Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Егіс және өсімдіктер туралы жұмбақтар

Егіс және өсімдіктер туралы жұмбақтар — 183 жұмбақ. Әрқайсысының жеке беті бар. 2-бет, барлығы 2 бет.

  1. Гүлсіз миуа піседі, / Көп жесең, тіл жарады. / Ай сияқты дөңгелек, / Бұны кім табады?
  2. Сырты қызыл, іші ақ, / Ортасында бір таяқ.
  3. Сары қапта бір қап ұн, / Ұн ішінде бір ұстұн.
  4. Болат жапырақ шешесі бар, / Тәтті бике қызы бар, / Тастай қатты баласы бар.
  5. Әңкүр-мәңкүр әкесі бар, / Жайлы шыбық шешесі бар, / Сұлу бикеш қызы бар, / Арамзада ұлы бар.
  6. Жер астында темір қазық.
  7. Жер астында қызыл қыз отыр.
  8. Жер астында жез қазық, / Жеуге болар ас қазық.
  9. Жаздай інге тығылып, / Жатқан қызыл түлкіні / Құйрығынан суырып, / Әкелді әжем бір күні.
  10. Сары балам ішкері, / Сақалдары тысқары.
  11. Өзі жерде бұғып жатыр, / Сақалы сыртқа шығып жатыр.
  12. Қызыл, қызыл, қызыл қыз, / Бұрымы кеткен ұзын қыз. / Өзі ұйқыға батады, / Бұрымы сыртта жатады.
  13. Жерге қазық қақтым, / Басына айдар тақтым.
  14. Жер астына түседі, / Сап-сары боп өседі.
  15. Тоғыз қабат қызыл торқасында, / Өседі екен ақ сүйрік ішінде.
  16. Аласа ғана бойы бар, / Тоғыз қабат тоны бар.
  17. Қанттан ақ, бүйірі тоқ, / Жерден алар керегі көп. / Киетіні қызыл, жасыл көйлектер / Ол не екен, кәне, достар, ойлап көр?
  18. Қалың киімді ұнатады, / Шешіндірсең жылатады.
  19. Жер астында ақбоз ат, / Терісі бар он қабат. / Жалынан ұстап соярсың, / Жей бастасаң, жыларсың.
  20. Бар екен жер астында түйме басты, / Мәнісін адам тауып айта алмасты. / Өзінің кемеліне әбден келіп, / Басына көріктей ғып ығыр шашты.
  21. Бір күмбездің ішінде мың күмбез.
  22. Кіргенде жерге сыңар-ды, / Ұрпағын ертіп ол шығарды.
  23. Ана ауылдың кемпірі өлді деген немене, / Топыраққа томпайтып көмді деген немене. / Анасы сол күйінде өліп қалады, / Балалары шуылдап толып болады.
  24. Аласа ғана бойы бар, / Қабат-қабат тоны бар.
  25. Аласа талда алуан алма, / Алқызыл болмай аузыңа салма.
  26. Шақырсаң, өздігінен бара алмайды, / Сұрасаң, бірде жауап бере алмайды. / Егер де отқа салсаң, өліп кетер, / Бір жерін кесіп алсаң, қанамайды.
  27. Қозғалмай бір орында қарап тұрар, / Адамның қажетіне жарап тұрар. / Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп, / Және де көбеймекке талап қылар.
  28. Жазда жасыл тон киеді, / Күзде сары тон киеді. / Қыста, суық аязда / Жалаңаш тұруды сүйеді.
  29. Өсіп тұрған бұл не, / Жаз болса, жайнап, / Саясында ән салып, / Құстар жүрген сайрап. / Салқын түссе, шешіліп, / Қалады өзі жайрап.
  30. Қыс болса, ұзын бойлы жалғыз тұрған, / Жаз болса, түрлі құстар келіп қонған. / Қысты күні киімсіз, жазда киімді, / Жыбырлап түрлі жәндік соған толған.
  31. Ол өзі мекен еткен жаһан дала, / Атасы, анасымен біреу ғана. / Қысында бар баласы кетіп бітсе, / Жазында қайта бітер сансыз бала.
  32. Айға, күнге көрінбес, / Ағашпенен тепе-тең.
  33. Шөлде гүлдейді, құлпырады, / Суда өмірі қырқылады.
  34. Ұзын-ұзын ұзарады, / Ағарады, бозарады. / Өскен сайын басын иіп, / Мұңаяды, қызарады.
  35. Қалтырап жап-жалаңаш, / Тұрғанда терек, қарағаш. / Көк желегін жамылып, / Құлпырар қыста қай ағаш.
  36. Жазы, қысы өзгермес, / Жаралған баста түрінен. / Қанша аяз болса да, / Айрылмайды гүлінен.
  37. Жаз кигені жаңа нәш, / Қыста жап-жалаңаш.
  38. Тікен, тікен тік пісте, / Қысы-жазы бір түсте.
  39. Кескінсіз, талдай, / Миуасы балдай.
