Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр туралы (15-бөлім)

Қобыланды · Е.Ешімов нұсқасы · 2 мин оқу

Кемпірдің қазақша айтқан әңгімесін
Аудармай ер Қараман қағып алды.
Жағалап кемпірге де ептеп келді,
Ыржиып кемпірге де сәлем берді.

—Ау, шеше, құлағың сал, сәлем бердік,
Сау-саламат барсыз ба,
Аңғарымды анажан.
Кемпір іздеп біз шықтық,
Қараспан дейтін саладан.
Есіңізден шықты ма,
Қобыланды менен Қараман.
Бұйырған екен жасыңда,
Қымбатты біздің елден тұз.
Мегзелген екен Қобыланға,
Сізден шыққан сұлу қыз.
Ояға келіп іздеп ар,
Керекдар болып сұлу жар.
Қорықпай жауға бет алдық,
Абшымай жүріп күн мен түн,
Шыққалы үйден алпыс күн.
Қобыланды ер сыртта, мен іште,
Әжеке, шапшаң білдір шын.
—Сақтасын, балдар, кәміл пір,
Шұнамыр Құртқа шақта отыр.
Бірі қимай біріне
Таласып кәпір төкті нұр.
Айтпаймын жалған антым бар,
Қобыланға болсын құдай жар.
Анасының кеулінде
Алхамдилаһи алаң жоқ,
Қобыланға сәлем айта бар.

Қараман тартты қайыспай,
Баяғы келген жолымен.
—Келіншегің қайда?—деп,
Сөйлесіп қалды Қазанбас
Қайтарында да онымен.
—Қонаққа бүгін қалды,—деп,
Қайтамын ертең тағы,—деп
Шығып кетті Қараман.

Көкләннің баласына сыры:

—Көзімнің жасын парлатқан,
Аударып елден зарлатқан.
Қоныстанып қыпшақтан,
Жүргенде көрген сен Құртқам.
Кәпірден ептеп бай тауып,
Ренжіп қалса мұсылман.

Ақ сүтімді кешпеймін,
Сен өмірден садағам.
Ренжітпе Қобыланды,
Жөргекте антым айтылған,
Адамға қымбат шыбын жан.
Аялап сені өсірдім,
Былғанып жүрме, қыз Құртқам.
Олай-бұлай іс болса,
Бір Құдайға тапсырам.
Осыны айтып анасы,
Еш нәрсе демей баласы,
Кемпірдің сасқан жері екен.
«Ананың кеулі балада,
Баланың кеулі далада»,
Мақалдың деген шекіскен,
«Иә, болар» деп көрмеді,
«Болмайд» деп жауап бермеді.

Құртқаның Көкланға берген жауабы:

—Осы болса жынысым,
Сүймеймін жаудың тынысын.
Өзі тартар миқанат,
Мұсылманың құрысын.
Өзіме қымбат, қадірлі,
Өскен елім, туысым,—

деп кеңес келісімі қызып жатқанда, ыңыранған ұрандық дыбыс шықты. Қағылған дабыл қабырғасын күйретіп, Қазанбасты аударып қарақыпшақ Қобыландының кірген жері.

Жауыз деген құралған,
Нағыз шаһар қызылбас.
Кең пейіл ұлы Кеншінбай
Қалмаққа мәлім бұл бір ер.
Талайлармен салысқан,
Сақалы алтын, мұрты жез,
Ұзындығы отыз кез,
Қоблекеңмен кездесті.
—Қатпар тартып қабағың,
Не ойда еді талабың.
Қалай көрдің дидарын,
Жеке басың қаланың.
Қай нәсіптен боласың,
Көрсе көзге толасың,
Іркілмей тұрып шыныңды айт,
Не іздеп жүрген боласың?

Қобыланды:

—Қолыңда ма ойлап көр,
Мөлшерлі менің дәуірім.
Мен өзіңнен кем бе едім,
Аш көзіңді, кәуірім.
Бұрқырасаң боранмын,
Доңызысың тоғайдың.
Әлің жетсе, оңаймын,
Асау туған адамға
Бас үйретер ноғаймын.
Қанды қабақ қайсармын,
Шайқасып күшті байқармын.
Жесірім сұлу қыз Құртқа,
Іздеп келген жайқармын.
Өзімдікін жөн деймін,
Ымлаңа көнбеймін.
Астыңдағы күрең ат,
Үстіндегі ер қымбат,
Тәлкек қылмай бер деймін.
Әуелгі кезек сенікі,
Сон соңғы кезек менікі,
Кезегіңе кел деймін.

Басы қалжың сыр еді,
Ойын емес шын еді.
Қапыда шайтан жабысты,
Ырғақтасқан қос батыр
Ақ сүңгіні салысты.
Бірін-бірі ала алмай,
Ойдағыдай жабысты.
Ендірді батыр ырғасты,
Ойынды қойды шындасты.
Қашық болмай арасы,
Көрінді естің шамасы,
Кәуірдің қиын жаласы.

Тағы оқыңыз