Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Ғауазхан (11-бөлім)

Көрұғлы · 2 мин оқу

Есітті қыздан сөзді Ғауаз бала,
Құдайға ғашықтықтан қылды нала.
Келер деп кімнің күші ол періге,
Мысалы әйламаса Хақ Тағала?!

Қыз айтты:—Тыңда мені, шаһизатым,
Перінің түсіндірдім салтанатын.
Хайласын ұстайтұғын үйретейін,
Есіңе мықтап ұста насихатым.

Осында үш күннен соң келер маған,
Ер азбас өз қайратын шамалаған.
Қоямын босағаға алтын сандық,
Білдірмей сені салып қоям соған.

Қасында қырық кәнизак болар қыздар,
Көтеріп алтын тақпен жүрер солар.
Тұрғанда аққу кеппен ұмтылмаңыз,
Болсаң да қандай палуан жерге соғар.

—Разымын патша қызы, Жұлдызайым,
Сізбенен жолдас қылған бір Құдайым.
Хайламен ұстап берсең осы қызды,
Өлгенше қызметіңді ұмытпайын.

Көрген соң, ғашық болып, қудым ізбен,
Көп тарттым оның үшін қасіретін.
Орнына мақсатымды келтірмесең,
Несін айтам сені жар деп мені сүйген!

—Бұл сөзді, шаһизатым, орындармын,
Кешікпей жатқызармын ғашық жармен.
Түбінде қызметімді ұмытарсың,
Өткізбе ғұмырымды менің зармен.
—Құдайым берсе ғұмыр бір басыма,
Сен жайсаң хан баласы ұрғашыда.
Қолдасып екі бекзат уағда етті:
«Ешкімді теңгермен,—деп,—бір басыңа».

Уағдасын осылайша мықтап алды,
Бұл іске Жұлдызайым қуанады.
Бір күні кеш уақытта отырғанда
Пері қыз бұрқ-сарқ етіп келіп қалды:

—Ей, достым, отырмысың есен-аман,
Көрмесем жеті сайын көңілім алаң.
Келеді мұрыныма жаман иіс,
Қасыңда бөтен заттан бар ма адам?

Көрмеппін қыз да болса мұндай дана,
Тақытымен қырық кәнизак алып келді.
Сандыққа Ғауазханды тығып тастап,
—Әй, достым, аманмын,—деп,—шыға келді.

—Келеді адам иісі мұрыныма,
Көрінеді дақ түскендей мұрыныңа.
Жасырынып менен қашып ерге тиіп,
Келтіріп жүр ме екенсің орынына.

«Тақсыр!» деп есік ашты қыз да оған,
«Ей, достым, болмағай-ды бөтен адам?»
Жарық қып қараңғы үйді кіріп келді,
Көрісіп қырық кәнизак бәрі тамам.

Тастады аққу кебін бәрі тамам,
Сөйлесе сөзі дана, лебізі балдан.
Шам жақпай сәулесімен отырысты,
Жаратқан сонша артық Хақ Тағалам.

Перілер қараңғы үйді қылды жарық,
Пар келмес сұлулыққа одан артық.
Сандықтан Ғауаз батыр кіріп жатқан
Ұстады Құндызайды тұра салып.
Пері қыз сол уақытта жаман састы,
Астына арыстандай мықтап басты.

—Ей, достым, ренжіме, таптың теңің,
Әдейі іздеп шыққан жарың сенің.
Ұста да сені көріп ғашық болып,
Қара атпен қуып шыққан тастап елін.
Жиһанда Көрұғлыбек аты шыққан,
Білесің Ғауазханның жүрген сырын.

—Қалайша қуып шықтың сенің өзің,
Рас па кеңістікте айтқан сөзің?
Келмедің шақырғанда, ұшып кеттім,
Өткен соң ту сыртымнан екі көзің.

Келмедің, өкпеледім, шақырғанда,
Тілекті Тәңірім берер зар ұрғанда.
Ғашық боп жүрмесем де көп жүдедім,
Жеткізді Қадір Алла ақырында.

Қасыма келген болсаң, кетпес едім,
Жездеміз хан Көрұғлы теңдесі едім.
Ақырында рахатпенен қауыштырды,
Мұратқа асыққанмен жетпес едім.

Жұлдызай неше түрлі қылды сыйды,
Тағамның дүниедегі бәрін жиды.
Той қылып қырық кәнизак тамаша әйлап,
Сол жерде куә болып, неках қылды.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз