Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр туралы (4-бөлім)

Қобыланды · Е.Ешімов нұсқасы · 2 мин оқу

—Көптен қалған мен өзім Көбентаймын,
Жетімдіктің жасымнан себін жайдым.
Ақмай беріп, салдырған мамық төсек,
Міне, бүгін ұлымын Тоқтарбайдың.

Он төрт жаста малшыға шабақтаттың,
Алты жылдай Насырдың қойын бақтым.
Осы қойшы ұқпайтын ақымақ деп,
Қорасынан Насырдың аластаттың.
Оңғаным ба, Сайын-ау, оңбадым ба,
Басып алып тоқымға салақтаттым.

Оңды жерге оңалтып енді шығам,
Қит еткенде қиятты қырып тұрам.
Немереңнің некесін өзіңіз қи,
Ақбибіні, бұйырса, қатын қылам.

Осымен осы аяқталады. Енді Тоқтарбайдың перзент туралы толғауы:

Тоқтарбай сәрсенбі күн түс көріпті,
Түсінде абзал тоты құс көріпті.
Қоныпты бір тоты құс маржан таққан,
.............................................................
Көз қанбас маржанында құмары бар,
Тоқтарбай құсқа емес перзентке зар.
Ер сүйгіш, елді жиғыш, өзі мырза,
Тұмарда көзі түсті тұрған нұрға.
Айтыпты осы нұрда бағасы көп:
«Аянба алыс жолға барасың,—деп.
Өзіңіз өз жылқыңды үш айналып өт,
Талапты бір тұлпарды табасың,—деп.
Мекені алты теңіз арасында,
Шәһері ымадаттың қаласында.
Жаумітте түрікменнің тұтқан қаны,
Жансұлтан жасы елудің шамасында.
Қызы бар ата-ананың он төрт жаста,
Соны сен бұйрық болса аласың,—деп.
Көресің бір ұл, бір қыз одан перзент,
Көңліңнің сол бітіред жарасын»,—деп.

Қуанып Тоқтар кеуілін тойғызыпты,
Халқына тұра сала той қылыпты.
«Ханымды өзімізге қайтып бер» деп,
Қияттан Үбжар деген палуан шықты.

Денені Құдай берген аямай-ақ,
Көбентай жігіт еді қалың қабақ:
—Уа, Тоқа, кешегі күн қайта туды,–
Деді де, шешінді де белін буды.
Бурадай бір-біріне қабағы мас,
Шешінді екеуі де тыр жалаңаш.
Шарт та шұрт шартылдатып салды қолды,
Аса алмай бір-бірінен қинап жанды.
Бүркіттей қызыл топшы қиғаштанған,
Төгілді мұрынынан дірдектеп қан.

Айқайлап ақырғанда тісті қайрап,
Қызарды Көбентайдың көзі жайнап.
Ақ пейіл, ықыласың, адал көңілің,
Шапақат етер ме екен «Тоқтарбайлап».
Еш дауа болмайды екен қайратты ерге,
Көтеріп Үбжарды алып ұрды жерге.
Сол жерде ұрды кетті, жан да кетті,
Орнады ауыр қайғы Сайын ерге.

Бұл өлең осымен аяқтала тұрсын, енді жолаушыларға ораламыз.

Тоқтарбайдың әңгімесі:

—Құлақ сал, көрік егесі Көбентайым,
Көп шектім жалғыздықтың зәбір жайын.
Өзіңе мал да аманат, жан да аманат,
Көргенше тұрса жаның сау-саламат.
Өзіме тәжірибе боп көрген түсім,
Мен безем мал мен жаннан перзент үшін.

Сол жерде жазым болып кетсе жаным,
Тапсырдым аманатқа түгел бәрін.
Көріп тұр көз жеткенше кәзір мені,
Орныма еге қылдым, Көбен, сені.
Мен сені есер, ерке етіп едім,
Кездескен сен ғайыптан жетім едің.
Кез болып өлер таяқ қамаған жау,
Басыма айналғанда бітпейтін дау.
Сен маған тумам ісін етіп едің,
Есіңе сақтап едің ар мен ұят,
Көріне менің жауым қалың қият.

Сайынға өз көзімше азаттық бер,
Жолыма кесел болар тұтқындағы ер.
Тағы да иттік қылып кесе тұрса,
Тәуекел, не де болса көзіңмен көр.
Кәзіргі ағам да сен, інім де сен,
Қош, Көбен, өз қолыңнан ұлықсат бер.

Тағы оқыңыз