Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (22-бөлім)

Қарасай-Қази · Қобылаш Бекмағамбетов нұсқасы · 2 мин оқу

Әлқисса, Қарасай, Қази, Қарашаш, Ақ Қибат, Бәйбикеш, Ілия бір-бірімен көрісіп, жамырасып, мұңдасып, мұңын айтқасын, екі батыр қызылбасқа шеру жол жүріп, ер Әділді азаптан құтқарып, елге алып қайту сапарына аттанады.

Қарасай, Қази—қос батыр
Орақтың ұлы еді.
Қанша дұшпан келсе де,
Жаудан қайтпас жүрегі.
Хан Әділдің үйіне
Қарашаш, Қибат, батырлар
Сол күні жатып түнеді.
«Оң болғай,—деп,—жолымыз»,
Таң атқасын батырлар
Тұлпарына мінеді.
Жануар тұлпар қызыл ат
Жер тебініп аршындап,
Қанатын жайып шұлғиды.
Сулығын шайнап қаршылдап,
Ұмтылды тұлпар өлеңдеп.
«Қызылбас жатқан алыс жол
Қашан барып көрем» деп,
Қарасай сонда сөйледі:
—Астымда тұлпар Қызыл ат
Олжалы болар сапарда
Тап осылай ұмтылад,
Тұлпарда түрлі өнер көп.
«Аман бол,—деді,—аналар,
Әділді ертіп қасыма,
Жиырма күнде келем» деп.
—Оң болғай,—деп,—сапарың,
Қарашаш сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Қарасай, Қази қарағым,
Орақтың туын қолға алып,
Беліңе ілдің жарағын.
Әділге деген сапарың
Оң болғай басқан қадамың.
Ертең сәске болғанда,
Ақ шалмалы ақ сақал,
Балдарым, саған айтайын,
Кездесетін адамың.
Қолтығынан түйіншек
Алып, балам, ұсынар
«Дәм татың,—деп,—мынадан,
Татқайсың сонда тағамын.
Осы айтқаным шын болса,
Қылаң тұлпар мінгені
Көрсетпес сізге ажарын.
Бет әлпеті сүрмелі
Ол—Құралай пері анаңыз.
Тарыққасын ұрпағы,
Түсіне күнде кіргені.
«Қол ұшымды берсем» деп,
Жолыңды күтіп жүргені.
Ұмтыл, балам, дегенде,
Көздеріңді жұм,—деді.
Алты айшылық сапарың
Болады алты күн,—деді.
Өсиетін тыңдап ананың
Батырлар атқа «шүу» деді.
Қарасай, Қази тұлпары
Ұшқан құстай гуледі.
Екі тұлпар жануар
Табаны жерге тимеді.

7-310

Тұяғы тиген жерлерді
Саз балшықтай иледі.
Екпіні күшті дауылдай,
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге үйгені.
Ертең сәске болғанда,
Оң болды ердің талабы,
Ілгері басқан қадамы.
Кездесе кетті алдынан
Қарашаш айтқан адамы.
Ақ шатыры күмістен,
Жолын күтіп жүр екен
Келгендей сыйлы қонағы.
—Шөлдесеңіз, ұлдарым,
Қасыма келіп жақындап,
Емші,—деді,—маманы.
Бет әлпетін көрсетпей,
Қырын қарап жабады.
Белінде деңмерт белбеу бар
Алтын шайған тоғалы.
Қолындағы түйіншек
«Келің, балам, дәм тат» деп,
Ұсынған осы тағамы.
Қарасай, Қази ұмтылып:
«Пісмілла, анам!»—деп,
Тілдеріне жағады.
«Көптен қалған нәрсе еді,
Шырағым,—деді,—шамалы.
Ал, балдарым, жүрің» деп,
Түйіншегін жабады.
Астындағы тұлпарлар
Жұлдыздай болып ағады.
Батырлар мінген тұлпардың
Тимеді жерге табаны.
Ананың болды дегені
Бір жылғы азық болғандай
Тіліне сүйкеп жегені.
—Осы, балам, шын,—деді,
Көзіңді кәне жұм,—деді.
Ер серігі тұлпарлар
Ұшқан құстай гуледі.
Алты айшылық сапарға
Алты күнде келгені
Қарасай, Қази батырдың
Мінген пырақ тұлпары.
Тұтқында жатыр ер Әділ
Қырымның патша сұлтаны.
Батырлардың кигені
Былғары қоныш саптама,
Жеті қабат ұлтаны.
Қарасай айтты:—Дем алып,
Кешке қарай шабалық.
Көз ұйқыға кеткесін,
Қызылбасты құрталық.
Қалың қамыс нуы бар,
Жағалай жатқан суы бар.
Бұл жерлерде бар шығар
Айдаһар,жылан, қабаны.
Күн батқанша дем алып,
Түнге қарай шабалы.
Жасы үлкен мен едім,
Менің інім сен едің,
Сыйлаған жақсы ағаны.
Мінгеніміз тұлпар ат,
Қолтығыңда қос қанат,
Қайтпас болат тағалы.
Бұл сөздерді есітіп,
Інісі Қази батырдың
Ашылмады қабағы.
Соныменен батырлар
Тау жағалай шабады.
Өздеріне мәлім жер
Жалғыз аяқ тар жолды
Көп кешікпей табады.

Тағы оқыңыз