Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Ғауазхан (3-бөлім)

Көрұғлы · 2 мин оқу

Қыз сонда аққу болып ұшып кетті,
Құдайым басқа салды қайғы-дертті.
«Қапыда ұстай алмай қалдым ғой» деп,
Зар жылап бала тартты қайғы-дертті.
«Перінің қызын ұстап бермедің» деп,
Ыза боп сорлы ұстаны тепкілепті.
Ұста айтты:—Ғауазханым, тыңда,—дейді,
Періні бұл қыз бойға тең көрмейді.
Ғашық боп шақырса да бір келмедің,
Бұл кінә, ойласаңыз, өзіңде енді.

Соқтырар жылма-жыл [кеп] ісін алып,
Ешкімге сөйлеспейді бойын салып.
Адамға одан бөтен жазығым жоқ,
Отырмын осыменен күнім көріп.

Әуелде сенікі еді, ұстап алсаң,
Шырағым, сырым осы, құлақ салсаң.
Қасына келгеннен соң, тисе қолың,
Болады саған қатын, тілге нансаң.

Егескен шаһизатсың дұшманменен,
Қоспадың әуел ақыл ұстаңменен.
Қапыда балалықпен босқа қалып,
Еш нәрсе өнбес мені қысқанменен.

Ұстаны қоя берді Ғауаз батыр,
Ұстай алмай пері қызын қалды ғапыл.
Оттатып Қара атын, су ішкізіп,
Ғауазхан сол арада ойлайды ақыл.

Зарымды қабыл әйла, Хақ Тағалам,
Бұл күнде жігіт бар ма менен жаман?!
Жасаған, Құндызайды әпермесең,
Жәмбілден дәм бұйырмас енді маған.

Көрдім деп бір сұлуды барам ба елге,
Мақтанар не жайым бар Жәмбілбелге.
Жолында Құндызайдың арманым жоқ,
Қаңғырып қу далада өлсем шөлде».

Мұны айтып Қара атқа қамшы басты,
Қиялды қыздан басқа ойламас-ты.
Жүгіртіп Құндызайдың кеткен жолға,
Аспанда ұшқан құспен араласты.

Келеді тым болмаса жөнін білмей,
Көңілінде қасіреті бар ойнап-күлмей.
Үш айлық алыс жолға сапар тартты,
Жүгіртіп Қара атпенен Ара шөлде-ай.
Бұл қыздың мекені бар Көһи Қапта,
Тәуекел берер Құдай қай тарапта?

Періні көргеннен соң болды ғашық,
Баруға сол сұлуға болса нәсіп.
Неше күн көргеннен соң болды ғашық,
Көз салып асқар таудан асып-сасып.

Ар жақта отыр көп ел мал жайлаған,
Әр түрлі мал шалқар көл жағасында.
Ауыл-ауыл киіз үй, мұсылмандар,
Бармаққа Ғауаз батыр қылды көңіл.

Кетпекке сол ауылдан хабар алып,
Білмекке кім екенін қылып анық.
Құмары бір шылымның еске түсіп,
Ауылдың ортасына келді салып.

«Кім бар?» деп, ақ отауға айғай салды,
Сөйлесіп бір жас қыздан хабар алды.
Осы үйде қызойнақ боп жатыр еді,
Шуласып жүз елу қыз жиылған-ды.

Жүгіріп шыдай алмай қыздар келді,
Көрген соң сабыр қылмай Ғауаз ерді.
Ғауазхан шылым сұрап тұрғанында,
Көп қыздар «мен берем!» деп жапырлады.

Ғауазхан қыз қолынан тартты шылым,
Таңырқап қыздар тұрды мұның көркін.
«Бұл ауыл қай рудан болады?» деп,
Сұрады білмек үшін қыздан жөнін.

Нұр берген сіздей затқа бір Құдай-ды,
Түсуге қыздар аттан шыдамайды:
—Ерназар патшамыздың аты болар,
Сұрасаң руымыз Елібай-ды.
Баласы Райхан араб Ерназарбек,
Білсеңіз елдің жөні осылай-ды.

Зейнепгүл қарындасы мынау тұрған,
Шаһизат шынжыр қатар тегі асылдан.
Жолың болсын, ей, бегім, шаһизатым,
Келіп жүрген перімісің Көһи Қаптан?
Дүние кезіп жүрген неткен жансың,
Сіздей жан туар ма екен адамзаттан?

—Атамыз Көрұғлыбек Жәмбіл ханы,
Жиылса қанша жаудың келмес әлі.
Сұрасаң алтын айдар Ғауазханмын,
Не болар менің күнім мұнан әрі?

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз