От жағу, жарық қылу туралы жұмбақтар
От жағу, жарық қылу туралы жұмбақтар — 111 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 2-бет, барлығы 2 бет.
- Сығырайып қарады, / Аласарып барады.
- Жіңішке жуан емес, өзі арық, / Тілі шықса, дүниені қылар жарық. / Сүйегі жоқ, денесі жұмсақ өзі, / Суға салса, батпайды сондай парық.
- Бір жылан су ішінде жуан қарын, / Басы аппақ, тілінен шығар жалын. / Түн ішінде адамға пайдасы көп, / Күзетіп бақылайды адам халін.
- Судан шығып жалаңдайды бір жалын, / Аузында алтын балық жарқыраған. / Жыланның тіршілігі суыменен, / Су құрыса, балық өлер әрі жылан.
- Білтесі жоқ, майы жоқ, / Жарқырап от жанады. / Тұтанады шырпысыз, / Өзінен ұшқын шығады.
- Жарығы күндей, / Таңғалдырар адамды, / Жалындап күймей.
- Сыртының сырнайы бар, / Ішінің бүтін айы бар, / Май ішінің өзегі бар, / Бір апта өшеді, / Бір апта көшеді, / Кезегінде керегі бар.
- Үй сайын бір-бір құсты қойдық байлап, / Тұрады уақытында көзі жайнап. / Ішіне бір сырғалы салып қойсаң, / Бар суын ішіндегі шығады айдап.
- Бір нәрсе заты тастан, іші қуыс, / Ұстауға қиын екен, қылса жұмыс. / Өтпейді өткір пышақ, шажан қылыш, / Қайтадан күл болады, қылсаң соғыс.
- Бір жерде бір бәйтерек жеке біткен, / Басында әділ патша мекен еткен. / Неше күн жер астында жатып-жатып, / Жолай алмай қасына қыршын кеткен.
- Бір нәрсе тау үстінде мекен еткен, / Басына шарбақталып күмбез тіккен. / Болғанда судан себеп, тастан бөгеу, / Жеріне күрмек шыбық тетік еткен. / Еш нәрсе өз тұсынан істемейді, / Сыртынан бірнәрсе кеп хабар еткен. / Адамға түнде пайда беру үшін, / Дүниеге аты мәлім, даңқы кеткен.