Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Ғауазхан (10-бөлім)

Көрұғлы · 2 мин оқу

Білдірген білмегенді Хақтың өзі,
.........
Жіберді осыны айтып Құран оқып,
Айтады көргендей-ақ анық көзі.

Ғауаздың Жұлдызайға көңілі бітті,
Кетірді ішіндегі қайғы-дертті.
Ас ішіп патша қыздың сарайында,
Қосылып екі ғашық сұхбат етті.

Қызықпен қыз қойнында үш жыл жатты,
Қызықтың әрбірінің дәмін татты.
Бір күні пері қызы еске түсіп,
Ауырып жер бауырлап, қайғы тартты.

Жүгіріп келді сұлу қастарына,
«Құдайым, ғұмыр бер» деп жастарына,
«Ғауазым, бүгін саған не болды? деп,
Қойдырды мамық жастық бастарына.

—Ауырып не себептен зар жыладың,
Не болар сіз жыласаң менің халім?
Ата-ана, сағындың ба Жәмбілбелді,
Мұншама қайғырғаның не қылғаның?

—Құлақ сал сөздеріме, Жұлдызайым,
Сізбенен жолдас қылған бір Құдайым.
Шығып ем құс салуға Һауадақ көлге,
Тыңдаңыз осылайша менің жайым.
Аспанға желмен ұшып қашты құсым,
Тындаңыз батырыңның қылған ісін.
Кез болып жыра астында сұлу көрдім,
Аңғартпай кетті ұшып оң мен солын.

Қызы екен Ахмер пері, Құндызай-ды,
Біз таптық кез келген соң осы жайды.
Әуелде пері қызын шықтым қуып,
Мәнісім менің жүрген осылай-ды.

Көрген соң шығып едім осы затты,
Ол маған түсіндіріп жайын айтты.
Ат озып, Құдай беріп сізді алған соң,
Көтерілді екі-үш жылдай көңіл шат-ты.
Жұлдызай, енді маған өкпелеме,
Жәмбілге қайтпан таппай Көһи Қапты.

Атамыз пері заттан үш қыз алған,
Бір күні ажал жетсе өтер жалған.
Алмасам дүние кезіп Құндызайды,
Қайғылы көкіректен кетпейді арман.
Көһи Қап жердің түбі, ойлап тұрсам,
Сонда да ғашық үшін бармай қалман.

Жұлдызай сонда бұған күлді дейді,
Екенін қызға ғашық білді дейді.
—Айтыңыз бастан-аяқ баян қылып,
Анықтап қай тараптан көрдің,—дейді.

Ұстамен отырғанда жыра астында,
.........
—Сұлтаным, оған бола ренжіме,
Маған дос, уақытында келер мұнда.

Келеді маған сол қыз жеті сайын,
Айтпадың бұрын неге осындайын?
Дос болды іздеп келіп меніменен,
Шаһизат, тыңда менен оның жайын!

Кеше де амандасып келіп кетті,
Көңліңнен шығар енді қасіретті.
Пері я адамзатқа....................
Бір ерге тиемін деп уағда етті.

Уағдасы перілердің болмас жалған,
Мақсатың қабыл болар көңілге алған.
Құндызай қолыңызға тимей қалмас,
Сіздерге жәрдем болса бір Алладан.

Пері қыз жетісінде келер маған,
Әрқашан білдірмедім мен де саған.
Қасында қырық кәнизак қыздары бар,
Перінің патшасына көз салмаған.

Асады көз жұмғанша тау мен тастан,
Шындаса айшылықты алты басқан.
Көтеріп алтын тақты қырық қызы,
Аспанда бұлттарменен араласқан.

Атасы Қап тауында Ахмер пері,
Жылында сейіл құрып ол жүреді.
Аспаннан нұр жауғандай болар жарық,
Шұғыласы жарқырайды жүрген жері.
Демесең аты әйел Құндызайды,
Байқасам ол дағы бір ердің ері.

Неше рет түсіндірген халін маған,
Көп сөйлеп не қылайын оны саған.
Қарасаң сәулесіне таңғажайып,
Таңертең шыққан күндей жарқыраған.
Көз салсаң қырық кәнизак қыздарына,
Таудан аққан судай жылмаңдаған.
Сипаты тілмен айтып таусылмайды,
Ерлігі айтар сөзден тартынбаған.

Тағы оқыңыз