Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Ғауазхан (5-бөлім)

Көрұғлы · 2 мин оқу

Бар еді бір сыншысы жиһан кезген,
Жауапқа тартынбаған айтар сөзден.
Оны да шақыртумен қасына алды,
Аттарды сынап тұр деп көріп көзбен.

Тұлпарлар тұс-тұсынан келіп жатыр,
Бір сынау бас-басына болып жатыр.
Лайықтап әрбір атты өз халінше,
Шығарып сыншы заңғар көріп жатыр.

Бір тұлпар келді шеттен күрең қасқа,
Болмады ешбір амал сынамасқа.
Патшаға сыншы мақтап: «Бәлі!—деді,
Бұл топта ат озбайды мұнан басқа.

Көкқасқа тұлпар келді қызылбастан,
Шапқанда ұшқан құспен араласқан.
Жасынан бәйгіні алған тұлпар екен,
Алдына жан салмаған бұл алаштан».

Жоғарыдан сыншы көрді Көкқасқаны,
«Жиһанда көрмедім,—деп,—ондай малды.
Ат жоқ,—деп,—мұнан озар, нағыз жүйрік».
Патшаға өз тілімен көп мақтады.

Бозтарлан сынатуға және келді,
Салбырап тебінгідей төменгі ерні.
«Япырым-ау, нағыз тұлпар мынау ғой» деп,
Биіктен сыншы төмен түсіп көрді.

«Бозтарлан бәйгі бермес шапқанменен,
Талайды арғымақ деп баққанменен.
Ермейді басқа тұлпар тозаңына,
Сәндетіп кілем жауып баққанменен.

Бозтарлан басқа атқа бәйге бермес,
Жүйрік жоқ бұл арада бұған теңдес.
Сұлуды ат қинамай осыған бер,
Шапқанмен басқа тұлпар шаңына ермес».

Ғауазхан бір шетте тұр атын жауып,
Көңілінде дұшманынан қылмай қауіп.
Шығады айдаушыға отыз адам,
Тұлпарлар бет-бетімен кетті шауып.

Сыншының Қара атқа көзі түсті,
Көрген соң ол залымның зәресі ұшты.
«Жәрдемші пір көтерген қанаты бар,
Жылмиып бұл келіп тұр қайдан?!» депті.

Шайхыны үстіндегі көрді көзі,
Ғаламнан асқан білгір мұның өзі.
Жүгіріп Қоқи ханға қайта кірді,
Мінеки, патшаға айтқан мұның сөзі:
—Падиша, көріп келдім бір диуана,
Жүгірдім сізге айтуға көре сала.
Жәрдемші пір көтерген қанаты бар,
Астында бір тұлпарды көрдім және.

Бұл жұрттан артығырақ мінген аты,
Басқа-дүр біздің заттан, бөлек заты.
Бар еді естуіміз, көз көрген жоқ,
Болмаса Көрұғлының өз Қара аты!

Ертерек бұл шайхыны салдым еске,
Түбінде қам жегейсің болып есте.
Болса да жүз мың жаудан қорқар емес,
Тұрмаса түс өзгертіп білдірмеске.

Қарасам, аждаһадай ер сипаты,
Бұл жұрттан артық көркем салтанаты.
Жүзінде пердесі бар салып жүрген,
Болмаса Көрұғлының жұрағаты.

Қарасам, жасы отыздан артық емес,
Бұл топта жігіт болмас оған теңдес.
Бір шетте атын жауып, тасалап тұр,
Жан бар деп мұнша көпті көзіне ілмес.

Падиша шақырады: «Көрейік,—деп,
Хал-жайын, кім екенін білейік» деп.
Сыншының қайта өзін жібереді,
«Жігітті өзің көрген бір көрсет» деп.

Шайхыны шақыруға сыншы барды,
Падиша, уәзірімен хабар алды.
Хан шақырды деген соң іркілмей-ақ,
Ұмтылып атыменен жетіп барды.

—Диуана, қай тараптан келіп жүрсің,
Бұл жерге қалайынша келіп тұрсың.
Мұсылман, кәпірмісің, үндімісің,
Дініңіз қалай болар, кім құлысың?
—Боламын мен мұсылман, Ауған елден,
Құдай бір, Пайғамбар хақ, Құраны шын.
Сұраймын игі талап кәміл пірден,
Сұлуды Жұлдызайдай алмақ үшін
Бәйгеге ат қосуға келіп жүрмін.

—Ат жүріп, міне, кетті, енді қалдың,
Ақылы бүтін емес осылардың.
Атыңды қағаздатпай, я сынатпай,
Сөзін қара,—деп күледі,—бейшараның.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз