Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр туралы (20-бөлім)

Қобыланды · Е.Ешімов нұсқасы · 2 мин оқу

Қобыландыға қыз Құртқаның берген жауабы:

—Өтірік басқа, шын басқа,
Ызалық басқа, мұң басқа.
Олар көп, сіз жалғыз,
Сенетін болдың құрдасқа.

Жан иенің жарасар,
Жалғыздарға кеңдігі.
Жағаласса, тимей ме
Бір Алланың теңдігі.
Түтін жасы жем берген,
Таразыменен теңгерген.
Өзім баққан тұлпардың,
Өз кеулімше ойласам,
Қырық үш күн бар кемдігі.

Сүйтті де Құртқа көз қысты,
Аты әйел демесең,
Сұлу Құртқа тым күшті.
—Кеуіліңе ырзамын,
Оң қолымнан дем болды.
Үш ұтқанда ойыма келер еді,
Бір ұшуы кем болды.

Қараспан таудың белдігі,
Құрдастың қанша елдігі.
Жиырма бес күн айналсаң,
Елемес еді бурылдың
Он бес күндік кемдігі.
Ұлтыма сенер мен емес,
Атың әйел болғанмен,
Сынағың сенің кем емес.
Шынымен туған мал болса,
Он бес күнді елемес.
Сүйіскен ерге жар қымбат,
Тұтылған ерге ар қымбат.
Қорқақтарға жан қымбат,
Топырышқа жал қымбат.
Бәрін айт та, бірін айт,
Кәдеге асса Бурыл ат,
Маған сендей жар қымбат.

Күлтеленген Бурылдың
Құйрығын, жалын тарады.
Ылаңдаған Бурылға
Қоблекең ерді салады.
Ауыздығын салғанда,
Көзі оттай жанады.

Үстіне Қобылан мінгенде,
Қос құлақты қадады.
Қыз жинаған сандықтай,
Сауры бөлек қалады.
Қанша мықты болса да,
Әлі келмей бурылдың,
Басына батыр барады.
Әрең көрген жалғыздың
Жұлдызы туса оңынан,
Қарындасы Қарлыға,
Сүйікті жары қыз Құртқа,
Тоқтарбай менен Аналық
Шуласып айқай салады.
Тоқсанға келген жасы бар,
Селеудей сақал шашы бар.
—Шелденген зорға құлыным,
Көрім жуық төрімнен,
Хабар алған өлімнен.

Тірідей қайда қалғаным,
Өлгенде көрген төлімнен,
Мені кімге тапсырдың?
—Аузыңа беріп Құранды,
Алдыңнан беріп иманды,
Бір Аллаға тапсырдым.
—Айрылған тірі қоштасып
Ата менен анамнан.
Жат жұрттық болып жаралған,
Бидама болып елімнен,
Бетімнен арым төгілген.
Жұлын жұтам сөгілген.
Алпыс тамырды..
Екі жарым жаста суалған,
Ербеңдесе, қуанған,
Мені кімге тапсырдың?
—Қисайған жерде сүйеткен,
Адасқан жерде түзеткен.
Көз жасыңның нұры екен,
Әйелдердің пірі екен,
Бибатқа тапсырдым.

Құртқа:

—Он екі жаста бас қосқан,
Көркіңе ырза жол тосқан,
Өкпеден демін алысқан,
Қымбатты қаным қарысқан.
Ақ сапарға аттандың,
Бауырымдағы арыстан.
Атаң қолын алысқан,
Жөргекте ол да қауышқан.
Адами заттың соңында,
Болушы еді алып сауысқан.
Құдай қосқан қосағым,
Мені кімге тапсырдың?!

—Олай-бұлай көз жұмсам,
Неке ақыңды кеше гөр.
Ақ тілекті тірлікке,
Ықыласыңмен шеше көр.
Амандықпен көргенше,
Қайта айналып келгенше,
Құдай бір де, Құран шын,
Татқан құзға тапсырдым.
Денеңе сәйкес күшің бар,
Қызметің қылың ісің бар.
Дүниеге келген соң пенденің көркі
Сүйген жар, палуан қызға тапсырдым.

Қарындасы Қарлыға:

—Бөркіңде қымбат шоқтыңмын,
Таудан аққан қоқтыңмын.
Татаулы жолдан танбаған,
Шырағым едің арнаған.
Ақекең айтып кеткен жолыңа,
Қоңыр шұлақ тоқтыңмын.
Қараспан таудай беліңді,
Қарақыпшақ еліңді,
Кіндік кескен жеріңді,
Орман, тоғай, көліңді,
Тырнақтап жиған мүлкіңді,
Асылғандағы аруақты,
Атаң құрған шаңырақты,
Көкежан, кімге тапсырдың?
Кемпірің мен шалыңды,
Төрт түлік біткен малыңды,
Құдай қосқан жарыңды,
Мен секілді бауырды,
Ұйтқылы өскен ауылды
Көкежан, кімге тапсырдың?

Тағы оқыңыз