Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Ғауазхан (7-бөлім)

Көрұғлы · 2 мин оқу

Ғауаздың көңілі қалып Қара атынан,
«Шабысың,—дейді,—маған ұнамаған.
«Сұлудан Жұлдызайдай қалам ба» деп,
Атты ұрып Ғауаз батыр зар жылаған.

Сөйлейді сонда Қара ат:—Құлағың сал,
Бозтарлан ағам менің, оны ұғып ал.
Баласы Райхан араб Ерназарбек,
Айтамын түсіндіріп осындай хал.

Кетуге ләзім емес артқа тастап,
Сыйламай қалай озам шаппақ қыстап?
Аға алдын ахиретте көре алмаймын,
Ағаның зор күнә-дүр жүзін баспақ.

Иесі Ерназарбек-дүр Елібайдың,
Мәнісін көп біледі осы жайдың.
Үмбеті Мұхаммедтің шын мұсылман,
Күнәсіз құлы болар бір Құдайдың.

Сыртыңнан көп біледі атыңды анық,
Кісілік онда да бар осы қалып.
Сізбенен жолығуға көптен құмар,
Дауыста «Ғауазбын» деп айғай салып.

Бізбенен сонда тоқтап қос болады,
Көңілі мұсылманның бос болады.
Әгарда Құдай оңдап тілге келсе,
Иншалла, көңілдерің қош болады.

Мақсатың қабыл қылар Хақ Тағала,
О дағы ер көңілді асқан дана.
«Бәйгеңді осы күнгі маған бер» деп,
Жалынып, жөніңді айтып сұрап қара.
Дос болса саған берер бір табысын,
Дұшманға жібермейді ер намысын.
Бұл қызды тіліңді алып бермесе егер,
Сонан соң Қара атыңның көр шабысын.

Басынан бір секірсем кетем асып,
Білінбей ұшқан құспен, араласып.
Білсеңіз, Ғауаз батыр, жайымызды,
Көп жылап, қыз алам деп тұрма жасып».

Қуанды Ғауаз батыр судай тасып,
Жан жолдасы Қара атпен ақылдасып.
—Тоқта!—деп, Ғауаз батыр айқай салды,
Кетіңіз тым болмаса бір тілдесіп.

Емеспін мен диуана, Ғауазханмын,
Баласы Көрұғлының қадірданмын.
Тез тоқтат, тілге келіп, атыңнан түс,
Жолдас бол, ахиреттік дос боламын.

—Жәмбілбел мен білемін жайлауыңды,
Неше бек, неше жайсаң байларыңды.
Болсаңыз Ғауаз батыр нықап көтер,
Көремін көзімменен айдарыңды.

Басынан бұл сәлдесін жұлып алды,
Ерназар ғашық екен, ал қуанды.
Көрген соң тамаша әйлап сымбатына,
Шұғыласы шыққан күнмен жарқырады.

Деген соң Ғауазханмын аттан түсті,
Құрады айдалада мәжілісті.
Дос болып ахиреттік, қол алысып,
Жыласып, құшақтасып ал көрісті.

—Шырағым, қайдан жүрсің, алыста елің,
Кемінен үш айшылық сенің жерің.
Аман ба Көрұғлыбек, қырық жігітің,
Сау бар ма текежәуміт, Жәмбілбелің?
—Жұмысым Жұлдызайды іздеп келген,
Жол шығып неше михнат алыс жерден.
Тағы да пері қызын мен іздеймін,
Бұл қызды сауғаға алсам сіздей ерден.

Ерназар айтты сонда:—Бердім қызды,
Алдыңыз аспандағы бір жұлдызды.
Зейнепгүл қарындасым және бердім,
Қайтарда ұмытпаңыз осынымды.

Қайтарда сені күтем елде жатып,
Өзіңмен жіберемін оны ұзатып.
Тамаша Зейнепгүлдің тойын қылып,
Тұрармын отауыңды әзірлетіп.

Ерназар амандасып атқа мінді,
Алуға Зейнепгүлді уағда қылды.
«Сіз барып сол сұлуды алыңыз» деп,
Аяңдап өз еліне жүріп кетті.

Амандасып Қара атпенен шауып кетті,
Басына Тәңірі берді бір нәубетті.
Батырдың көңілі шат боп қыз алуға,
Ұйтқытып Қоқи ханға жетіп кепті.

Шаһарды үш айнала шапты және,
Бұл қызға қызықтырған Хақ Тағала.
Мезгілі ат келетін болды ғой деп,
Тұр екен жұрт жиылып сахарада.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз