Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бозұғлан (16-бөлім)

Бозұғлан · Әбдімұрат нұсқасы · 3 мин оқу

Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып.
Екеуі де ер еді,
Белгілі ердің бірі еді,
Жеті күнге дейін алысты.
Жығыса алмай жүргенде,
Тоғыз күнге жеткенде,
Сарыдәу күші асады.
Бозұғландай баланы
Тақымына басады.
Қыз қасында жатқанда,
Көңлі тасып дариядай
Қызыққа әбден батқанда,
Мамық төсек үстінде
Қарашаштың қызығын
Көріп батыр жатқанда,
Ұмытқан батыр пірлерін.
Ұмытып батыр пірлерін,
Салмағы содан кемиді,
Қайраты содан жасыды.
Тоғыз күнге жеткенде,
Сол күнге батыр жеткенше
Ықыласты ата Шашты Әзиз
Бозұғландай баланың
Қасына келіп жетпеді,
Жетіп көмек етпеді.
Мәкіру болған балаға
Кеткен теке шалаға
Жолай да алмай атасы,
Төңіректеп жүр еді.
Тақымға түскен жас бала,
Дұшпанына қас бала
Пірлеріне сиынып,
Жылап та жатқан кезі екен:
—Әуелі, Алла анайым,
Бір Жаратқан Құдайым!
Тақымда кетіп барамын,
Атыңды айтып шақырсам,
Келер ме екен қасыма!
Кеткен бәден қатені
Кішілік жасап кешіріп,
Рахымы түсер ме,
Сорғалап аққан жасыма.
Мен сықылды жалғыздың
Неше күннен ел көрмей,
Қызық дәурен бір сүрмей,
Істеген менің ісімді
Кешірсін Алла, кешіргей.
Алдымда менің ағам жоқ,
Бауырды іздеп келерге.
Туысқан-іні менде жоқ,
Паналарға панам жоқ,
Бір жаратқан Құдайым,
Осыдан өліп мен кетсем,
Жаратқан, сізге аманат,
Ағайын-туған, азамат.
Әр қашанда шыбын жан
Бір өзіңе аманат.
Тілектес болып көк пен жер,
Тақымда кеткен жалғыздың
Амандығын тілеп тұр.
Және де сәлем дегейсің,
Ақ сүт берген анама.
Осыдан өліп мен кетсем,
Тапсырдым сені Аллаға,
Ақ сүт берген анам-ай,
Маңдайдағы қабам-ай.
Тақымда кетіп баратыр
Мен секілді балаң-ай.
Жығылғанға ұқсатпа
Асқарда биік мұнар-ай,
Жауда халқы жалғыздың.
Ата менен анам-ай,
Жауға кеткен жалғызды
Өлді деп күдер үзе бер,
Қайғы суын іше бер.
Қайғыменен қарайып,
Санаменен сарғайып,
Қара киім кие бер.
Ақ сүт берген анашым,
Осыдан өліп мен кетсем,
Ат бас қара қайғының
Ал басыңа төнгені.
Мен едім жалғыз шырағың,
Тақымда кетіп баратыр
Бозұғлан атты лағың.

Әне, халайық, Бозұғландай баланың жылаған көз жасыменен тұла бойдағы барлық бедені жуылып, пәк болды.

Ғайып ерен қырық шілтен
Бозұғландай баланың
Ақ қарабас қу болып,
Тақымына қонады.
Бір мезгілдер болғанда,
Салмақ еніп кем-кемнен,
Сарыдәудей батырдың
Тақымынан түсіп қалады,
Бойын тіктеп алады.
Еріп жүрген тұлпары,
Пірлеріне сиынып
Бозұғлан мініп алады.
Сарыдәуді ай-шайға
Бара ұстап алады.
Басынан үш айналдырып,
Қара жерге ұрады,
Табанына салады.
Басын кесіп алғансын
Қоржынға тастап жіберіп,
Қарахандай қалмаққа
Сапар шегіп барады.
Бозұғландай батырдың
Айналды ісі оңайға.
Сиынып батыр барады
Бір Жаратқан Құдайға.
Қарсыласқан қалмақты
Қырып кетіп баратыр.
Қарсыласқан батырды
Сайып кетіп баратыр.
Жетпіс атты бір жерге,
Сексен атты бір жерге,
Шылбырларын қосақтап,
Түйіп кетіп баратыр.
Үсті-басы қан болып,
Көрген жанға таң болып,
Астындағы боз тұлпар
Шабысына қарасаң,
Аспанда аққан жұлдыздай.
Ұра бер деп Бозұғлан,
Тізгінді бұрып тұрғызбай.
Пірден болып себебі,
Кідіртіп атты тұрғызбай.
Ай қауысты, қауысты,
Жібермей қолдан намысты,
Қараханның қолымен
Он күн жатып соғысты.
Қарасыласқанның бәрін де
Бірін қоймай тауысты.
Пірінен болып себебі
Топтап айдап қалмақты
Бағындырып алады.
Қараханды тайдырып,
Байбақтыны қан қойды.
Отыз күн ұдай той қылып,
Қырық күн ұдай ойын қып,
Ишан молда жидырып,
Ақ некесін қидырып,
Қарашаштай аруды
Бозұғлан бала алады.
Сарыдәудей батырдың
Гүлсін атты гүл қызын
«Бәріңнің тегің бір ғой» деп,
Байбақтыға береді.
Байбақтыға бергенсін
Айбаршаның еліне
Қырық түйе алтын арттырып,
Үстіне кілем жаптырып,
Сырнай-керней тарттырып,
Жібектей болып есілтіп,
Жолға түсіп жосылтып,
Батыр туған Бозұғлан
Өз еліне қайтады.
Бенде боп кеткен бұрынғы
Ноғайлықты тойдырып,
Барлық малын алдырып,
Үдере көшіп келеді.

Тағы оқыңыз