Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарақыпшақ Қобыланды батыр (14-бөлім)

Қобыланды · Б. Толымбаев нұсқасы (Қазан, 1914) · 4 мин оқу

Арт жағынан бұлтиып,
Жаман нәрсең көрінген.
Көрінбе көзіме, жоғал,—деп,
Иінге түртіп қалады.
Сол уақытта бабасы
Өкпелеп кейін қалады.
Бұлар кейін қалған соң,
Құдай басқа салған соң,
Көбіктідей батырың
Қобыландыдай батырды
Тақымына басады.
Қос батырдың қос тұлпар
Жылқыға айдап қосады.
Ел қаптайды салаға,
Өтірік емес, жан аға,
Қалыңнан соққан қарсақтай,
Салақтатып екеуін
Көбікті кірді қалаға.

Көбіктінің бойжеткен қызы Қарлығаға келіп айтқаны.

Көбікті келіп сөйледі,
Сөйлегенде не дейді:
—Алтын камзол жеңдіше,
Бидай өңлі құбаша,
Орта бойлы дембілше,
Айналайын Қарлыға,
Жер астына бір түсер
Бұл пенденің барлығы.
Қайысқан болат сынғандай,
Асыққан көңіл тынғандай.
Екі пенде әкелдім—
Берсем сені күйеуге,
Бас жетімің қылғандай.
Көк шыбын қонсын қабаққа,
Сухарды берді тамаққа.
Қарлыға мінген кер еді,
Аяңдап басып желеді.
Жазығы әйел демесең,
Қарлыға да ер еді.
Жерде жатқан екеуін
Боқжамаша қолтықтап,
Қарлыға алып жөнелді.
Көк шыбын қонды қабаққа,
Сухар берді тамаққа.
Тастады жауып Қарлыға
Кілті мықты лабаққа.

Лабақта бұлар жатты. Бұйырған дәмін татты. Бірнеше күн өтті. Әлденеше күн жетті. Екі батыр солай жата тұрсын, азырақ Қарлығадан сөз сөйлейін. Көбіктінің баласы Быршымбай деген бар еді. Қарлыға сол Быршымға айтты:—Сен Алшағырға бар, менім әкем Көбікті Қараман, Қобыландыны қараңғы үйге салып тастады деп хабар сал. Сонда саған Қанікей, Тінікей деген екі қарындасын сүйіншіге берер,—дейді,— өйткені ол Алшағыр қыз Құртқаға ғашық еді,—дейді.

Мұны есіткен соң Быршымбай көк ала атқа мініп, күн-түн қатып жүріп, Алшағырдың еліне барып, Қобыланды менен Қараманды осылай еткенді құлағына салып, екі қызды сүйіншіге алып, Быршымбай сонда қалыңдық ойнап жата берді. Бір күндері болғанда Қарлыға ойлайды: «Әкем екі мүсәпірді алып келіп, абақтыға салып қойып еді, соған барайыншы,»—деп келіп абақтының есігін ашып қалғанда қараңғы үй жарқ етіп қалды. Екі батыр шошып кетіп, бұл немене деп қараса, қыз Қарлығаның сәулесі екен. Сонда Қарлыға сөйлейді.

Қарлыға келіп сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Әй, қос батыр, қос батыр,
Сенің өзің ермісің,
Бекер жатар сермісің.
Қолың шешіп қашырсам,
Еліңе барып мақтанып,
Қарлыға қыз қашырмай,
Өзім бір кеттім дермісің.
Қараман сонда сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Менің өзім нашармын,
Кілттің аузын ашармын.
Шеш қолымды, Қарлыға,
Рұқсат берсең қашармын.
Сонда Қобылекең сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Әй, қаш залым қасымнан,
Бір сағат болмай ұшты деп,
Дәулет құсы басымнан.
Тіліне дұшпан көнбедім,
Әуелден-ақ жасымнан.
Азар берме бұл шақта,
Көбікті қызы Қарлыға,
Өшті болған әкеңнен,
Өшімді алмай кетпеймін.
Кекті болған әкеңнен,
Кегімді алмай кетпеймін.
Қыс қыстауым—Көзгелі,
Жаз жайлауым—Қараспан,
Бұрынғы жолдан адаспан.
Алты жаста ат мініп,
Он үш жасқа келгенде
Аман қалған жоқ еді
Қызылбас тиіп жанасқан.
Таңбам—әліп, қыпшақпын,
Мұсылманға дін ашқан.
Ел аралап жүргенде
Таулар күйіп, тас жанды,
Алты жаста зарпыма.
Асықпасаң, Қарлыға,
Бір мінерсің Бурылдың
Жайдақ сауыр артына.
Әуелі Алла ағындым,
Ата-анамды сағындым.
Жауға менім түскенім,
Ішім толды пұшманға.
Ықылас атты Шашты Әзиз,
Танымай сізді жаңылып,
Болар ма пенде дұшпанға.
Сонда Қобылан сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Қараман, кетсең, аман бол,
Қайтасың ба елдерге?
Елге барсаң, сәлем де
Азулы деген көлдерге.
Көп-көп сәлем дегейсің
Ел ішінде серлерге,
Замандас, құрбы, теңдерге.
Бізді дұшпан алды деп,
Аяққа кісен салды деп,
Үлкен аға, кіші іні,
Көз салмасын біздерге.
Қараспан деген белдерім,
Азулы деген көлдерім,
Ел ішінде бар еді
Замандас, құрбы, теңдерім.
Атадан тақ мен байғұс
Жазым болып көз жұмсам,
Кім сұрайды кемдерін.
Алты жаста аттанып,
Қызылбастың жұртынан.
Бұлаңдаған Құртқаны
Ғибратпен сүйген күндерім.
Інім жауда қалды деп,
Не қылайын жанды деп,
Алдымнан шығар ағам жоқ,
Алладан басқа панам жоқ,
Тәңірі қылды шарам жоқ.
Ағам жауда қалды деп,
Артымнан жоқтар інім жоқ.
Амалым жоқ құдірет
Жалғыздықтан мінім жоқ.
Қазақ көппін дегенде,
Мен де көппін дейтұғын
Тартынбай айтар тілім жоқ.
Қарағай садақ, қырық кез оқ,
Балдағы алтын белге тоқ,
Басымнан өтер дүние боқ,
Табаныма тиді шоқ.
Жау қолында жатырмын,
Жазым болып көз жұмсам,
Сүйегім ұстар теңім жоқ.
Қайратыммен халық болған,
Қыпшақ елім жоқ.
Арқанменен арыған,
Ауыздығыменен тараған,
Жаныма серік Бурыл ат.
Қай қызылбас от берсін,
Қай қызылбас су берсін.
Тоқсанға келген Тоқтарбай,
Үзілген шығар қияғы.
Алпысқа келген Аналық
Тасқа тиіп кетіліп,
Сынған шығар тұяғы.
Қарындасым Қарлыға,
Алған жарым қыз Құртқа,
Арыстаны мен едім,
Сөнген шығар шырағы.

Тағы оқыңыз