Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан (12-бөлім)

Бозұғлан · Әбдімұрат нұсқасы · 3 мин оқу

Сонда Байбақты:

—Жоқ, қызым, Бозұғланға енші бермейік, бағынайық, сенің Құдай қосқан Қарадәудей күйеу жұртың бар,—деді.

—Менің әкем Қарадәуге өз келісімі бойынша берген емес, қорыққанынан берген. Әуелгі тырнағын батырған дұшпанға әйел бола алмаймын,—деп қатты айтты.

Әке де ыңғай бермеді, Бозұғландай батырға тоғыз адамнан елші құрап Қосақты көлдің бойында жатқан Бозұғланға жіберді.

—Елге жау боп тимесін, халық қарғысы басына келмесін,— деп елшілер Үрім ханның сөзін жеткереді.

—Қарғыс алмасын депті, қарғыстан қорықса халқымды шулатып, табанында таптап, кәрі, жасты жылатып, әкем Жаманкені өлім ошағының мойнына түсер жеріне апарып салған ханыңмен келісер жайым жоқ, ұрысар жерін айтсын,—деп, келген елшілерді саз балшыққа тығып, ішіндегі Жылтыңбай деген қалмақты «көрген-білгеніңді айтып бар» деп қайтарып жіберді.

Бұл хабарды есіткен Үрім хан, Байбақты Айбаршаның тілін лажсыз алуға, қыз айтқанына көнуге тиісті болды.

Хан Айбарша аруды Бозұғланға тарту етуді естіген Қарадәудің жездесі Қалқаман батыр, ханға қатты кейіп, батырлықпен қорқытып, ізіне әскер жинатып алып, «Бозұғландай баланы өлтіріп, жанын жаһаннамға кетіріп жіберем ғой» деп ойлап, көп әскерді Үрім ханға жинатты. Көп аламанға бас болып Қалқаман Бозұғланға аттанды, хан да, Байбақты да, Айбарша да көптен қала алмай көп әскерменен бірге олар да жол тартты.

Ендігі сөзді Бозұғланнан есітің. Ол жақсылап демін алып, кәмбіл пірлерін есіне сақтап жатып, азанда ерте тұрып Үрім ханға тиейін. Атының ер-тұрманын жөнге салып, атына мініп Үрім ханның елінің қай шамада екенін біліп алайын деп тау басына шығады.

Тау басына шығады,
Көз жіберіп қарады.
Көз жіберіп қараса,
Баланың көзі шалады.
Күн астынан шаң шықты,
Шаң астынан ту шықты.
Қарағай найза қолында,
Дулығасы басында,
Ақмоншақ аты астында,
Қарамай дәудің баласы—
Қалқаман ойнап бұл шықты.
Ат ойнатып алыстап,
Жауды тілем таныстап,
Қабағына қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып,
Бозұғландай балаға
Келіп сөйлей береді:
—Өзің құрттай баласың,
Оттай қаулап жанасың.
Ұрысатын адамдай,
Қасқайып қарап тұрасың.
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі.
Сақалымның ағы бар,
Ағалығым тағы бар,
Кезегімді бер,—деді.
Бозұғлан да ер еді,
Есепті ердің бірі еді.
Жиылып келген қалмаққа
Кезекті соған береді.
Қалқаман кезек алған соң
Қорамсаққа қол салды,
Қол салғанда мол салды.
Сұр жебе деген оқ алды,
Суырып алған сол жебе
Көп оғына жол салды.
Ақбас ердің балы деп,
Аш бүйірдің түсі деп,
Толғап тартып қалады.
Асылы айуан жануар,
Болат тұяқ Боз тұлпар
Оққа көзін салып тұр.
Оқ тиер де, өтер деп,
Жалғызыма жетер деп,
Көкке ұшып кетеді.
«Ер кезегі екі деп,
Екінші кезек, бекі»,—деп,
Және байлап және атты.
«Жоғары көзден салдым,—деп,
Ақ бас ердің басы,—деп,
Өлер жерің осы,—деп,
Толғап тартып қалады.
Болат тұяқ Боз тұлпар
Оққа көзін салып тұр,
Оқ тиер деп налып тұр.
Оқ кірістен өтер,—деп,
Бозұғланға жетер,—деп,
Лаппа жатып қалады.
Антында тұрмас Қалқаман:
—Ер кезегі үш,—деді,
Үштен соңғы күш,—деді.
Үш оғым да тимесе,
Болармын жаман пұш,—деді.
Төмен көзден салдым,—деп
Және байлап және атты,
Ақбас ердің қасы,—деп,
Өлер тұсы осы,—деп.
Болат тұяқ Боз тұлпар
Бұлтарып кетіп жалт етті.
Болат тұяқ боз тұлпар
Құйрығын құстай тарады,
Желкесінен қарады.
Үш атқан оғын тигізбей,
Кеулі өсіп жануар,
Бозұғландай баланы
Алып қашып барады.
Тигізбей оғын кеткен соң
Қалқаман тұрып жылады:
—Атаңа нәлет Боз тұлпар,
Бұлтарып кетті бұлт етті,
Қисайып кетіп қылт етті.
Үш атқан оғым тигізбей,
Құдай бізді шұнтитты.
Осыны айтып болғанда
Бозұғлан жетіп келеді,
Келе сөйлей береді:
—Жоғың мұнан табылсын,
Қашаннан жүрген қандарым,
Басыңа қылыш шабылсын.
Сендей ақымақ қалмаққа
Оқ шығын қылып нетейін.
Әкемнің берген қамшысы
Мойныңа орай салынсын.
Осыны айтып Бозұғлан
Қамшыны қолға алады,
Қасына жетіп барады.
Көк желкенің тұсы деп,
Өлетін жері осы деп,
Толғап ұрып қалады.
Бір ұрғанға шыдамай,
Қалқаман кетті көз жұмып,
Аударылып аттан құлады-ай.
Батыр туған Бозұғлан
Қарқыратып шалды да:
—Халқымның қанын ішіп ең,—
Қанына тойып алады-ай.
Басын кесіп алады,
Қолы қоржынға салады.
«Кектің алды қайтты»,—деп,
Батыр ішті сипады-ай.

Тағы оқыңыз