Жер, табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар
Жер, табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар — 152 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 2-бет, барлығы 2 бет.
- Аяғы жоқ, қолы жоқ, / Жүретұғын жолы жоқ. / Мінезі де жеңілтек, / Тіл алмайтын бір тентек, / Шөпшілердің шөбін шашты, / Қалпағымды ала қашты.
- Желіп кетсе, жеткізбес, / Жерге түссе, табылмас.
- Әне барады өзі, / Көрінбейді ізі.
- Алдымнан өтті бұлдырлап, / Тұра қалдым жолында. / Ұстайын деп ойладым, / Ілінбеді қолыма.
- Бір нәрсеге қарап тұрсаң, дүбірлейді, / Алыстан көзің салсаң, күлімдейді, / Екпіні сонша қатты болса дағы, / Ұстасаң, қолыңызға білінбейді.
- Бір нәрсе жер мен көкті шарлап тұрған, / Дамылсыз бәйіт айтып зарлап тұрған. / Тамаша қылығына қарап тұрсам, / Арасын жер мен көктің барлап тұрған.
- Ашуланып бұртиды, / Аузы көпіріп құтырды. / Ашушаң ақымақ, / Кез келгенді ұшырады.
- Өрге қарай құтылды, / Сырына келіп қосылса, / Өз-өзінен құтырды.
- Жұмбағым жұтылды, / Ойға қарай құтылды.
- Бір хайуан елге мәшһүр таңғажайып, / Жүреді кейде көп боп, кейде азайып. / Барлығы көпке мәлім болса дағы, / Еш адам ұстай алмас ебін тауып.
- Қу талақай үйірілген, / Желден шүйке иірілген.
- Бір нәрсе көруге көп, ұстауға жоқ, / Жаздыгүні көп болар, қыстауға жоқ. / Тұрмайды бір мекенде қарауытып, / Қаншама жалынып, жалпайсаң жоқ.
- Алтын аяқ, / Жете алмадым, / Жалаң аяқ.
- Кейде аққан судай, / Кейде қалың нудай. / Жақындасаң жоқ, / Алыстасаң бар.
- Үстінде шөлдің, / Толқыған көлмін.
- Алдымнан өтті бұлдырап, / Тұра қалдым жолына. / Ұстайын деп ойландым, / Ілінбеді қолыма.
- Көз алдымда көк теңіз.
- Бір нәрсе көруге бар, ұстауға жоқ, / Тұрады көк шәлідей шымылдық боп.
- Толқып-толқып судай ағып, / Ешбір жанды кетпес қағып. / Көз көрсе де, қол ұстамас, / Жаратылған мұнша нағып?
- Бір кеме аспанда ұшқан, аяғы жоқ, / Қолына ұстап алған таяғы жоқ. / Күніне талай жерге кезіп кетер, / Не екен ол ешбір жерде саяғы жоқ.
- Қанатсыз құс жақын барады, / Көзінен жас тамып барады.
- Көк көрпенің мақтасы, / Әр жерде жүр бытырап. / Біріктіруге қол жетпес, / Болды-ау шіркін ысырап.
- Бір нәрсе жердің бетін шыр айналған, / Мақұлық біз білмейтін қайда барған. / Арасын жер мен көктің мекен етіп, / Байлаусыз бір арада тұра алмаған.
- Торғын көкте ағып құс, / Ағылып ұшып барады. / Айналасын қарайтып, / Күннің көзін жабады.
- Бірде селбір жабағы, / Бірде теңбіл жабағы.
- Будақ түтін түсі аппақ, / Көк жүзіне тұзақтап. / Қойғандай-ақ жылжымай / Тауды өбеді құшақтап.
- Бесірдегі бес бие, / Бесеуі де құлынды. / Құлындары торлы ала, / Құйрықтары сары ала.
- Жардай дәулер соғысты, / Жарқ-жұрқ етіп оқ ұшты.
- Аспандағы көлеңке, / Жерге суын себеді.
- Көк көрпенің ішінде жарты нан жүр.
- Қырда қылыш жарқылдайды.
- Айдаһар аузын ашса, арс етеді, / Гауһары жерге түссе, жарқ етеді.
- Арыстан арқырады, / Айнала жарқырады.
- Бір нәрсе етегі кең, найзасы бар, / Қосылған адамзатқа хайласы бар. / Мекені жерде емес, көлде емес, / Адамға әр уақытта пайдасы бар.
- Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр, / Дабылдатып дабылын ол қағып тұр. / От жағып, дабыл қағып тұрғанында / Сабалап төменге су ағып тұр.
- Әуеден күбі түсті, / Күбінің түбі түсті.
- Мені ешкім көрмейді, / Дауысымды есітеді.
- Сарайдағы сары айғыр, / Сарнап-сарнап кісінер.
- Тау тарс етсе, тағы үркер, / Таудағы елдің малы үркер. / Қырдағы жылқы үркер, / Жортып жүрген түлкі үркер.
- Бұлт ішінде бурыл ат кісінейді.
- Аспандағы әсем белбеуді / Алып, белге буынсам.
- Көкке шықса, бұлт, / Жерге түссе, шаңыт.
- Қара таудың басында / Киік кетіп барады. / Қол-аяғы баурына / Тиіп кетіп барады.
- Көтеріліп теңізден / Аспанға биік барамын. / Биіктен қайта түскенде / Өңі кірер даланың.
- Көкте туып, / Жерде өледі.
- Ата-екем жерге пышағын шанышты.
- Әуеде қызғыш, жерде бұзғыш. / Қызғыш айтады: «беремін» деп, / Бұзғыш айтады: «аламын» деп, / Берсе – барлық, / Бермесе – қаһарлық.
- Таудан топ түсті, / Аяқ-қолы жоқ түсті.
- Тырсылдап түседі, / Жер бетіне жетеді. / Жер бетіне жеткен соң / Ғайып болып кетеді.
- Ақ моншақтар сабалар, / Қалмайды олар жанды аяп. / Жатып-жатып жоғалар, / Ешкім жинап алмай-ақ.
- Аспаннан жауды ақ бидай, / Үйге қарай жүгірдім. / Ызғарына шыдамай, / Сүмелектеп бүгілдім.
- Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр, / Дабылдатып дабылын ол қағып тұр. / От жағып, дабыл қағып тұрғанында / Сабалап төмен қарай су ағып тұр.