Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр туралы (8-бөлім)

Қобыланды · Е.Ешімов нұсқасы · 2 мин оқу

Сүбеге қолды салысты,
Қос жолбарыс алысты.
Көрген жандар самсозбай,
Судай тынып қалысты.
Көтеріп алып Бекенді,
Шал Тоқтарбай үйірді.
Мына кісі қайтет деп,
Жұрттың бәрі күйінді.
Екі үйіріп, үш толғап,
Палуанды Тоқтар бір ұрды.

Мұрыннан төгілді қан, өкпеден жан,
Үстінде алты сұлу у-шу болған.
Сонымен өлген палуан қала берсін,
Атуға алтын қабақ тураланған.
Бас палуан бәйгі алатын әуелі атсын,
Тоқтарбай шыңыратты қалдырмай дым.
—Ал той құтты болсын, бізге ер!—деп,
Дауысы жерді жарды Жансұлтанның.

Шомылған қанша халық ақыл-ойға,
Бір түйір ыза бермей қала берді,
Халық сүйген Бекен қалды осы бойда.
Жансұлтан гүрілдетіп кеңес құрды,
Он есе бұдан да артық ойын қылды.

Алпыс күн ардақты ел дабыл қағып,
Жүруге жарамай жүрді есін танып.
Терең ой, кең ақылдың кеңдігінен,
Отауға Тоқтарбайды берді салып.

Мінетін жетпіс кісі кемеменен,
Теңізге шығарады ер бет алып.
Мүсірептен сыйға алған құбақанды,
Кемеге қоя берді міне салып.
Бақыттың ерте-кеші болмайды ерге,
Тоқтарбай қуанышпен бет алды елге.
Ешкімге көз алартпа деп айтты хан,
Ажалдың қозғалыңдар деді бұған.
Сонымен он сегіз күн түсті суға,
Әр түрлі есер толқын ұлы дуда.
Кәрі көз айнымаған алтын кеуде,
Торы атқа аумай шықты тұлпар тура.
Түп-түгел қош айтысып берісті қол,
Қайтады кеме кейін елге мырза.
Ноқылан айқай салып жер жаңғыртқан,
Тоқтардан бесін кезде білінді ұран.
Сатпайды ат егесі шыны туса,
Торы ат та аман екен Қамбар баққан.

Мінгізіп құбақанды Аналыққа,
Торы атқа еге болып Тоқтар тұтқа.
—Бұйырса, таң салқынмен жүрелік,—деп,
Екеуі дем алыпты аз уақытқа.

Тоқтарбайдың бәйбішесінің Көбентайға айтып жатқан түсі:

—О, көркім, ұстам Көбентай,
Бір түс көрдім кеулім сай.
Шын орданың егасы,
Кемді ерім Тоқтарбай.
Тасар жарық бұлағым,
Дегеніне жетті ме,
Деп қуанам, шырағым.
Бір панар жағып батысқа,
Бір панар жағып шығыста.
Ортасында жайрақтай,
Отырдым өзім алақай.
Көбентай көркім, кәзір сен
Кір тартпадың денеңнен.
Бала көрсем қуанып,
Көкесі бол соның сен.
Ту биелерді ұстатып,
Таң асырып дайында,
Той қыларсың дегенмен.

Өзі көрген шұбардан,
Шығыста құздық шынардан.
Жер таныған топ жарған,
Күн қатты да, түн қатты.
Ер жігіт төзе берер берген демге,
Тоқтарбай жиырма үш күнде қауышты елге.
Отыз күн ойын қылып, қырық күн тойын,
Көтеріп Аққа сүйеп алды бойын.

Жүз басты үй тіктіріп жақсы жайға,
Төрт жүз қара енші беріп Көбентайға.
Асылған ықыласпен қор болмайды,
Дегендей мәтел керек осындайға.

Көтеру кездесіп тұр жаңа көрік,
Аналық Тоқтарбайға болған серік.
Таңсықтың талабына нұр жауғандай,
Аналық келген бойда болды жерік.
Жерік ас қиын екен әйел тапқа.
Мынандай болып арналды
Аналықтың жерігі:
Алғыр қара бүркіттің
Қабағына жеріді,
Жолбарыстай абзалдың
Білегіне жеріді.
Тауда жүрген таутайлақ
Бауырына жеріді,
Алтын айдар балықтың
Дайрағына жеріді,
Күншіліктен тартатын тоң айдаһар—
Жыланның өтіне жеріді.
Шаң тимейтін құланның
Бүйрегіне жеріді.

Тағы оқыңыз