Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Нәрік (1-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 3 мин оқу

Нәрік деген Қазан шәрінің ханы еді. Жасы сексенге толды, өзі егде болды. Сонда қасында қырық биі бар еді. Бір күндері Нәрік қырық биін шақырып, «Мен бір әйел алайын деп едім» деп кеңес құрады. Нәріктің сол кезде бес қатыны бар еді. Алды жиырма бесте, арты он бесте еді. Қырық бидің ішінде ең үлкені Әліби деген еді. Бір заманда сол Әліби келгенде жолдастары айтты:

—Нәрік ханымыз «Әйел аламын» деп, соны бізден сұрайды. Біз «Білмейміз, Әлекем білмесе» деп қойдық,—деді қырық биі.

Сонда Әліби сөйлей бастады:

—Халық ұстаған ханымыз, бес әйеліңіз бар еді. Кәрі емес, бесеуі де жас еді. Алды жиырма бесте, арты он бесте. Сіздің жасыңыз да жетіп еді. Құдай берсе, қиын емес қой,—деді.

Сонда Нәрік айтты:

—Ертең сәске болғанда бәрің де жиналып келіңдер, көршіқолаңдарыңызды ала келіңдер, егер келмей қалғаның болса, басың өлімге, малың қазынаға салынады. Ертең сәске болғанда қырқы да келеді. Сонда Әлібидің ақылы: «Сен қартайдың, қатындарың бәрі жас. Енді қатын алып, не қыласың? Қайратың жоқ» деген сөзі болды. Қырық биі келгесін, Нәрік бәрі бірге Ноғайға аттанып жүреді. Ел ішіне келгесін, Нәрік үй тіккізіп отырады. Әліби жиырма қызды жинап келеді. Әліби келіп Нәрікке айтады:

—Тақсыр, жиырма қыз жиналып келіп тұр. Осыдан таңдап алыңыз,—деді. Нәрік үйден шықса, жиырма қызға көзі түспей, ең шетте тұрған бір қызды көрді. Оның үстіндегі киімі жыртық еді. Сонда Нәрік хан сұрады:

—Анау шетте тұрған не қылған бала?—деп.

Сонда Әліби:

—Бұл бір жарлының қызы, «Қал» десеқалмай, артымыздан еріп келгені. Ол қыз ешкімге керегі жоқ,—деді.

Нәрік сонда Әлібиді шақырады. Келген кезде: «Білегіңді сыбанып, алақаныңды жай»,—деп, жанына қолын салып, бір шеңгел алтын алып Әлібиге берді.

—Осы білегіңді түсірмей, мына алтынды анау тұрған балаға апарып бер,—деді.

Сонда Әліби сол алтынды қызға апарып береді. Қыз Әлібиге қарамастан, қырын қараумен алтынды алып қалады. Және Нәрік хан:

—Қыздың жасын біле кел,—дейді.

Сонда Әліби:—Жасы он үште екен,—деді.

Сонда Нәрік:

—Жиналған балаларға рақмет, кете берсін. Елге барғасын «өзім алам» деген балаға қағаз жібереміз,—деді.

Қыздар қайтып жүре берді. Сонда шетте тұрған қыз да қайта береді. Нәрік үйге кіріп бара жатып:

—Бұл қыз он үште, мен сексенде,—деп жүре береді. Сонда Нәріктің қасындағы қырық биі ойлайды: «Қолынан қазына беріп, жасына шейін біліп жатыр, сірә, осы қызды Нәрік хан алады ғой» деп. Сонда бұлар жүріп, көп тоғайдың ішіне келіп түсті. Ол жерге тағы да үй тігілді. Нәрік:—Тағы да қыздар жинап әкел,—деп Әлібиге бұйрық етіп, Әліби Ноғайдың қызын тағы жинап әкелді.

Ноғайлы қызын бермеге,
Нәрік ханды көрмеге.
Сонда Әліби сөйледі:
—Бір бөлек қыз келіп тұр.

Сонда Нәрік үйден шығып, қыздарды жағалап жүріп біреуін де ұнатпағасын, қайтадан үйге кіріп бара жатып, Әлібиге айтты:

—Қыздарың ұмытпай, аттарын жазсын. Әлдекім ұнаса барғасын, өзім хабар жазып жіберемін,—деді.

Сол тоғайға келіп түскесін, билерінің бәрі аттарынан түсіп, демалып ұйықтап жатып қалады. Нәрік хан сары қызыл тұлпарын жетелеп оттатып жүрді жатпай. Сонда Нәрік тұлпарын оттатып жүргенде, қой бағып жүрген бір қойшы келіп Нәрікке сөйлей береді:

Қырымның қырық батыры

Барлығы: 153 жыр

Тағы оқыңыз