Жануарлар, мақұлықтар туралы жұмбақтар
Жануарлар, мақұлықтар туралы жұмбақтар — 141 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 2-бет, барлығы 2 бет.
- Асты тас, / Үсті тас, / Ортасында шандыр бас.
- Айдалада тостаған, / Оны нағып тастаған.
- Өмірі шықпай үйден бір, / Өз үйін өзі сүйреп жүр.
- Базардан келген көк лөк, / Көк лөктің көзі көк. / Үстіндегі Жәнібек, / Жәнібектің жаны жоқ.
- Көк ала бас көк бура, / Сырты сұлу, күмбездей, / Далада оттап жүрсе де, / Бауырын жазып шаба алмас, / Үйірін іздеп таба алмас. / Үстіне киген киімі / Бір жыртылса, жамалмас, / Оны адамзат баға алмас.
- Бір нәрсе төрт аяқты, мал басты емес, / Не адам, не дерексіз албасты емес. / Астында бір нәрсесі салбыраған, / Аттың жалы, атанның шудасы емес.
- Бір жігіт ақ боз үйден шыға келді, / Үстінде алтай қызыл ішігі бар. / Жалма-жан қол көтеріп сәлем берді, / Жанында кейде нөкер, күшігі бар.
- Жер астында жездекем аты кісінейді.
- Ары жүгір қара шарт, / Бері жүгір қара шарт. / Тал түбіне тасталған, / Жылқыны қарнына қыстырған. / Түйені ерніне жапсырған, / Мұрты бар, сақалы жоқ, / Айт дегенде аяуы жоқ.
- Кішкене ғана бойы бар, / Айналдырған тоны бар. / Қанар қапта не болса, / Бәрін жейтін ойы бар.
- Ат та емес, ит те емес, / Тістейтінін қайтерсің.
- Буда-буда, буда жүн, / Будаланған шуда жүн. / Сыпырып қойған сұр таспа, / Қоңыр шұнақ құнажын.
- Тіріден өлі туады, / Өліден тірі туады.
- Қанаты бар, / Қауырсыны жоқ.
- Әртүрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, / Өзіне міндеттесе қызмет қылмақ, / Бүріскен, жазық емес біткен тұяқ.
- Адамға серік, / Күзетке берік.
- Бір балық көрер көзге жүні майда, / Тимейді майдалықтан ешбір пайда, / Қаруы денесінде бір-ақ жерде, / Саны бар сапасы жоқ сида-сида. / Ибарат, тіршілік ойына алмайды, / Қонып, түнеп, жатады әлде қайда.
- Бір нәрсе қайраты көп, болған күшті, / Басынан өткізеді әрбір істі. / Жануар мақұлықтың біреуі өзі, / Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті.
- Кілемнің түрлеріндей жүндері бар, / Айбатты жан шыдамас үндері бар. / Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ, / Кететін зиян қылып бір жері бар.
- Қорықпайды күшті аңнан, / Қорқады тек тышқаннан.
- Бар екен бір айуан көпке таныс, / Мекені жүрер оның тау мен қамыс. / Бұл өзі айласы көп, шапшаң епті, / Жүректі бір айуанға қойса бетті. / Қайтпайды жара алмаса не өледі, / Өлмесе тынбайды ол, алмай кекті.
- Мүйізінен таралған, / Жанға шипа дәрі алған.
- Есек емес, / Жылқы емес. / Екеуінің ұқсастығы / Береді тұрқы елес.
- Бұлаңдаған құйрығы – / Бір алдарлық қулығы.
- Келеді бір перизат итке мінген, / Таяғын итке мініп итпелеген, / Артында ағараңдар ешкісі бар, / Ешкісін итке мініп жетелеген.
- Төрт аяқты шалғы / Орып кетер малды.
- Көзін жұмады, / Көзін ашады. / Сыбысын білдірмей, / Ақырын басады.
- Ши түбінде шұбар кездік, / Бары-жоғын әрең сездік.
- Сап-сары болған түрі бар, / Шақылдаған үні бар, / Жер астында тынығар.
- Бір нәрсе қанаты бар ұша білмес, / Ұшқанда жердің көзін басып жүрмес. / Соңынан қанша қалмай қусадағы, / Ұстауға қол мен санның ебі келмес.
- Бауырын жазып шаба алмас, / Озып бәйге ала алмас. / Үстіне киген киімі / Өмір бойы жыртылмас, / Ал жыртылса – жамалмас.
- Тебен арттым текшелеп томашаға, / Домалағы жазылар оңашада.
- Асты тас, / Үсті тас, / Ортасында жанды бас.
- Жел-жел бием, жел бием, / Желіндесе кім білер? / Жау жапырақ түбінде / Құлындаса кім білер.
- Жылт-жылт еткен, / Жылғадан өткен. / Оны көрген кезден / Барлық адам безген.
- Таңдайлары тақылдап, / Шулайтын кім шалшықта / Бірін-бірі мақұлдап?
- Иір-иір ізі бар, / Құлағы жоқ, көзі бар. / Түсі суық ызғарлы, / Ауызында айыр бізі бар.
- Буда, буда, буда жүн, / Будаланған шуда жүн. / Сыдырып қойған сұр таспа, / Қоңыр шолақ құнажын.
- Дене мен аяқ-қол жоқ, құйрық пен бас, / Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас. / Бес-алты ай демалыста күн көреді, / Оншалық керек етіп жемейді ас.
- Бір мақұлық бар екен төрт аяқты, / Тағыпты арқасына мың таяқты. / Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді, / Көресің көзің салсаң ғажайыпты.
- Көзі бар, қанаты бар балық дене, / Сияқты зор тұлғалы алып кеме.