Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлының Шағдатқа барғаны (1-бөлім)

Көрұғлы · Р. Мәзқожаев нұсқасы · 2 мин оқу

Еш дұшман кеміте алмайд Көрұғлы ерді,
Дұшманға қарсы тұрды байлап белді.
Бір күні ұйықтап жатып сарайында
Анасын Шағдаттағы түсте көрді.

—Көрұғлыжан, ұмыттың-ау, балам,—дейді,
Жаратқан болсын сенің панаң,—дейді.
Қозыдай жетім қалған маңыратып,
Салмадың біз ғаріпке назар,—дейді.

Осылай деп анасы
Түсінде берді аянды:
—Сәнаменен сарғайып,
Өлуге әжең таянды.
Қасіретпенен қартайдым,
Көтере алмай тәнамды.
Өлгенім де жақсы еді,
Көргенше күнде азарды.
Өлшеулі өмір бітпейді,
Бермеді Тәңірім ажалды.

Таң сарғайып атарда,
Көрұғлы шошып оянды.
Ат шаптырып Шанбілге,
Жинады барлық адамды:
—Шағдатқа барып келгенше
Хан қойдым, халқым, тағамды.
Өлімге басты байладым,
Алдымыз тұман, қараңғы.
Дұшманды тақтан құлатып,
Әкелем жаудан анамды.
Ала алмасам кегімді,
Дүние-мүлкім, Шанбілді
Көруге маған арам-ды.
Сиынғаным Құдірет,
Жәрдемшім шілтен бабам-ды.

Райхан араб, Қызылбай
Әскермен келді жиналып
Есіткен соң хабарды.
Үш жүз мың қосын аттанды,
Асынып қару, құралды.
Шағдаттан сөзді айтайық,
Қоя салып бұларды.

Айтайын енді сөзді Шағдат жақтан,
Бір күні сарайында ұйықтап жатқан.
Түсінде үш жолбарыс ауыз салып,
Құлатты падишаны алтын тақтан.

Қашамын деп құлап қалды жантайып,
Шағдат ханның қойды пәтін тойтарып.
Түсте көрген қатты азарын ұмытпай,
Қайғыменен Шағдат тұрды теңселіп:

—Түс жорушы шақыр мыстан анамды,
Жолбарысқа тістеттім түсте тәнамды.
Келді мыстан құлақтарын жамылып,
«Палымды ашып байқайын,—деп,—шамаңды».

Жауырынмен ашты мыстан қурасын,
Біраздан соң айтты палдың турасын,
Әрбір түрге түсін бұзып мақаммен:
—Қиыншылық көрер, Шағдат, бір басың.

Бір кездерде мыстан басын шайқады,
Біраз жерден болжап және байқады:
—Үш жолбарыс—түрік елдің батыры,
Хараб етер сіздің халық, тайпаны.

Бұл палыма толып жатыр түскен кеп,
Раушанды сатып алған Ғаждамбек.
Әскер жиып көп дұшмандар келеатыр,
Қамыңды же, әскер жина, жатпа тек.

Қайраты артық баһадүрдің біреуі,
Шілтен қолдап шылауында жүреді.
Қанша қосын жер майысып келеатыр,
Олар келсе, аш бөрідей тиеді.

Осылай деп мыстан кемпір жылады,
«Шағдатхан патшам, енді шаруаң тынады.
Сіздер түгіл, біздерге де қауіп» деп,
Естен танып етбетінен құлады.

Біраз жатып мыстан көзін ашады,
Шағдат қорқып қатты, жаман сасады.
Мың кісіге Сайпар ханды шығарып,
«Шөлде қыр» деп, өкіметін шашады.

Мың кісімен түсті Сайпар бұлақтан,
Асу-белден жол келетін ұзақтан.
Бұл дұшмандар жата берсін жол тосып,
Ендігі сөз Көрұғлы мен арабтан.

Бал Ғиратпен шәкпір тартып келеді,
Жарақтанған қайтпас қайсар ер еді.
Асқар белден асып төмен түскенде
Тосқан жауды бұлар дағы көреді.

Өңкей батыр атты қойды шалықтап,
Қызылбастар көріп қалды анықтап.
Садақ тартып Сайпар батыр бұйырды,
«Бас тартсаңдар өлтірем,— деп,—айыптап».
Мың кісіге «ат,—деп,—Сайпар бұйырды,
Оңай жеңіп аламыз,—деп,—қиынды».
Тартты садақ дұшман залым сығалап,
Қардай борап оқ жаңбырдай құйылды.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз