Техника туралы жұмбақтар
Техника туралы жұмбақтар — 111 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 2-бет, барлығы 2 бет.
- Жел жұтады бүйірінен, / Қақалуды білмейді. / Құлағынан май құйса, / Сықылдайды, күледі. / Төбесінен жарқылдап, / Жалындатып күйрейді. / Бәсеңдесе жалыны, / Инеменен түйрейді.
- Жапанда біткен көп ағаш, / Көгермейтін қу ағаш, / Асты топырақ, үсті тас, / Бір бұтағына қарасаң, / Петербормен шамалас. / Бір бұтағына қарасаң, / Бұқарамен аралас. / Жаны жоқ десең, жырламас, / Жаны жоқ деп біреуін, / Қылышпен ұрсаң, қанамас. / Екі басында екі адам / Дүние сөзімен хабарлас.
- Қатар-қатар қоздаған, / Бірінен-бірі озбаған. / Ботасы өлген інгендей, / Аңырап тұрып боздаған.
- Қаз-қатар қатарынан бір озбайды, / Аяғын анда-санда бір қозғайды. / Бозінген желіп кетсе, желден жүйрік, / Жоқ оның ботақаны құр боздайды.
- Алыстан хабар алған, / Айтқан сөз жазылған.
- Білмеймін аяқтарын неше мыңнан, / Бір нәрсе арқасында жалғыз қылдан. / Өзінің иелері әмір қылса, / Жер жүзін бір сағатта сайран қылған.
- Бір жылан жердің жүзін орап жатқан, / Сұрасаң, сөз айтады бір тараптан. / Ау, жаным, тапқын мұны көп ойламай, / Шығады деп айтып тұрмын көңіл шаттан.
- Сайда тұрған қу ағаш / Тармақтарын бұрасаң, / Жер шарымен шамалас.
- Қатар-қатар жігіттер, / Қарасаң қайда, міне, бар. / Бір-біріне ұштасқан, / Арасында қылы бар. / Ешбір тамақ ішпейді, / Қолдарында шыны бар.
- Түйесі қатар-қатар бір озбайды, / Ішінде ботасы жоқ құр боздайды, / «Шөк» деп қап бұйдасынан сілкіп қалсаң, / Не түрлі жаңалықтан сөз қозғайды.
- Қатар, қатар, қаздай-ды, / Нар түйеше боздайды.