Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Нәрік (10-бөлім)

Қырымның қырық батыры · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

—Нәрік «хан ордасы—анау, сонда барып түс»,—деді.

Намазшам болғанда, Нәрік үйге келіп, Шораны шақырып:— Сен Құлыншақтан ат сұрап па едің?—деді. Сонда Шора сөйлей бастады:

—Бес сарықты қайыр,—деп,
Бұйрық еткен шағыңда
Кетіп едім мен,—деді,
Қайыруға сарықты.
Ар жағыныда мен көрдім
Келе жатқан көп қара.
Жақындап барсам қараға,
Тағы шықты бір қара.
Ол қараны қарасам,
Құлыншақ деген ер екен:
—Менен сауға ал,—деді,—
Оны әкеңе апарып,
Мақтанып алып бар,—деді.

—Алмаймын сауға мен,—дедім,
Астыңа мінген керіңді
Берсең, алам мен,—дедім.
—Кер атымды бермеймін,
Дөнен жасар бар еді,
Дөненге жас толғанда,
Тірі болса, бұл бағып,
Қатыным дөнен қылған-ды.
Биліксіз сізден «сауға» деп,
Ат сұрадым мен,—деді.

Сонда Нәрік хан Шораға:—Мынау атқа мін,—деді. Сонда Шор керге мініп алып, «Шүу» деді. Сегіз қанат ордадан тоқтамай асып жүре берді. Нәрік атты байлап қойып, үйге кіріп, құлды үйге апарып сыйлады. Ертеңіне сандықтан алдырып бір алтын тонды берді: «Осыны Құлыншаққа бер»—деп.—Тірі болса, Құлыншақ қияметтік досы болсын,—деді.

Шора өсіп, жасы алтыға келді. Нәріктен Шораның туғандығы тоқсан баулы Ноғайға білінді. Сонда Қара Ноғайдың елінен Шораға қалың берді. Шоражасы алтыға толғанда да ешкі бағып жүретін еді. Сонда Шораға ағасы Телшора сөйлей бастады:

—Туғаныңнан тумай кет,
Мұнан да жақсы өлгенің,
Өлім болсын көргенің.
Мен бағамын ешкіні
Асылым құл болғасын,
Ешкі бақпақ—кәсіп-ті.
Нәріктен туған сен,—деді,
Лақ бағып жүргенше,
Енді, құрғыр, өл,—деді.
Атаң Нәрік кеткенде,
Қазанда еді қаласы,
Қазаннан мұны қаңғыртқан
Ноғайлының баласы.
Атаға тартып, кәнеки,
Шора құрғыр, туғаның
«Аға» деп біз секілді құлдардың
Қасына келіп тұрғаның.

Сонда ер Шора құлға қарамады, үйге қайтып жүре берді. Шешесі Меңдінің қазанға тамақ салатын пышағы бар еді. Соны ұрлап алады. Сонда қырық лақты айдап бір сайдың тұйығына барады да, қырық лақты солайымен бауыздап тастап, ер Шора үйіне қайтып барды. Манағы тұрған Телшора қырылған лақты тасып арқалап, үсті қанға былғанып, қырық лақты тасып, кешке бір-ақ жетеді. Кеш болғанда сауып еді, ешкі біткеннің бәрі шулайды: «Лағым менің қайда?» деп. Ертеңгі кеште тағы сауып еді, сонда:

Ешкі тұрды қайқайып,
Мүйіздері шалқайып.

Кешегідей болмады, қозғалмай тұра берді, біреуі маңырамады. Келесі күн тағы сауғанда, сауылғаны отты шыр айналып, бұл үйден далаға кетпей, тоқтады.

Төртінші күн болғанда,
Күннің көзі батқанда,
Әкесі Нәрік ханыңыз—
Бұл да ұйықтап жатқанда,

Міне, әуелгі күн ғана жылайды екен «Жалғыз балам қайда кетті» деп. Екінші күн болғанда, жыламайды екен, тек «Құдай, өзіңе тапсырдым» деп, отыра береді екен. Үшінші күн тек тамағын ішіп-жеп отыра береді екен «Не қылса да, өзің білесің» деп, Аллаға тапсырып, төртінші күн болғанда Ер Шораның ойлаған ақылы осы екен.

Сосын Шора Нәрік ханның ақ сауытын алып, үстіне киеді, алмасын алып, беліне буады, сұр жебені алып ердің қасына іледі, ақ сүңгіні суырып алып, мұны тағы іледі, сосын тұлпарға мініп алып Ер Шора Қазанға жөнеледі.

Тағы оқыңыз