Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (1-бөлім)

Қарасай-Қази · Қобылаш Бекмағамбетов нұсқасы · 2 мин оқу

Ноғайлының елінде
Талай ерлер өтулі.
Астана, елдің қамы үшін
Дұшпанға қарсы бекінді.
Батырлар шыққан айбарлы,
Айбатына қарасаң,
Арыстан тұлға секілді.
Мінгендері тұлпар ат
Жал-құйрығы күмістей,
Төгілген алтын кекілді.
Халыққа сөзі өтімді
Аш-арығын тойғызып,
Қол астына жинаған
Мүгедек, әлсіз, жетімді
Едіге батыр, Нұрадын.
Ер серігі тұлпары
Мың аршын көкке секірді.
Дұшпанына қарленсе,
Тартқан садақ жебесін
Жеті қырдан өтірді.
Ерлердің мінген тұлпары
Көтерілсе, көкке ұшар
Лашын сұңқар секілді.
Өзен-дария кездессе,
Өте шығар, бұрылмас,
Іздемес өткел-көпірді.
Ноғайлының ерлерін
Халқым, айтып берейін,
Бұйығып тыңда кепімді.
Ата-тегін қозғауға,
Ұзаққа кетіп созбауға,
Аудардым соған бетімді.
Ноғайлының елінде,
Атамыз Алаш жерінде
Бір азырақ бастайын,
Қозғалсын әруақ көрінде.
Бес қаруын асынып,
Кіреуке сауыт жамылып,
Дулығасы басында,
Тұла бойы көк жасыл
Оранған ерлер темірге.
Осы айтылған ерлердің
Түп атасы—Шөлқайып
Жеті пірден бата алған,
«Әумин» деп қол жайып.
Шөлді кезген Қайыпқа
Кездесті сұлу зайыпқа.
Перінің қызы қосылып,
Болды жұптылы лайық.
Одан туған кім десең,
Білдірейін білмесең,
Бабай Түкті Шашты Әзиз
Кел осыған тұралық.
Қырық мың үйлі ноғайлы
Әулие батыр шыққасын,
Ел болыпты құралып.
Ескіден қалған құралық
Қанша айта келгенмен
Ең абзалы-үш арман,
Жемісін сөздің бұралық.
Бабай Түкті Шашты Әзиз
Одан туған кім десең,
Ала тайлы Аңшыбай.
Ерегескен дұшпанын
Табанға салып жаншыды-ай.
Ашуы ердің тарқамас,
Көк сүңгісін шаншымай.
Сүйген жарын айтайын,
Перінің қызы—Құралай.
Көңілім—теңіз, сөз—кеме,
Жаманы құрысын жан деме.
Қоспағы құрысын мал деме,
Жолдас болсаң жаманмен,
Көңіліңе салар әр неме.
Жақсыдан жаман ұл туса,
Жоғалар, орны бар деме.
Жақсыдан туған кім десең,
Әруақты Едіге.
Едіге ұлы Нұрадын
Тарқатпай жатқан құралын,
Ағызған судың бұлағын.
Қарсыласқан дұшпанның
Сөндірген панар, шырағын.
Шын қаһары келгенде,
Жалаңаш қолмен ұстаған
Айдаһар абжор жыланын.
Өтірік емес бұл сөзім,
Сөз есі періден сұрадым.
Қасиетті пір де өткен
Бұйрығыменен Құданың.
Отыз ұлды Мұса хан,
Жасынан Мамай хан болған.
Өлерінде ер Мұса
Ер Сайынды шақырып,
Сонда Мұса сөйледі:
—Құрдасым, Сайын, сен едің,
Тапсырам саған аманат,
Болар қабыл дегенім.
Сен ақылға кең едің,
Артымда Орақ жас қалды,
«Жақсыдан қалған тұяқ» деп,
Сен қолтығынан демегін.
Орақ балам ер жетсе,
Ноғайлыға қамқоршы,
Дұшпанның бұзар көгенін.
Едіге атам бөлесі
Әліптиін қаралар
Ол—періден өнген ұрпақтар.
Аяғы сылтық, көзі жоқ
Шәудір шалдың қызы бар.
Қолыңа түссе келінің,
Екі арыстан ұл туар.
Орағыма алып бер,
Өзіне жұпты тең еді.
Батыр аңқау, ер көдек
Айтқаныңды тыңдамас,
Алдап-сулап қолыңа ал.
Батыр Орақ баламның
Ақылы есер, кем еді.
Аманатын тапсырып,
Мұса батыр өледі.
Ер жеткесін ер Орақ,
Атасы Сайын келеді.
Сонда Сайын сөйледі:
—Қарағым, балам, ер жеттің,
Қаптаған қалың жауың бар,
Жан-жағыңа көзің сал.
Елден сұлу таңдасаң,
Мен құсаған қартыңды
Талаптансаң әр іске,
Ер бақыты ашылар.

Тағы оқыңыз