Қобыланды батыр туралы (7-бөлім)
Қобыланды · Е.Ешімов нұсқасы · 2 мин оқу
Сөз құлағына ұнағандай:—Айтсаңыздаршы той салтанатын,–деді. Қолтығынан сазды қолына алған Рахымбай:
—Жарайды, қарияның бастау тойы,
Әр түрлі сөз тапқандай жетет ойы.
Кәделі, қызғылықты, осал емес,
Осы той қара да емес, ханның тойы.
Бұл тойда алқалаған бағлан да бар,
Жаралған сансыз тұлпар тарлан да бар.
Ақ балтыр, қасқыр қабақ, болат білек палуан да бар,
Қиядан көз тартатын қыран да бар.
Ататын алтын қабақ ұран да бар,
Көкбөрі дүһілдетіп күш сынасар бұлар да бар.
Көлбеңдеп қалы кілем, нарды жайлап,
Ортаға қыз анасы келді жайнап:
—Мінекей, ана сыйлық, ақсақал,—деп,
Кейінге шығып кетті қойып байлап.
Бес қару сайма-сай боп жалтылдаған,
Құбагер ат жетектеп келді Маман:
—Мінеки, қыз атасы—біздің сый,—деп,
Көрсетті ер-тұрманын абзалдаған.
Ал енді толы тойға халық шықты,
Шақырды палуандарды мықты-мықты.
Ішінен айрықша боп нар түйедей,
Бір палуан айрықша отыр қызғылықты.
Бұл палуанның енді айтайық сыр-сипатын,
Қалыңсыз күшпен алған алты қатын.
Баласы Берімбеттің жеке туған,
Бекен деп атайтұғын мұның атын.
Жансұлтан осы палуанды алып келген,
Бекеннен тітірейді халық көрген.
Айқайлап алқа салды шықты бәрі,
Түп-түгел көзін салған жас пен кәрі.
—Мүсіреп, бәйгіңізді нұсқа,—деді,
Бәйгіңіз алтын ба, не мыс па?—деді.
—Мыс та емес, алтын да емес, бәйгім—адам,
Қараңдар көзің салып болмай алаң.
Аяйтын өкпемдегі текке жан тұр,
Үйленген осы тойда жалғыз балам.
Мысың да, алтының да бәрі—тасың,
Пұл үшін қиналмайды халық басың.
Толғаулы тойға шыққан біздің бәйгі—
Өзіммен бірге туған қарындасым.
Бұл дәуір енді маған бар ма, жоқ па,
Кәзірде қырық үште тұр менің жасым.
Қайырын құдай берсін қонған бақтың,
Өзіңнен кем адамды қайдан таптың.
Қолымда барым да сол, балым да сол,
Жалғызым Аналықты мен де тіктім.
Қалшылдап заһар шашып қалың қабақ,
Төңкеріп жан-жағына көзін қадап:
—Ау, енді тұрамыз ба, болсаңдар!—деп,
Дауыстап талпынады етіп талап.
—Білмейміз елдің сырын келгеніміз,
Жас басқан, көңілі ұласқан пендеміз біз.
Біріне-бірі беріп, бірі ала ма,
Болмаса шыққандарға ере ме қыз.
Жауап беруші Жансұлтан:
—Таланты кімнің жеңсе, сол алады,
Кім жықса, қызға сол ие бола алады.
Сыбанып ақ балтырды аямай-ақ,
Түріпті ақ білекті жалаң аяқ.
«Кәне, кім, кімдер барсың?»—деген кезде,
Қыз десе қызыққандар ұмтылыпты.
Қолына ілінгеннің бәрін жықты.
Жығылып жиырма жігіт табан жерде,
Пант болып қалды тұрған дүйім елге.
Сол кезде бір ызалы суық түс,
Пайда болып қалған екен Тоқтар ерге.
—Күресте көп болушы еді менің басым,
Алпыстың сегізінде менің жасым.
Болаттан шеңберлеген болмас ұста,
Осы ердің қиратамын қабырғасын.
Әуелі ескертуге міндеттімін,
Қу жаяу жалғыз өзім, жалғыз басым.
«Екілік ханда болмайд» деген сөз бар,
Сол сөздің аялдаймын ағласын.
Қорықпаңыз деді ханның екеуі де:
Сауытты шешіп тастап ала байрақ,
Ортаға Тоқтарбай да түсті жайнап.
Қабағын қалың түйіп, көз қызарып,
Бүлкілдеп Бекен шықты тісін қайрап.