Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (13-бөлім)

Қарасай-Қази · Қобылаш Бекмағамбетов нұсқасы · 2 мин оқу

Қызылбас елі қатерлі
Барса келмес жер деген.
Әскері аман, көкем жоқ,
Кеудеден шыбын жан кетіп,
Араласып қалды ма
Келістірген жерменен.
Жалғызым аман болса игі еді,
Сіздерге нағып ермеген.
Сонда Ахмет толғады:
—Әділ аман, біз қайттық,
Әділ патша болғасын,
Қалмады жауым жеңбеген.
Бақыт құсы басында,
Қорықпа енді, Ілияжан.
Қараңғы түнде жарық шам
Шам-шырағы сөнбеген.
Қарасай, Қази, жас Әділ
Кейінгі жақта келатыр,
Ыңырсыған мал айдап.
Алтын мен күміс тең деген,
Бәйбикеш ханым, Ілияны
Ахмет батыр сол жерде
Өтірік сөзбен өндеген.
Өтірік сөзбен жұбатып,
Ахмет кетіп қалғасын,
Жылап қалды қос мұңлы
Боз төбенің басында.
Арадан бір күн өткесін,
Қайғылы көңіл сенбеген.
Бірнеше күн күтсе де,
Ыңырсыған мал айдап
Қарасай, Қази, жас Әділ
Бұл бағыттан келмеген.
Бәйбикеш ана, Ілия қыз
Қайғымен зарлап еңіреген.
Көзін салса алысқа,
Көрінеді қос қара.
Назары төмен қайғылы
Астындағы тұлпары,
Адымын шабан сермеген.
Әруағы қашып бойынан,
Қарасай, Қази—қос батыр
Келе жатқан қайғы пердемен.
Сонда Ілия сөйледі:
—Келе жатқан қос қара—
Қарасай, Қази екеуі.
Жалғызым Әділ жоқ екен,
Бәйбикеш анам, көр деген,—
Деді дағы, қос мұңлы
Орнынан тұрады.
Қайғылы болған сорлының
Селт еткендей құлағы.
Қарасай менен Қазиға
Айдады «шүу» деп құланы.
Сонда Ілия сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Қарасай, Қази батырдың
Өздері аман келеатыр.
Жауда қалған сықылды
Аламан әскер құралы.
Осы сөзді айтты да,
Қайғылы-мұңлы жылады.
Біздерге түскен сықылды
Ашылмас күннің тұманы.
Батырлардың алдынан
Екі мұңлы шығады.
«Қарасай, Қази сауға» деп,
Қайғымен мойнын бұрады.
«Әділ көкем қайда?» деп,
Кідірмей Ілия сұрады.
Қарасай сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Жылама, енді, Ілияжан,
Әділ аман келеатыр.
Бір өзіне бағынды
Қызылбас бүткіл мұсылман.
Астына алтын тақ мінді
Әділ аман, қарағым,
Зор аймаққа болды хан.
Ер Әділдің бақытына
Көрген халық таң қалған.
Әділмін деп ақырса,
Қызылбас, қалмақ сандалған.
Аңдысатын бір-бірін
Құтылды халық жанжалдан.
Ер Әділдің қолында
Семсер, қылыш, найзасы.
Әділ аман, біз аман,
Патша болып, хан болып
Тигізген көпке пайдасын.
Қазынаға толтырар
Алтын сарай қоймасын.
Осы айтылған сөзімді
Бір Алла өзі есіткей.
Ілия менен Бәйбикеш,
Келіп қалар ер Әділ
Артымыздан кешікпей.
Туған жерге не жетсін,
Алтын сарай бесіктей.
Сонда Қази толғады,
Бұл айтқан сөзге болмады:
—Шын сөйлесе батырдың
Сонда асыл болмағы.
Қарасай, жалған сөйлейсің
Әділ аман келе атса,
Әскерің қайда қолдағы?
Мүсәпір болған сорлыны
Неге алдайсың сөзбенен?
Екі көзі төрт болып,
Қайғылы көңіл дерт болып,
Мұңайып тұрған жолдағы.
Жалған сөзбен жұбатып,
Ұмыттың ба, Қарасай,
Бір жаратқан Алланы.
Жауда қалды ер Әділ,
Біз де қайттық жаралы.
Қызылбас жақта ер Әділ
Қырымның патша тарланы.
Әділ қалды қорлықта,
Бойымыздан кетер ме
Қайғының ауыр салмағы?
Батырсынған ерлердің
Тістеуменен қайтты бармағы.
Жағалай қазған оры бар,
Жебедей мықты торы бар,
Бекініс мықты қорғаны.

Тағы оқыңыз