Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қобыланды батыр (17-бөлім)

Қобыланды · Ә. Диваев нұсқасы · 2 мин оқу

Қобыланды батыр жаудың қай жаққа кеткенін білмей дағдарып тұрғанда, Тайбурыл жерді иіскеп-иіскеп алды да, кісінеп-кісінеп, күннің шығысына жөнелді. Қобыланды бұған таңданып, Тайбурылдың иіскеген жерін қараса, Құртқа сұлу өзін қалмақ алып кеткенде қай жаққа кеткенімізді Қобыланды батыр біліп қалсын деп, Тайбурылдың сүйсініп жейтін жемін шұбатып төгіп кеткендігі мәлім болды. Қобыланды батыр бұған түсінгеннен кейін, жемнің ізіменен тауып берер деп, Тайбурылдың басын қоя берді.

Тайбурылдың жүрісінің сияғы:

Тайбурыл атты Қобыланды
—Әйт, жануар, шу,—деді.
Бурыл тұлпар гуледі,
Табаны жерге тимеді.
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі.
Арандай аузын ашады,
Аяғын топтап басады.
Ертеңнен шапқан Қобыланды
Кешке дейін шабады.
Жете алмай қалаға,
Бекер шапты далаға.
Сілтеуді анық табады,
Түнге дейін шабады.
Түн ортасы болғанда,
Есіктің алды ағын-ды,
Бола жазды шығын-ды.
Шығын болмай не қылсын,
Екпіндеп шапқан Тайбурыл
Етпетінен жығылды.
Қобыланды түсе қалады,
Жерді байқап қарады.
Аллаға тілім жазықты,
Ат ауырса, қарны ашса,
Қылсын деген азықты.
Қыз Құртқа қағып кетіпті
Кез бойы алтын қазықты.
Қолын жерге салыпты,
Тайбурылдың астынан
Қобыланды тауып алыпты.
Ол қазықты бес бүктеп,
Ат қоржынға салыпты.
Атына Қобылан мініпті,
Тайбурылды тайдырмай
Табан жолға салады.
Артық туған Қобыланды
Таң атқанша шабады.
Елін шапқан дұшпанын
Адаспай Қобылан табады.
Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда
Алшағырдың шәһарын
Батырдың көзі шалады,
Шәһарға жетіп барады.
Қақпасын тауып алмаққа,
Тайбурыл атпен шабады.
«Асылдан соққан найза деп,
Жақсы кісі жаманға
Көп тигізер пайда»,—деп,
Таң атқанша Қобыланды
Үш айналды шәһарды,
Кіруге тесік қайда, деп,
Енерге есік қайда? деп.
Мінген аты ала-ды,
Қылшаң жүнді қара-ды.
Күнде қойға барғанда,
Жоқтаушы еді Тоқтарбай
«Жалғызым» деп баланы.
«Уай, қозым» деп зарлаған,
Жас қозыдай маңыраған,
Саулы інгендей аңыраған,
Сыртта жүрген Қобыланның
Құлағын жарып барады.
Қалайша жоқтар екен—деп,
Құлағын батыр салады.
—Келелі түйем ішінде
Қайырлы бура ұқсаған,
Жалғызым, сенен айрылдым.
Мың жылқының ішінде
Көзге түсер тұлпардай,
Қияғы бүтін сұңқардай,
Ботам, сенен айрылдым.
Ішім толған көп қайғы,
Аһ ұрсам да кетпейді.
Кәпірден киген тері тон
Тіземе тартсам, жетпейді.
Күнде «ал» деймін Құдайға,
Өлшеулі күнім бітпейді.
Жалғызым барда көңілім тоқ,
Жалғызым, сенен айрылып,
Табаныма жетті шоқ.
Басымнан өтті дүние боқ,
Мен қубасқа тимеді
Тағдырмен келген ажалды оқ!
Айы біткен ай да өтер,
Күні біткен күн де өтер.
Жалғызымнан айрылып,
Көрген күнім беп-бекер.
Опасыз дүние сырғанақ,
Он үш жасар Қобыланды,
Шынымен сенен айрылсам,
Өтірік емес Құдайдың
Шынымен мені ұрғаны-ақ!
Кәпірге бәнде болғанша,
Бұл бейнетті көргенше,
Жалғызымның артынан
Неге өлмедім мен шұнақ?!
Кемшілік берді бұл кәпір
Кәміл тоқсан жасымда.
Бенделікпен кәпірдің
Қойын бақтым мен пақыр.
Жалғызым менің келер ме
Сорым қайнап мен сордың
Иә болмаса, сол жақта
Қазасы жетіп өлер ме?
Тірі болса жалғызым,
Пірлері беріп хабарды,
Менің бүйтіп кәпірге
Бәнде болған жайымды,
Басыма түскен уайымды
Қобыланды қозым білер ме?

Тағы оқыңыз