бағулы бір жолбарыс қолымда бар.
Айттырып соның қойған қалыңдығы,
Ер жетсе өзі іздеп тауып алар.

Құртқаның өзі әдемі, өңі қанық,
Бояуын көрген пенде естен танып.
Сол кезде қырық жетіге келген кезі,
Қырық құлаш ұзындығы айдан анық.

Осыны бөтен ерге бермеймін деп,
Қойыпты үш жасында қарғы тағып.
Көнбеске Еңсеп ердің лажы жоқ,
Қалғасын ортасына қапыл барып.
Толғасын алты жасқа алпамсадай,
Қобыланға бейне бітті ел қорқарлық.

Сол кезде шығып еді алты жасқа,
Өзгеден біткен сұлпы сондай басқа.
Балалық ойын деген ойында жоқ,
Ашылмайд ұйқы деген ауыр баста.
Қайтыста одан көрі топтан ірі,
Қараман жігіт болды дәл құрдаста.

Күрессе, Қобыландыны күнде жықты,
Мұнда көп түлкі тәсіл өнер мықты.
Халықтың өтінішімен хал-пәлі жоқ,
Балалардан асық ойнар өнер шықты.

Бір күні ыңғасы кеп төбелесіп,
Қобылекем жұмсап қолы жұдырықты.
Біреудің еміренген «індәлдәсін»,
Шын болып ойын түбі ұрып жықты.

«Жесірін жауға кеткен неге іздемейді,
Жетпегір жексұрын»,—деп күңкіл шықты.
«Бұл қалай болған іс?» деп сұрап еді,
Әкесі сыр айтпайтын түйді дықты.
Сол кезде бала кеулін алдайын деп,
Аналық ойлап тапты бір қылықты.

Төркіндеп барып қайтпақ Жансұлтанға,
Ананың арманы көп, амал бар ма.
Балаға жанға өлшейтін бір ат керек,
Аналық жақсы біледі ханның жайын,
Хандарда жабы тұлпар бәрі дайын.
Арманы Аналықтың Топжарғанда,
Топжарған жеке тұлпар Жансұлтанда.
Дүрегеп су тұлпардай қажыр артық,
Тау тұлпар анасынан туған балқып.

Сол кезде он үш жасқа келген кезі,
Осыны жас балаға мінгізбекке,
Анасы құмар еді сондай тезі.
«Төркіндеп сыбағаға осыны алсам,
Қор болмас қайран төлім еді» деді.

Атасы, анасы өзін мақұл көрді,
Арада бес жыл өтіп тартқан белді.
Жасатып он кісілік кеме соғып,
Кеткесін қатын-бала Тоқтар да ерді.
Баяғы көрген жерді көзден жазбай,
Көреді алпыс күнде түрікпенді.
Саялап нағашысы бұны баулып,
Үш жылға алып қалды Қобыланды ерді.

Алты мың, алты жүз де он төрт ділда,
Баяғы Мүсірепке санап берді.
Тұқымы Топжарғанның тобыл торы,
Шыққанда бес жасына алып берді.

Қарғытып қал-палы жоқ тау мен тасқа,
Шаптырып кейде қылыш аудармасқа.
Үш жылдай күн менен түн дамыл көрмей,
Үйретті бар өнерін Қобылан жасқа.

Тигізбей алтын басқа қылыш тартып,
Екеуі бөрік шабысты таңырқатып.
Бөріктің төбесінен сілтегенде,
Қозғалмай орнында қалуы шарт.

Тағы оқыңыз