Кіші жүз шежіресі (4-бөлім)
Шежірелік жыр-аңыздар · 2 мин оқу
Бір хикаят жазып шығуға,
Байлап тұрмын белімді.
Алты Әлімді анықтап,
Шығарайын шерімді.
Кім білсін менің жайымды,
Арқам қозып, желіксем,
Жел сөзім екен дайын-ды.
Халықтан асқан ақылды,
Әрі артық батырды,
Айтайын енді елімді.
Әйтелі, Сартай, Жылқыайдар,
Үш жүзге де мәлім-ді.
Арқасында солардың,
Баспаған дұшпан жерімді,
Жау алмаған елімді.
Сол ерлердің атынан
Тыңдасын халық сөзімді.
Ауызба-ауыз сөйлесіп,
Көргендей болып көзімді.
Арқасы қозып, шыдамас,
Жігіт болса, сөзімді.
Ұранына қызбас Адай жоқ,
Болса да қанша төзімді.
Қалам алып көсіліп,
Айтайын ерлер—соныңды.
Естігенім халықтан,
Көрмесем де көзіңді.
Әлімнен Балтық туады. Одан Жаманақ, Тар, Амансақ, Ұланақ, Айнық, Темірболат, Құлтелі, Сасық. Жаманақтан Шыңғыс, Өріс, Баубек—үш бала туады. Шыңғыстан Жақайым туады. Шыңғыс жастайын өліп, одан Жақайым жас қалады. Өріс пен Баубек Жақайымды ағасының орнына аға тұтады. Соның бәрі—аға баласы болып аталып кетеді. Жақайымнан Ағыс, Көгіс, Ақбура, Шалбура—төрт бала туады. Назарша Жақайымнан елшілес болған бала дейді. Біреулер Жақайымның екінші әйелінен болған бала деп таласып жүр. Жақайымның Көгісіне келіп, елшілес болған бала, бұл да Жақайымның баласы болып саналып жүр. Ағыстан Құлмамбет туады. Құлмамбеттен Жарық, Көгеніш, Қарабас—үш бала туады. Көгістен Бәйімбет, Келімбет, Тұрмағамбет—үш бала туады. Бәйімбеттен Андақұл, Бадық, Ақтеке, Жәдік—төрт бала туады. Андақұлдан Сары, Бұқынға, Боқан, Надыр—төрт бала туады. Бадықтан Құрмансейіт, Сәйгіге, Дүйсебике—үш бала туады. Ақтекеден Құлмамбет, Құлмамбеттен Ақайдар, Андар, Паслок, Постар— төрт бала туады. Айдынбеттен Тентек, Бори, Тәңірберді—үш бала туады. Тәңірбердіден Елісбек, Өтеп, Күңке—үш бала туады. Андайдан Меркелді, Елдай, Ақынтай, Қызтуған—төрт бала туады. Паслок, Постайдан тұқым жоқ. Түсімбайдан Мәлін, Қарттан, Күшімбет—үш бала туады. Мәліннен Бодақ туады. Қартайдан Быламық туады. Күшімбеттен Қарабатыр, Наурыз, Ораз, Шыбынтай—төрт бала туады. Қарабатырдан Байшаған, Байшағаннан Нұралы, Нұралыдан Өтініш, Өтініштен Жылқаман батыр туады. Ақбурадан туады. Асанның бәйбішесінен Иттай, Шағыр, Есет, Шаруз, Басы бес бала туады. Бартағрам, Сағым, қазақ бәйбішесі Асанға еншілес болған бала, екінші әйелінен Шатырқұл, Қосқұлақ—екі бала туады. Шатырқұлдан Ағыс, Құсқұлақтан Алтынбай, Мергей, Байжан—үш бала туады. Байжаннан Балтабай, Малтабар, Малтабардан Бесен, Бесеннен Сабатыр, Мысадан, Майтөкеш, Тоқырадан Берешқұл, Берешқұлдан Қиық, Игілік, Балталы, Жаманша, Келіс—бес бала туады. Қиықтан Мыртта туады. Мырттадан Ақбай, Тоқпай, Мәден—үш бала туады. Игіліктен Құтпай, Татпай, Қойлыбай, Бөлек—төрт бала туады. Құтпайдан Мыңбай, Мыңбайдан Толыбай, Толыбайдан Көтбай, Көтбайдан Жарбол ақын туады. Балталыдан Майлыбай, Өтеп, Мырзәлі—үш бала туады. Жаманшадан Итемен, Бадам—екі бала туады. Келсітен Қожас, Шаңырақ, Март—үш бала туады. Қожастан Бапы, Сырлыбай, Байнар, Текке, Жамансары—бес бала туады. Шаңырақ аз өспей қалады. Марттан Сүгір, Хәмет—екі бала туады. Сүгірден Маңысбай, Тарыдан Байғұл, Төңіш туады. Байдан Ақша, Шалман, Жалаңаш, Бәйбек, Жолды, Маймақ—алты бала туады. Сырлыбайдан Жылқайдар, Жылқайдардан Бәйіш, Бәйіштен Байсалбай, Байсалбайдан Әрмеңкеғұл, Әрмеңкеғұлдан Сейіт, Орыстан Есенәлі, Айдар—екі бала туады. Есенәліден Кішкене мен Палуан туады. Кішкененің бірінші әйелі Қоңырдан Желне, Жолшора, Асан, Үсен—төрт бала туады. Екінші әйелі Құлбикеден Құрманай, Құттық—екі бала туады. Женнейден Алдабарлы, Әлмембет, Қожагелді—үш бала туады. Жолшорадан Құдияр, Сары—екі бала туады.