Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр туралы (2-бөлім)

Қобыланды · Е.Ешімов нұсқасы · 4 мин оқу

Есітіп бұл хабарды, елдің жайын,
Қуанды қатар-құрбы, енді Сайын:
—Не жетпей өз басыма жатыр менің,
Қыпшақтың шақырайын Тоқтарбайын.
Жас иіс кемпірімнен қандай екен,
Көз көріп беташарын мен байқайын.
Шығыңдар қайымдалып қалай құйрық,
Бұл тойға жаратыңдар елу жүйрік.
Адамға сыр бермейтін жайың болсын,
Бір соққа бір-бір дойыр дайын болсын.
Өзімнен ым қаққанда бірің қалма,
Ертерек осы бастан түгел қамда.
Ішінде Көбентайдай бір құлы бар,
Осыны бір былғаңдар қызыл қанға.

Тоқтарбайды шақыруға жіберген Қасымның хабары:

—Ассалаумағалайкүм, ел ағасы, қолды бер,
Игілі болсын, құтты болсын құсыңыз.
Еміреніп сүйіп ер перзент,
Орындалсын күшіңіз.
Мені сізге жіберген,
Ер Сайын деген кісіңіз.
Сүйеді екен татуды,
Замандас екен ақылды.
Сіз қуансаң, қуанып,
Сізді тойға шақырды.
Елу жүйрік таратып,
Елу жігіт қалатып,
Жарыңызды ала барыңыз.
Аунасаң жетер орда бар,
Он сегіз баққан жорға бар.
Білекті палуан онда бар,
Ат мүшесі қолда бар.
Сынақты мерген ататын
Алтын қабақ сын да бар.
Аударыспақ, көкбөрі—
Айтуында бұл да бар.

Тоқтарбай нарядтарын жинап алып айтқан әңгімесі:

—Жігіттер, жеке тудым асыл тектен,
Жалғыздық, қайғы кетпейт көкіректен.
Туғандай бір кісіден дәурен сүріп,
Ағаңмын ортаңдағы еркелеткен.

Жаратып, жақсы бапта аттарыңды,
Білмеймін не керек боп жатқанымды.
Менімен жиырма жастан қарсы еді,
Сүймейтін Сайын менің мақтанымды.
Тез жетер жеңіл қару бойда болсын,
Болыңдар, туысқандар, сақтанулы.
Жорғадан шабдар шығар айдан анық,
Соқпаса бауырынан жалғыз қазық.

Жүйріктің уайым жоқ сапарынан,
Бұйырса, төрт көк шығар қатарынан.
Шабдарды Көбентайдың өзі мінсін,
Көрікті үлкен көкті қарына ілсін.
Бәрің де екі-екі аттан меншіктеп ал,
Мен—қарақшы, көпшілік, сенікі мал.

Тәуекел, қорыққанмен енді қайда,
Пайда жоқ уайымнан белді байла.
Шомылып шыға алмаймын терең ойдан,
Сенімсіз, қаупім мықты осы тойдан.

Құралды сайман, сабалы нарларменен алпыс жігіт Сайынның шығарған отрядтарымен қабақта Тоқтарбайды қарсы алды. Түлкідей түлеген Тоқтарбай бәрімен қол алысты. Жыртыңдап келген Сайын Тоқтарбайдан тым сұраса түсті. Тобықтай толық, түймедей құрдас бола қойды. Он кісіден бір үй берілді. Орналасқан адамдар түсе қалды. Кең иықты, келбетті, қара торы әйел қыр мұрынды, бидай өңді келіншектің шелегін алды. Келіншекке қарап, әйелдің айтқан сөзі: «Уай, шіркін-ай, бала тапқыш, нан тапқыш болсаң болар еді. Ширатылмаған шүйкелер көп-ау. Құтты моряк бол»,—деді (Осымен ұсақ әңгімелер аяқталды). Шақырылған кісілерге сыйтабақ таратылды. Тоқтарбайдың алдына келген бас табақты Сайын қағып алып, оң құлағын өзі асай салып, сол құлағын бір балаға берді.

