Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан (11-бөлім)

Бозұғлан · Әбдімұрат нұсқасы · 2 мин оқу

—Ар ма, бала, ар ма,—деп,
Қасыңда адам бар ма?—деп,
Атының басын бұрады,
Әңгіме дүкен құрады.
Қылаң етіп қылт етіп,
Орманнан қашқан түлкідей,
Сылаң етіп сылт етіп,
Саулы інгендей ыңқылдап,
Күшігендей сыңқылдап.
Бозұғландай баланың
Қасына жетті былқылдап:
—Екі қозы, бір саулық,
Баһар айда қырқарым,
Аман-есен барсың ба,
Жұрт егесі сұңқарым?
Сен көрінсең көзіме,
Сүйреңдейді тіл мен жақ.
Екеумізді қосқай да
Бір жаратқан Жаббар Ақ.
Өлгенімше сендікпін,
Көңіліме салма дақ.
Бұрынғы өткен жандардың
Үлгісі ғой, жан қосақ.
Айналайын Бозұғлан,
Бар айыпты мойындап,
Шығып келем алдыңнан.
Дидарлы күн жеткені,
Қосыла қойсақ екеуміз,
Рахым Алла еткені.
Мен де өзіңдей ер едім,
Есепті ердің бірі едім.
Сұлтаным қашан қайтар деп,
Жолыңа қарап жүр едім.
Артсам, жүкті көтерер
Қабақ өркеш қара нар.
Сені ойлап, сұлтаным,
Маржан көзім шыланар.
Сұлтаныма қосылып,
Көңлім қашан жұбанар.
Жұрт иесі сұңқарым,
Не қылсаң да өзің біл.
Көңліңізге келді ме,
Ызалы жүрек, долы қол?
Долы қолға жолдас қой
Улы жүрек, ащы тіл.
Кешіре көр, жарқыным,
Әзәзіл шайтан азғырып,
Істеген менің күнәйім.
Батқан күнмен батайын,
Атқан таңмен атайын.
Әуелі бастан мен едім,
Қосылатұғын жұбайың.
«Сұлтаным қашан келер» деп
Жеп жүр едім уайым.
Екеумізді қосқай да,
Бір Жаратқан Құдайым.
Бозұғлан сонда сөйледі:
—Айбарша, сені алмаймын,
Сөзіңе құлақ салмаймын.
Иесі дейді Жаратқан
Он сегіз мың ғаламның.
Кіріп едім ордаңа,
Көз қырыңды салдың ба,
Адам деп қарсы алдың ба?
Көп кеуіштің ішінен
Алтын кеуіш алғаным,
Кейін қарап қашқаным.
Асыл туса Айбарша
Болатын болса жан-жарым,
Ақылымен білер деп,
Қызыл шеңгелге салғаным.
Екі белгі жасадым,
Сонда Айбарша білдің бе,
Ақылыңмен сездің бе?!
Сұрадың тағы, ойсыз қыз,
Берсе де хабар Шашты Әзиз
Алтын кеуіш ардақты,
Патша қызы салмақты.
Ақылың жоқ жап-жақсы,
Ақылсызға қостар боп
Ала-алмаспын тамұқты.
Кездескенде сенімен
Мен бір жүрген бишара.
Маңдайға тиді кеуішің,
Қыз ұрған соң, не шара?
Қайта келіп мазақтап,
Айбарша, мені қорлама.
Бозұғландай балаңыз,
Мәрт болсаң, сондай бол—
Осыны айтып болған соң,
Ай секілді сұлуға
Қарамай кетіп барады.

Әне, Бозұғлан сол кетістен кетіп, Қосақты көлдің бойына түсіп, шатырды құрып, Боз тұлпарға, өзіне дем берейін деп, жатып дем алуға кіреді.

Батыр қарамаған соң, Айбарша әкесіне келді, келіп Бозұғлан баланың нар күшіне толып, пірлерінен болат тұяқ Боз тұлпарға ие болғанын хабарлап, Қосақты көлге барып дем алып жатқанын айтты. Ханға қарсы ұрысқа шығарда батырлардың дем алатынын ақылды Айбарша әкесіне ескертті. Байбақты менен Үрімге Айбарша қыз:

—Еліңе қорған, жауыңа дұшпан болар батыр ол. Егер ұрысқан жағдайда ұлыңды ұрым, қызыңды қияға жібере алады. Оған шамасы жетер батырың жоқ. Оған мені тарту ет, елім үшін мен құрбан, қан төгілмесін,—деп Айбарша тіл қатты, бірақ Бозұғланға ашық екенін атасынан ұялып айтпады.

Тағы оқыңыз