Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Төрт түлік туралы жұмбақтар

Төрт түлік туралы жұмбақтар — 124 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 2-бет, барлығы 2 бет.

  1. Екен, екен, екен жұмбақ, / Екі етегін түрген жұмбақ. / Қазалыға барған жұмбақ, / Қақтың суын ішкен жұмбақ.
  2. Баурындағы бұлағын ел ішеді. / Шабылады жотасынан пішені.
  3. Азанда кетер ләйлекен, / Кеште келер ләйлекен. / Түрлі-түрлі жібектен, / Түймесі бар ілгектен.
  4. Шапаным да, тоным да / Арқаның жүр жонында. / Атам соның соңында, / Таяғы бар қолында.
  5. Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа, / Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа. / Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап, / Қайтады қуанышпен бір уақытта.
  6. Ерте кетіп, кеш келе, / Тері тонды жануар. / Моншақ төгіп кетеді, / Жылтыраған суы бар.
  7. Ашылмаған сандықта, / Пішілмеген құндыз бар.
  8. Абылқайым айтқан жұмбақ, / Айналысып жатқан жұмбақ.
  9. Тоғай іші толған жұмбақ, / Ақын жігіт айтқан жұмбақ, / Шешен қатын шешкен жұмбақ.
  10. Абылай айтқан жұмбақ, / Тоғай толған жұмбақ, / Біреуін бірі өлтірді, / Ақылды кісі шешкен жұмбақ.
  11. Төрт аяқ ортасында бүгілі бар, / Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар. / Халінше сайманы ғой керек заты, / Көтерген екі дана құрығы бар. / Беретін жақынына жаны ашып, / Ашытқан бір аяқтай қымызы бар.
  12. Қайырып басын тастаған, / Қайқайып қойды бастаған.
  13. Асты пышақ, үсті істік, / Өзіне лайықтап киім пішкен, / Секіріп-секіріп түскен.
  14. Төрт аяғы бар, / Басында екі таяғы бар, / Иегінде екі сақалы бар.
  15. Сақалы бар, / Санасы жоқ.
  16. Құйрығынан мүйізі ұзын.
  17. Бір шал бар ауылымызда барпылдаған, / Басында екі найза жарқылдаған. / Іш майын құмырадан аңқытып ап, / Кімді көрсе, артынан жалпылдаған. / Өзі кәрі болғанменен сылқым сері, / Ақ соқна белбеуі салпылдаған.
  18. Айтайын айт дегенде, ая батыр, / Болғанда асты гауһар, үсті шатыр. / Қазандай қара тастың дәл түбінде, / Бір түрлі адам таппас заһар жатыр.
  19. Жол, жол, жол жатыр, / Жол айнала қол жатыр. / Тамақ қолдың ішінде, / Айдаһар жегір хан жатыр.
  20. Алтынын алып, / Әбдіресін лақтырдым.
  21. Он екі қысырағым бар: / Екеуі – жуан буаз, / Екеуі – күмән буаз, / Екеуі – анық буаз, / Екеуі – танық буаз, / Екеуі – жіңішке қысыр, / Екеуі – ат қысыр.
  22. Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр, / Бес ешкі, бір жарым қоян.
  23. Түрлі-түрлі түр кілем, / Түр аласы бір кілем.
  24. Түйеде жоқ, ешкіде бар, / Доңызда жоқ, қоңызда бар.

Ауыз әдебиеті