—Е, Тоқа, бас сыбағаң толық. Құлақ ұстар балаңыздың жоғы да анық шығар,—деді де, табақты тартып жүре берді. Көбентайдың төңкере қараған ала көзі Сайынның өкпесінен өтпегенмен жақындап қалды. «Шыдамды ер жарақатты білдірмейді» деген сияқты, Сайын оны білдірген жоқ.—Ал той басталды. Палуаныңыз шықсын дегендей,—деп көтеріңкі Көбентай,—бол, Қазихан!—деді. «Жарайды»,—деп Қазихан да шешіне берді. Омырауы есіктей, балтыры бесіктей, басы жалпақ, шекесі жалпақ сары жігіт жалақтап ортаға түсті. Шынашақтай жіп-жіңішке Қазтай да алдына бара қойды. Шаппа ұстасты. Қазтай сары жігіттің емшектігіне басы жетер-жетпестей болды. Үйіріп екі-үш толғап, торсықтай сары жігітті салып-ақ жіберді. Торс-торс томпылдаған келдек бытыр-бытыр қуырған бидайдай қамшы осы жерде болып қалды. Күндей күркіреген даусыменен шабдар жорға мінген Көбентайдың көрінген әңгімесі:—Жалғызға Құдай жақ, жарайсың, Сайын, жібер. Бала бермеген Құдайға кінә қылуға болмайды, ендігі әңгіме сілтелген оңды-солды білекте болсын,—деді. Ақсұңқар құстай шүйліккен Көбентайдың екі беті оңды-солды көрінеді. Шаң тимей жүрген Сайын қияттың он жігіті табанда қаза тапты, отыз жігіті жаралы болды. Ойнап шыға келген Көбентайға Тоқтар: «Жарайсың, Көбентай, өзімнен туғанда да осындай-ақ болуы керек. Өлісін құнға, тірісін айыпқа менің малым жетеді. Терең жерде қымбат ерден қойныңды қоштандырармын, бала. Енді өзіңнің бастарын қанатқан, еттерін жаралаған жолдастарыңды жөнде»,—деді де, қамшыны үйіріп Тоқтар шеткері шыға бастады. Тоқтардың соңына елден келген елу жігіттен даңғыз шыққан сұлпын көріп, қияттардың көңілі пәс болды. «Қараспанның тауы иә сенікі, иә менікі, көрермін, қубас»,—деді Сайын. Сыпырылып, жылжыған күймедегі сәулетті келіншек сәнді көшпен ығыса берді. Сайын өліктерді қоюға, жарақаттарды күтуге тәртіп берді. Тоқтарбайдың тойдан қайтқаны осымен аяқтала берсін. Апырмай, осы қубасты қайтара алмай өтеміз бе? Осыған бір тіршілік жасайық. Қыпшақтардың ішінде осындай дәуір қаншығы жоқ па? Қадірімбет дегеннің Қаншатай деген қызы бар, дәл он бесте. Соны алуға қандай жігіттердің жүрегі жарайды?—деді Сайын.— Ат, қару, азық қамтемесіз. Жарамды он жігіт қасыма ерсе, Үмбетиярды жіберсем деймін, дегенде,—Болат бүгін Мадиярды тауып алып, Қазанбай көкті, ақ табан керді, Ерман сұрды жүген ұстатыңыздар. Он кісінің қанына Көбентайдың қаны тұратын болсын. Жарайды, соған бата қылыңыз,—деді Насыр.—Ұрлықтан жиған малдарым жоқ еді. Жолдарың болсын, аулақ бар,—дейді Сайын. Сонымен жылқышы жылқыны іздеп кетті. Сайынның ортаншы баласы Ілиястың әйелі Қазия қыпшақтың қызы еді. Тез баланы шақырып алып: шапан тігіп қоямын, барып тез хабар етіңіз. Бала немен барамын. Тоқымды дайындап тұр да, ақ байталды мін де, жүре бер,—деді. Елдің алды ұйқыға, арты ұйқыға бет алғанда ақ байталмен хабар келді.

Тағы оқыңыз