Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кіші жүз шежіресі (3-бөлім)

Шежірелік жыр-аңыздар · 3 мин оқу

Жоқ жұртқа өзі жарлы адам екен,
Бұрынғы қайынатасына тағы барған.
Үйінде екінші қызы тағы бар-ды,
Қызының қылығынан ұялғаннан
Атамыз жақсы адам екен көңілі пейіл,
Сондықтан бермеймін деп айта алмаған.

Қаракесектің екінші алған әйелінен Әлім мен Шөмен туған. Қағазсұлудан Кете туады.

Не дегенмен Байсары
Қаракесектің баласы.
Әне, сондай өсек бар,
Халықтың айтқан жаласы.

Бір жолменен қарасаң,
Әлмен Шұғаның ағасы.
Бозаншар мен Майлыбай—
Байсарының баласы.

Бозаншадан Адамқожа,
Адамқожадан тарады сары екі бала
Халықтың жоқ таласы.
Ұжымды әрекетте екен сол
Екі елдің саласы.

Майлыбайдан бала жоқ,
Жойылмасын деп атағы
Ұранға қалған шамасы.
«Майлыбай» деп ұран айт,
Үш Кетенің баласы.

Дем бітсе деген бар ғой ажал алмас,
Байсары содан кейін өлді дейді.
Жаратқан бұйрығынан адам қалмас.
Әйелін Әлім алып некелетті,
Деген бар «аға өлсе, жеңге мирас».

Әлімнен туған екен Тегінболат,
Айтып жүр «Ақкете» деп халық арасы:
Әлімбет, Айдар деген екі баласы.

Әлім өлген соң, Кетебикені Шөмен алған. Шөменнан Түменқожа туған. Тайқожа жас болып, шешесінің соңынан еріп, Шөменнің соңынан кетеді. Сондықтан Шөмекейге қосылып, саналып жүр. Байсарының тұқымы ұжымды әрекетте дейді. Әлімнің баласы Тайқожаны «Ақкете» дейді. Шөменның баласы Түменқожаны «Қаракете» дейді. Барлығы «үш таңбалы Кете» болып саналады. Майлыбай—батыр адам. Жауға шапқанда «Майлыбай» деп шабады екен. Бозанша Майлыбай баласыз кетті деп, атағы жойылмасын деп Кете халқына ұран етіп қалдырған. Майлыбайдың жаудан алып келген екі баласы болған, Сәмен, Сәтбай деген. Одан Асан, Жанбақты деген екі бала туған. Одан Қарабазар, Киікші деген екі бала туған. Құлыс Асанға еншілес болған бала екен. Осылардың бәрі кете халқына қосылады. Кете деген атақтың қалмай жүрген себебі—анамыздың аты Кетебике екен. Үш таңбалы Кете содан туған екен.

Құлы екен Майлыбайдың Сәмен, Сәтбай,
Күнгіге жейтін тары—ауыр батпан.
Күнгіге отын, түйе, томар үйіп—
Сол екен Майлыбайдың отын жаққан.

Жейді екен бір өзі қойдың етін,
Ат алып жүре алмайтын ауырлықтан.
Кісі екен жібермейтін жауға малын,
Өлгенше Майлыбайдың малын баққан.

Сәтбайдан туған Жанбақты
Өзі ауыр салмақты.
Жаныңа қатты батады деп,
Сала қойса қармақты.

Мойнын жұлып алад деп,
Кездесе қойса, қалмақты.
Заманында бұлар да,
Кете халқын қорғапты.
Үш таңбалы Кетенің
Халқы болып орнапты.

Асанына еншілес бала—Кете Құлыс,
Бірыңғайлы жүреді екен, өзі бұрыс.
Өзі тентек кісі екен, іздегені—кіл керіс.
Атады екен насыбай,
Шақшасы—нақыштаған алтын, күміс.
Отырмайды дейді-ау болмаса, үйде тыныш,
Алыпты Кете халқынан бұ да қоныс.

Шөмен туралы

Кетені осы арадан доғарайын,
Ал енді Шөменнен шығарайын.
Білгенше айтар сөзге жалықпайын,
Бергендей әдейі айтар елдің жайын.

Туыпты Шөменнен екі бала—
Шөмекей, Өтей-ді,
Білмесем айтып оны не қылайын,
Қатарлас, қоныстас ел—бұл ағайын.
Бір баласы Ойыт екен,
Онан тұқым жоқ екен.
Қалдырып оны ұранға,
Атағы оның өшпесе екен,
Өшпейтін жағын ескерген.

Шөмекейдің Аспан, Бозғыл, Тоқа, Көнек—төрт баласы болған. Тоқадан Бескем, Қармыс, Есқара үш бала туады. Аспаннан Боқай, Төбет, Нияз—үш бала туған. Бозғылдан Сары, Торыбай, Келдібай, Қайқы, Қаратамыр—бес бала туады. Торы атамыздан Сарықасқа, Сарықасқадан Жәрменбет, Жәрменбеттен Қуан, Қуаннан Жүрген, Жүргеннен Дәгдір, Дәгдірден Торы, Торыдан Тамырбек, Өтебай, Өтебайдан Жарымбет.

Айтып болдым Шөменді,
Айтайын енді Әлімді,
Алты Әлім халыққа мәлім-ді.
Баяндайын елімді,
Білдірейін жөнімді.

Шежірелік жыр-аңыздар

Барлығы: 179 аңыз

Тағы оқыңыз