  40. Күннің нұрын сүйемін, / Күнге басымды иемін. / Моншағым жоқ мойнымда, / Үлкен қалпақ киемін.
  41. Бір сиырым ала бас, / Жан-жағына қарамас.
  42. Қалпағы бар дөңгелек, / Сары гүлмен қоршаған. / Қарай-қарай күнге ерек, / Мойны талып шаршаған.
  43. Жиып қойсаң анасын, / Жеуге болар шикідей, / Бұл іске қайран қаласың.
  44. Жүзін орап гүлменен, / Күнге қарап телмірер. / Тіспен шағып, тілменен / Дәмін татқан ел білер.
  45. Ол күнді күзетеді, / Күн оны түзетеді.
  46. Күннен көзін алмайды, / Мойны бірақ талмайды.
  47. Бір үйде бар мың қақпа, / Бір қақпасы күн жақта.
  48. Сәл иіліп, сәнденіп, / Бақшада тұр сары бөрік. / Күзде жинап жаншысаң, / Сорғалайды май болып.
  49. Өзінің жаны жоқ, / Айға, күнге қарайды.
  50. Бір ел бар су ішетін тамақ емес, / Сөйлесіп бір-бірімен қылмас кеңес. / Үстіне жаздыгүні киім киер, / Қыстыгүні жалаңашы ештеңе емес.
  51. Көгеріп май алдында түрге келген, / Күшімен адамзаттың өсіп-өнген. / Тамыз бен қыркүйекте күні толып, / Әлеумет пайдаланар алып жерден.
  52. Қырға кілем жайдым.
  53. Бес-бес біләлі, / Білектері қыналы, / Жасыл ала тон киіп, / Жайнап шыққан біләлі.
  54. Қар астында қыстады, / Жасылмен бөркін тыстады.
  55. Мұз астында қыстайды, / Жасыл тонын тыстайды.
  56. Айт десе, жүгірмес, / Су тисе, сілкінбес.
  57. Ұзын-ұзын ұзарды, / Іші неге қызарды, / Аузы-басын түк басып, / Басы неге мұңайды?
  58. Әкесінен баласы бұрын туады.
  59. Бар екен бір асыл зат жерден өнген, / Кезуге жер дүниені өзі көнген. / Барады дөңгеленіп тор жорғадай, / Айдалада жүруге тым-ақ жөндем.
  60. Шеңбер жасап өседі, / Желмен бірге көшеді.
  61. Бір-ақ жерде жасында / Тұрды оранып жасылға. / Қартайғанда сарғайды, / Кезіп кетті сай-сайды.
  62. Ұшарымды жел біледі, / Қонарымды сай біледі.
  63. Басына үлпілдетіп таққан шашақ, / Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.
  64. Қатар-қатар тұрғандар, / Түлкі тымақ кигендер.
  65. Тоғай толған жандар бар, / Әр жандардың ішінде / Бөлмелеп салған тамдар бар.
  66. Бір нәрсе ұзын бойлы сәлдесі бар, / Қойнында құшақтаған баласы бар. / Айтайын мұның жайын сұрасаңыз, / Аққұба ұйықтап жатқан анасы бар.
  67. Өзі ұзын жіңішке, / Бұтағы жоқ.
  68. Өзі өте жіңішке, / Ішінен рулы ел көшіп өтеді.
  69. Ұзын терек, / Іші кеуек.
  70. Ақ сәлделі молдалар / Ертелі-кеш Аллалар.
  71. Көлді жердің / Үкілі аруы. / Өкпек желдің / Саз тартар қаруы.
  72. Буын-буын, буыншақ, / Түйін-түйін, түйіншек. / Қырық қыздың шешесі / Әлі, көрсем, келіншек.
  73. Қатар-қатар тізілген, / Үкілі бөрік киінген.
  74. Тасқа шығар көк, / Бірақ тамыры жоқ.
  75. Онда барып, ондай болдым, / Мұнда келіп, мұндай болдым, / Белін буған қындай болдым.
  76. Өз елімде ел едім, / Желпілдеген жел едім. / Қырғызға түстім қиылдым, / Қырық жерімнен буылдым.
  77. Алыстан қарасаң, қара, / Жақындасаң, бала. / Ұстаған таяқ, / Жесең, тамақ.
  78. Ұзақтан қарасам, аппақ, / Қасына барсам, шапшақ / Жеп қарасам, балдай, / Ұстап қарасам, талдай.
  79. Айтайын мен бір жұмбақ қыл тамаша, / Тыңдама жұмбағымды ұнамаса. / Ішінде сүйектері бақша-бақша, / Басында бар шағасы оннан аса.
  80. Сырты бүтін, / Іші түтін.
  81. Аяғынан қаз тұрған, / Қалпағы бар антұрған.
  82. Бір кезде қыз, келіншек болған мырза, / Өзінің көркемдігіне болып ырза. / Біраздан соң түрін көрсең, / Қалады бөлек-бөлек болып сайда.
  83. Тау-тау ақ қар, / Ерімейді ыстықта.

Ауыз әдебиеті