Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Түркімен Қасымхан (2-бөлім)

Көрұғлы · Қалижан Өтешұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Жалқы туған неме еді,
Ақыл, қайрат көп еді.
Ат үстіне мінгенсін
Қызылбастың қалың жау
Қытай, қалмақ арасы,
Аттың басын теңеді.
Атса, мылтық өтпеді,
Шапса, қылыш кеспеді,
Қарғаса, қарғыс жетпеді.

Самарқанның сары балын сапырған,
Бұхараны бүлдіріп
Арыстандай ақырған.
«Сейілхан!» деп шақырған,
Ерегіскен жауларын
Қоғадай қырып жапырған.

Алысса, жауға болмаған,
Қырық мың әскер кез келсе,
Бір кісідей көрініп,
Оған көңілі толмаған.
Қалмады жері бармаған,
Қалмады жауы алмаған.
Дүниенің төрт бұрышын
Тұлпарменен шарлаған.
Қасымхан атқа мінгенсін
Сегіз арыс Сейілхан
Алынбай ары қалмаған.
Опасыз сұм дүния-ай,
Біздер кімнің еркесі,
Соларды да жалмаған?!

Қара теңіз бойында,
Самарқанның ойында,
Қызылбас деген халықтың
Жүз елу мың үйі бар.
Қызылбас жолы қиын жол,
Жолының қатты күйі бар.
Он екі қабат қорғанды
Арал деген қала бар.
Таспен атса, бұзылмас
Тақия тас қамал бар.
Сол қызылбас халқына
Жанәділ сұлтан хан болған,
Жалғыз өркеш нар болған.
Бір өзінің қайраты
Қырық мыңға пар болған.
Сол қызылбастың Жанәділ
Қашаннан халқын алдырмай,
Жеріне салғырт салдырмай,
Қасымға қатты ар болған.

Сонда Қасым ойлаған,
Ойласа, ойға тоймаған.
Сұлы менен сөк беріп,
Тұлпар атын сайлаған.
Алмайын деген батыр жоқ,
Арал деген қаланың
Он екі қабат қорғаны,
Тақияның тас қамалы,
Әскердің жолын байлаған.

Арыстан туған ер Қасым:
—Қызылбастың еліне,
Қара теңіз жеріне
Барайын деп ойлады.
Тақияның тас қамал
Алайын деп ойлады.
Жанәділді алмасам,
Еліне ойран салмасам,
Өлсем өліп сол жолда
Қалайын деп ойлады.
Не болса да соғысып
Қарайын деп ойлады.
Жеңілсе де, жеңсе де,
Тәуекел белін байлады.

Сегіз арыс түрікпен,
Тиген жауы үріккен,
Бәріне хабар салады.
Еңіреген ерлерін,
Бәйгеден озған керлерін,
Бәрін де жиып алады:
—Қызылбасқа барам,—деп,
Қалай барсам алам?—деп,
Халық билеген ханына,
Ақыл иесі қартына
Ақыл-айла салады.

Сонда Қасым сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Түрікпендей халқым-ай,
Жасың үлкен қартым-ай,
Аттануға ойлады-ай,
Жанәділге баруға,
Еліне ойран салуға
Қасым сынды ерің-ай.
Мен-мен едім, мен едім,
Еңіреген ер едім.
Арғы атамнан белді едім,
Жеті атамнан дүмді едім.
Ат жалын тартып мінгенсін
Қазаққа теңдік бермедім.
Қырық мың әскер кез келсе,
Бір кісідей көрмедім.
Он бесіме келгенсін,
Құдайым дәурен бергенсін,
Алтын балдақ, ақ семсер
Талай жауға сермедім.
Талай жауды шапқанда,
Жауға қол оқ тартқанда,
Кемеліме келмедім.
Әттең, ақыл білмедім,
Қызылбастың Жанәділ
Бір соғысып көрмедім.
Сейілхандай ұлтыма,
Түрікпендей жұртыма
Жерін алып бермедім.
Тақияның тас қамал,
Тас қамалын қиратып,
Елін алып бермедім.
Өзім Қасым болған соң,
Хабарын жаудың есітіп,
Бармай қалар ер ме едім?!

Түрікпеннің Хасанхан,
Ер Қасымның бабасы,
Хасандайын ханының
Қасым жалғыз баласы.
Хан Хасанның көзінің
Ағы менен қарасы,
Бағырының парасы.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз