Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Ғауазхан (1-бөлім)

Көрұғлы · 2 мин оқу

Иләһи, сиынамын, Ханнан, Кәрім,
Тіліме медет берсе Бір уа Барым.
Жазайын бір хикаят тыңлағанға,
Жар болса бұл күндері Сафа, Кәрім.
Қолыма қалам алып бір хикаят
Тіл, енді ғазалыңды әйла дастан

Ойлаймын салғастырып ақылыма,
Дұға қыл біз бейшара, пақырыңа.
Кейінгі балаларға мұны жаздым,
Қалсын деп бұл дүниенің ақырына.

Үй салған Көрұғлыбек Жәмбілбелге,
Жарасар не деп айтса мұндай ерге.
Ғауаздың бір саласын мен сөйлейін,
Зұлжалал, бұл талапты келтір жөнге.

Ғауазға Көрұғлыбек әмір етті:
—Жиыл,—деп қырық жігітке,—тамам енді.—
Алты қаз, тоғыз үрдәк Һауадақ қөлден
Тез барып, Ғауазханым, әпкел,—депті.

Қолыңа сұңқар менен қаршыға ал,
Сөзіме менің айтқан құлағың сал.
Атаңыз құс етіне құмар болды,
Қарағым, Қара атқа мін, тез жылдам бар!

Күн қайда ата тілін қайтаратын,
Жүгіртіп Һауадақ көлге салды құсын.
Мінді де Қара атына жүре берді,
Ерлерге әр уақытта Алласы жар.
Бал ашып майханада отыр еді,
Даладан біреу келіп айғай салды:

—Көрұғлы, тез шық үйден жылдам,—деді,
Айналып бұл арада тұрман,—деді.
Ғауазды «Алла» демей жібердіңіз,
Жеті жыл әурелікте қалдың,— деді.

Жүгірді Көрұғлыбек естіп дауыс,
Жас ағып екі көзден болды сауыс.
Таныды көрген жерден, пірлер екен,
Ғайып Ерен, қырық шілтен, Қияс, Қауыс.

Көрұғлы мұны естіп қылады зар:
—Пірлерім, бейшараға назарың сал.
Бір қата енді менен болған екен,
Пірлерім, әуре қылмай, бол медеткер!

Жел соқты сол уақытта аспан-көктен,
Қарауға көрсетпеді төңіректен.
Құйылып көзге топырақ сонша жаман,
Ішінде жүрген жанның есі кеткен.
«Жоқ жерде Ғауазханнан айрылдым» деп,
Түседі батыр кейіп Мәжнүнкөктен.
Тыңлағын, неше жерден хан Көрұғлы
Келтіріп неше жерден тәмсіл еткен.

Барады күн ашылып Һауадақ көлге,
Тағы да түсті қайғы мұндай ерге:
—Жоқ жерде Ғауазханнан айрылдым деп,
Барамын не бетіммен енді елге?!
Хасанхан, Сапабегім, сізге ұнай ма,
Қаңғырып мен кетейін бетпақ шөлге.

Аһ ұрып зар жылаймын, Ғауазханым,
Құдірет, ішкі сырым сізге мағлұм.
Әуре қып сорлы басым, о, дариға,
Сол құсқа жібергенім, не қылғаным?

Ағажүніс білмей қалды—құшқан жарым,
Білмеймін мұның арты не боларын.
Жоқ жерде аңдып тұрып алып кетпесін,
Қаптаған көп қызылбас дұшмандарым.

Жүріңдер жан аямай, дос-жарларым,
Іздейміз қызылбастың шаһарларын.
Бас қатар жоққа жігіт азарында,
Жас жетіп қартайған соң қажығаным.

Қырық жігіт қабыл етті айтқан сөзін,
Көрұғлы Ғауазханға етпес төзім.
Қараса олай-бұлай, дәнеме жоқ,
Төгеді жасын Хаққа екі көзін.
Сапабек, Хасан сұлтан мирасқорлар
Қара аттың неше күндей қарады ізін.

Көрұғлы тағы айтады:—Хасанханым,
Мирасқор сіздер едің қадірданым.
Дарияның ар жағында көп қызылбас,
Бар еді Қоқи патша дұшмандарым.

Әр жерге қыдырайық хабар салып,
Кез болған бұл қасіретке біз бір ғаріп.
Қылайық еш болмаса ашу басар,
Шаһарын сол патшаның шауып алып.
Сол малғұн аңдып жүріп әкетпесін,—
Көрұғлы соны айтады ашуланып.
Қырық арыстан, Көрұғлы бек мініп атқа,
Атына қамшы басты соны айтып.
Көрұғлы озып кеткен бұл жаһаннан,
Кез болған сұрап жүрді әр адамнан.
Бұл ерлер мұныменен тұра тұрсын,
Сөйлейін тыңдасаңыз Ғауазханнан.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз