Кіші жүз шежіресі (5-бөлім)
Шежірелік жыр-аңыздар · 2 мин оқу
Асаннан Сырлыбай, Құдайберді, Өтеп, Молдасан туады. Сырлыбайдан Матынғұл, Қожаберді, Дәулетбай, Мәметек, Қожаберген, Баймырза—бес бала туады. Мәттіғұлдан Нұрғай, Тоғыс, Қалыбай, Баққай, Құрымбай, Көбек—алты бала туады. Дәулетбайдан Қарамырза, Баспек, Есімбек, Абыз, Қожағұл— бес бала туады. Құдайбергеннен Сүйірқас туады. Өтептен Болдасан, Қожамбай туады. Құрманайдан Түлкешек, Бабақ, Қожет, Жоламан, Сәрік—бес бала туады. Құттықтан Майдан, Қайдауыл, Өмақ, Кенжеғұл, Алдияр—бес бала туады. Майданнан Құлжақан, Құлжақаннан Киікбай, Киікбайдан Өтеген, Нұрымбет, Нұрымбеттен Жаңақожа, Жаңақожадан Итжемес, Итжеместен Айтуған, Айтуғаннан Айдай, Бектен, Алтынбай, Күлік, Ардана, Тасырар—төрт бала туады. Алтынбайдан Түйтте, Түйттеден Андағұл, Сары—екі бала туады. Андағұлдан Көнсадақ, Көнсадақтың шын аты Ершотай екен. Көннен садақ істеп Көнсадақ атанып кеткен екен. «Көнсадақты тартысқанда, Көкшолақты шапқанда көр» деген мақал содан қалыптасқан екен. Сарыдан Андабай, Жаманша—екі бала туады. Андабайдан Балтікен, Байбек, Қара, Жәнібек—төрт бала туады. Жаманшадан Батый, Байымбет, Сасық, Сырымбет—төрт бала туады. Күліктен Жамангөз, Берше екі бала туады. Жамангөзден Жанкесай, Жанкесайдан Танба, Қатпа, Қатпадан Бектай, Бекетай, Сыдық, Бершеден. Татыранның бірінші әйелінен Ақтатыр, екінші әйелінен Есен, Анатыр туады. Ақтатырдан Жақсылық, Шоң—екі бала туады. Таятырдан Оразбай, Түмен—екі бала туады. Екінші әйелінен Өтебай, Сатай—екі бала туады. Үшінші әйелінен Құдабай, Тұңаша—екі бала туады. Барлығы алты бала болады. Өтебайдан Тәпек би туады. Арданадан Ішей, Балтық—екі бала туады. Ішейден Есенқұл, Манды, Әлімбет, Балтықтан Беркіт, Дәулет. Мәңку—Жақайымның тауып алып асыраған баласы. Мәңкуге әйел алып береді Зеріп деген. Одан Бөлек туады. Бөлектен Айт, Бұжыр—екі бала туады. Айттан Тілеу, Қабақ—екі бала туады. Бұжырдан Назар, Шөре—екі бала туады. Тілеуқабақтан Көтбай, Арыстан—екі бала туады. Мәңку өлген соң, Зеріпті Ұрыс сұрап алады. Ұрыс алған Зеріптен Есенәлі туады. Баубектен Көкбөр, Темір, Бапты, Жаңғылшы—үш бала туады. Көкбөрден ештеме жоқ, Жаңғылшыдан ештеме жоқ. Темірбақтыдан Алагөз, Меңсейіт, Балапан, Сейіт—төрт бала туады. Сейіт қыздан туған бала дейді және Балапаннан Бестайлақ, Қанай, Аралбай, Таңбай— төрт бала туады. Бестайлақтан Шарабас, Батыр, ал Аралбайдан Көтенбай, Қостай, Батыршына, Арбашақтан Оразгелді, Оразжан, Шүкір, Қарашы—төрт бала туады. Оразгелдіден Добал, Добалдан Қараған, Қарағаннан Талшеккен туады. Ораздан Бақшақ, Кенжеш—екі бала туады. Кенжештің бірінші әйелінен Ұлықбай, Айдарәлі, Құлбатыр—үш бала туады. Екінші әйелінен Қашан, Тұғыр туады. Кенжесінің бесінші баласы Сексен деп атап жүр. Жаншүкірден Сабатай, Сабатайдан Милық, Милықтан Қасым, Тұрым, Қойлыбай—үш бала туады. Қасымнан Қаракісі, Мәзи, Баспай, Ұлжай, Байұзақ—бес бала туады. Тұрымнан Ырыскелді, Айт, Қожас—үш бала туады. Қойлыбайдан Шаудыр туады. Тараштан Апақ, Тоқсан—екі бала туады. Апақтан Күзкен, Құлшас, Құлағай, Шынтас—төрт бала туады. Шынтас «Ақкиіз» атанып жүр. Тоқпаннан Тоғас, Шобан, Жоламан, Сейітқұл—төрт бала туады. Сейітқұлдан Байбек, Қанысбек, Шал, Бекпенбет, Жалаңқара, Бүкеніш, Дүйсен, Дүйсеннен Мантай балалары туады. Олансақтан тұқым жоқ.
Қайыншықтан Сарбас туады. Сарбастан Бақтыберлі, Текеболаттан Түсірған, Шігір—екі бала туады. Бақтыбердіден Абыл батыр, Шығай, Күлтелі, Сасықтан Есіл, Тобыл—екі бала туады. Есілден Үңғұт, Жолай—екі бала туады. Үңғұттан Естек, Таяныш, Жанақ—үш бала туады. Жолайдан Есенгелді туады. Тобылдан Тепей туады. Олар бұл жақта жоқ. Алтыншы Әлімнің кей атасы «Қаракесек» аталыпты.